Хайруллина Гүлмира Қабдығалиқызы

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы
«Ертегі» бөбекжайы МКҚК, I санатты тәрбиеші
Хайруллина Гүлмира Қабдығалиқызы

  • Тақырыбы: «Ауамен таныстыру.» Тәжірибелік іс-әрекет.
  • Тақырыбы: «Түрлі-түсті шарлар.»
  • Тақырыбы: «Елбасына алғысымыз шексіз.» Дөңгелек үстел.
  • Тақырыбы: «Әке ұлағаты.» дөңгелек үстел. Дөңгелек үстел.

Білім беру саласы: «Таным.»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жаратылыстану.
Тақырыбы: «Ауамен таныстыру.» тәжірибелік іс-әрекет.

Мақсаты: Балаларды алдын ала жүргізілген тәжірибелі жұмыс қорытындысымен таныстыру.Ауа жер бетіндегі барлық тірі жаратылыстың өмір сүруінің негізі екендігін түсіндіре отырып,зертханада жұмыс жүргізу арқылы ауаның барлық жерде бар екендігін көрсету.Ойын арқылы ауа қажет ететін жаратылыстарды таба білуге және атауға үйрету. Алдын ала жүргізілген жұмыс: Шыны ыдысқа/ суы бар және сусыз, ауасыз жабылған шыны ыдыс /гүл өскінділерін салу . Көрнекіліктер: Фото стенг «Ауамен нелер тыныстайды?», бос құтылар мен түтікшелер, суретті текшелер, үрілген шар мен кәрзеңке. Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, слайд көрсету және үрлеу әдісі. Бақылау,зерттеу,кубизм тәсілі Қолданылатын жаңа технологиялар: Теледидар — DVD диск –вентилятор *Мотивациялық қозғаушы: Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, алдымен келген қонақтармен амандастыру. *Шаттық шеңбері: Самал жел-бізді желдетші! Күн нұры –бізді жарқырат! Таза ауа- бізге дем берші! Мөлдір су-бізді салқындат! -Балалар ,алдымен біз жасалған тәжірибені теледидар арқылы көріп еске түсіріп,қорытындылайық. * Алдарына шыны ыдыстарды қойып не байқағандарын айтып түсіндіру. -Енді сол шыны ыдыстағы гүл өскінділерін қарайықшы.-Суы бар және аузы бекітілмеген шыны ыдыстағы гүл өскіндісі тамырлана бастаған. -су, ауа, жарық болса өсімдіктер өседі. -Суы жоқ және аузы бекітілген шыны ыдыстағы гүл өскіні қурап қалған. -Жабық әрі су болмаса олар өспейді–Ал құрғақ шыныдағы ойыншық гүлдеріміз аузы бекітулі тұрсада сол қалпы тұр екен. -Ал тірі емес ойыншық гүл ауаны қажет етпейді. Іздену ұйымдастыру: *Ғажайып сәт: Желдің дыбысы«Шар байланған сыйлық» есіктен кіргізу. Ұшып келген шарды тамашалайды –Балалар, қалай ойлайсыңдар шар бізге қалай келді? -Шар желмен ұшып келді. Оның іші немен толтырылған? Ауа толтырылған шар ұшады жоғары көтеріледі оны қалықтата ұстауға да болады екен. -Балалар, бізді қоршаған ортаның барлық жерінде ауа бар .Біз және тірі жаратылыстың бәрі осы ауамен демалады. Ауасыз өмір сүру мүмкін емес. Ауа болмаса тіршілік болмайды Ауаны қолмен ұстай алмаймыз ,ол көзге көрінбейді, оның иісі болмайды.Ол түсінікті болу үшін мына фото стенгке көңіл аударайық. * «Ауамен нелер тыныстайды?» ф/стенг -Барлық тірі жаратылыс атауларын атауды тапсыру. -жануарлар-құстар-адамдар-өсімдіктер-ағаштар-жәндіктер-шыбын-шіркейлер. Ауаны ластамай таза ұстау керектігі жайлы айтып түсіндіру. Ал егер бөлме ысып тыныс алу қиындаса біз желдеткіш арқылы ауа береміз. *Бақылау:«Желдеткіш арқылы ауаны анықта.» Желдеткішті қосып көрсету және қағазды қалай қозғайтынын көрсету. Желдеткіш желдетіп ауа береді де ол қағазды желбіретті. *Билингвальдық компонент: ауа-воздух-air *Сергіту сәті: Уа-уа-уа- таза ауа ! Ух-ух-ух- Свежый воздух! Эйа-эйа-эйа- ай эм ин фрещ эйа! *Ойын:Кубизм тәсілі «Қызықты текшелер.» Мақсаты : Текшені таңдайды және онда бейнеленген суреттердің ішінен ауаны қажет ететін жаратылыстың атауын атайды. *Зертханалық жұмыс: *Тыныс алу жаттығуы зертханада . Олай болса сендердің ауа туралы білімдеріңді зертханада зертейік, Шар мен бірге ұшып келген кәрзеңкеде не барын алып көрейік. Бос құтылар ішіне қалтқы үгінділері салынған және түтікшелер арқылы біз ауызбен үру арқылы құтыдағы қалытқыларды қозғап үрлеу арқылы тыныс алу жаттығуын жасайық.

