Ашық сабақ (эстафеталық ойындар)

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Еңбекші ауылы. № 159 орта мектеп.

Аймырза Құралай Басқынбайқызы. Дене шынықтыру пәні мұғалімі.

Тақырыбы: Жас ұлан, қалыспа!

Сабақтың мақсаты: ойын түрлерін, ерекшелігін меңгерту, дені сау болып өсуіне ықпал ету, салауатты өмір салтын ұстануға үйрету.

Сабақтың түрі: көңілді старт

Құрал жабдықтар: доп, арқан, скакалка, кегли, ысқырық.

Сынып: 3 «А», 3 «Ә», 3 «Б», 3 «В»

Мұғалімі: Аймырза Құралай Басқынбайқызы

Сабақтың мазмұны Уақыт,мөлшер Әдістемелік ескерту
Дайындық кезең
Оқушыларды сапқа тұрғызу Спорттық киимдеріне назар аудару
Рапорт қабылдау Дұрыс тапсыруын қадағалау
Оңға, солға бұрылу жаттығуларын орындау Бұрылыстарын дұрыс орындауын қадағалау
Қозғалмалы бой жазу жаттығулары Аяқ ұшымен, сыртымен жүруін қадағалау
Саптағы бой жазу жаттығулары Қатарға дұрыс тұруын ескерту
Негізгі кезең
«Көңілді старт» ойыны
1.Эстафеталық жарыс Ойын ережесін түсіндіру
Бірінші тұрған ойыншының қолында жалауша болады.Белгі берілгенде кедергілер арқылы бар екпінмен жүгіріп, қолындағы жалаушасын келесі ойыншыга беріп, өзі саптың соңына барып тұрады Ойын ережесін түсіндіру
2. «Кім жылдам» ойыны
Саптың алдында тұрған ойыншының қолында доп болады. Белгі берілгенде доп ұстаған екі ойыншы баскетбол ойынынфң тәсілімен тездете алып жүріп, жалаушаны айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына беріп, саптың соңына барып тұрады. Ойын ережесін қатаң түрде сақталуын ескерту.Жылдамтықты меңгеруді түсіндіру.
3. «Кенгуру»ойыны
Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып жалаушаны айналып келеді. Қай топ бірінші болып аяқтаса, сол топ жеңіске жетеді. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережесін түсіндіру
4. Қаппен секіру
Белгі берісімен саптың алдында тұрған ойыншы екі аяғын қапқа тез кигізіп, екі қолымен жоғары жағынан ұстап, ілгері қарай секіріп, жүріп, жалаушаны айналып келеді. Осы ретпен ойын қайталанады. Кім бірінші болып аяқтаса сол топ жеңіске жетеді. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережесін түсіндіру
5. Скакалкамен секіру
Бірінші тұрған оқушының қолында скакалка болады, белгі берілгенде тез секіріп, жалаушаны айналып, келесі оқушыға береді. Бірінші болып аяқтаған топ жеңіске жетеді. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережесін түсіндіру
6. «Дәл тигіз» ойыны
Ортаға кегли қойылады. Топ ойыншылары сол кеглиді дәлдеп доппен атады. Қай топ көп құлатса сол топ жеңіске жетеді. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережесін түсіндіру
7. «Қырықаяқ» ойыны
Белгі берілгенде бірінші тұрған ойыншы тез жүгіріп, белігін айналып келеді де өзінен кейінгі ойыншының қолынан ұстап бірге жүгіреді де, белгіні айналып келеді. Солай топпен барлық ойыншы қосылып, бірге жүгіретін болады. Жүгіруді ойын тіртібін бұзбаған, бірінші болып келген топ жеңіске жетеді. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережесін түсіндіру
8. «Кім бірінші»ойыны
Әр топтан ойыншы шығып баскетбол торына доптарын салу, допты торға түсірмей топқа келмеуі керек. Қай топ тез аяқтаса сол топ жеңіске жетеді. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережесін түсіндіру
9. «қаңбақ шар» ойыны
Әр топқа бір-бір шардан беріледі. Бірінші ойыншы шарды ракетамен ұрғылап, жалаушаны айналып келіп, келесі ойыншыға береді. Қай топ бірінші тез аяқтаса сол топ жеңіске жетеді. Ойын ережесін түсіндіру. Ойын ережесін түсіндіру
10. Арқан тартыс
Ойынға ұзындығы 8-10м екі ұшы түйілген арқан дайындалады. Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге сызылған белгі сызықтың дәл үстіне келтіреді. Екі топ ойыншылары белгіден бастап қос қолдап ұстап тұрады. Белгі бойынша екі жаққа тартады. .ойынның мақсаты екі топтың бір ойыншысын ортадағы сызықтан тартып шығару.Ортадағы сызықтан өтіп кеткен оқушының тобы жеңіледі. Ойын ережесімен өтуін қадағалау.
Қорытынды кезең
Оқушыларды бір сапқа келтіру, тыныс жолдарын қалпына келтіру. Түгел тыңдауын қадағалау
Топтарды марапаттау Толық сапқа тұруын қадағалау
Қоштасу Түгел қоштасуын қадағалау
Бір саппен спорт залдан шығару. Бір саппен шығуын қадағалау
Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.