Түтікшені үрлеу арқылы бос құтыдағы қалытқыны үрлеп қозғап ұшырады. Оқу әрекетін қорытындылау:-Біз немен демаламыз?-Барлық тірі жаратылыстар үшін не керек?-Қандай тірі жаратылыстарды білесіңдер?-Ауа орыс және ағылшын тілінде қалай айтылады?

Күтілетін нәтиже: Орындайды: Тірі жаратылыстарды ажыратып суреттен тауып көрсетеді. Түсінеді:Ауамен демалады ,ауасыз тіршілік болмайтынын Қолданады: Ауа болдыру үшін үрлеуді және түрлі қимыл қозғалыстарды.

Білім беру саласы: «Шығармашылық.» Ұйымдастырылғын оқу іс-әрекеті: « Сурет салу.»

Тақырыбы : «Түрлі-түсті шарлар.»

Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін тиянақтау.Тіл байлықтарын,ой өрісін грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге ,тапсырма орындау кезінде ұсақ қол маторикасын дамыту.Балалардың үштілділік қабілеттіліктерін және балаларды адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер мен қажетті материалдар:Пішіндер туралы слайдтар түрлі түсті шарлар дөңгелек және сопақша пішінді. Қапталған шарлар , желдің дыбысы Түсті гуаш пен қылқалам.Шар сұлбасы бейнеленген қатты ламиранттылған қағаз.Жапсырмалы шариктер және бәтенке макеттері мен түсті баулар,кқйлектер мен түймелер және май шаммен салынған сурет ақ қағаздар.

Билингвальдық компоненттер: Шарлар-шары- ballons Қызыл-красный- red, Көк-синий-blye, жасыыл-зеленный -qreen , сары-желтый-uellow , ақ-белый- white,қара-черный- black.

Шаттық шеңбері: Күлім қағып жанарым

Қолымды мен созайын.

Қарап тұрған досыма

Қолымды мен бұлғайын.

Маңдайыңнан сипайын

Қолыңды мен қысайын

Амандасып болған соң,

Құшақтасып алайын.

-Балалар алдымен келген қонақтармен амандасып алайық содан соң алдымызға қарап тыныш отырайық.

  • Қазір жылдың қай мезгілі?
  • Ауа райындағы өзгерістер мен ағаштардағы бақылаған өзгерістерді айтып беріңдерші.

Енді алдымыздағы слайдқа көңіл аударайық нелер бейнеленген?

  • Дұрыс айтасыздар бұлар геометриялық пішіндер олардың түстеріде әртүрлі екен. Дидактикалық ойын: «Көңілді пішіндер..»

Слайд бойынша пішіндерді атап шығады және түстерін үш тілде айтып береді.

Мынау үшбұрыш оның әдемі моншағы үшеу оның астына үш цифр таңбасын алып келіп қоямын.

  • Ал, балалар тағы көңііл аударыңдаршы осы пішіндердің ішінде қайсысы шарға ұқсайды ?
  • Әрине дөңгелек пен сопақша шарға ұқсайды екен .Олай болса біз бүгінгі оқу қызметінде осы шарлар мен танысамыз.

  • Ғажайып сәт: Желдің дыбысы естіліп топқа үлкен қапшық ұшып кіреді аузы байлаулы.

    -Бұл не ғажап бұл қайдан келді бұны кім алып келген біздің топқа сендер байқамадыңдар ма?

    -Бұны ұшырып алып келген мен желмін. Бұл қапшықтағы не екенін білгілерің келсе алдымен менің жұмбағымды шешіп беріңдер

    Ұшамын тауда қалықтап,

    Қолың жетсе алып бақ.

    Қызыл ,жасыл түсім бар,

    Соңымнан кәне ұшыңдар

    -Кім жұмбақтың жауабын біледі? Әрине бұл шарлар екен Олай болса үш тілде қайталап жіберейік. Жаймен қаптың аузын ашып шарларды әуеге бір-бірлеп түстерін айтып ұшырып жіберу немесе тақтаға жартысын іліп қою.

    -Балалар, шар –резенкеден жасалады.Шарды әдемі болу үшін түрлі түспен бояйды.. Шарлар үріледі, созылады және жарылады яғни , жыртылады.Шардың іші толған ауа.,суға салсаң батпайды.Себебі, шар жеңіл болады.Шарды қатты қыссаң қысыммен жарылады.Пішіні сопақша немесе дқңгелек болады.

    • Шарды не үшін пайдаланамыз деп ойлайсыздар? Өз ойларын айту.

    Олай болса балалар алдымызда мерекелер келе жатыр бізде өз бөлмемізді сәнділейік ол үшін көп шарлар қажет .Енді сол шарларды өзіміз салсақ көмектесесіңдер ме?

    Сергіту жаттығуы

    Оң қолымда қызыл шар.

    Сол қолымда көк шар

    Екеуін қосып ұстасам,

    Болар енді көп шар.

    Шарларды мен жармаймын

    Мерекеде қалықтап,

    Сән болуын қалаймын.

    Әр столда отырған балаларға әртүрлі тапсырмалар алдын ала дайындалып қойылады.

    1 стол тапсырмасы: ****** «Қылқаламды пайдаланып шарды бояп шық.» Мақсаты: қылққаламды ұқыпты ұстап бояуды тегіс бояуды үйрену шарлы бояп пішіні мен түсін анықтау.

    2 стол тапсырмасы: ****** « Саусақпен езіп жағу арқылы шар бейнесін келтіру.» Мақсаты:Дәстүрден тыс тәсілді пайдалануды үйрену ұүыптылыққа тәрбиелеу.

    3 стол тапсырмасы: ****** «Ғажайып суреттер.»Мақсаты: Май шаммен салыынған суретті бояп шығу не пайда болғанын айтып түсінліру.

    4 стол тапсырмасы:****** «Көйлектердің түймелерін қондыр.»Мақсаты: Бауды түймеге өткізу арқылы түймелерді қалап шығу.

    5 стол тапсырмасы:****** «Бәтенкенің бауларын байлап шық.» Мақсаты: Бауды қарама-қарсы өткізу және байлап көрсету.

    6 стол тапсырмасы: ****** «Жапсырмалы шариктерден шарлар құрастыру.»Түстерді ажырату және шар пішінін ұқсастырып құрастыруды орындау.

    ******Тыныс алу жаттығуы: Қолға шарды аламын,Қатты –қатты үрлеймін.

    Уф-уф-ффф Шар үлкейіп дәу болды

    Шыдай алмай жарылды — Пах ..

    Балалар жұмыстарын талдау қорытындыылау: — Біздің топқа не ұшып келді?

    -Ол қандай пішінді ,түстері ұандай болады? Шар неден жасалған ? Не үшін керек?

    ****** Ойын тапсырма «Менің бүгінгі көңіл күйім қандай?» Адам кқлгенде жымиғанда күнге ұқсайды, ал ашуланғанда бұлтқа ұқсайды. Сендер өз көңіл күйлеріңді мына жерге білдіресііңдер Сендерге бұгінгі оқу іс әрекеті қызықты болса күнді жапсырасыңдар, ал ұнамаса бұлтты жапсырасыңдар. Балалар қолдарындағы суреттерді бұлт пен күнді өз қалаулары бойынша жапсыырады.

    Күтілетін нәтиже:

    Біледі: Мерекеде шарларды қолданатыны туралы мәліметтермен танысады.

    Игереді: Есте сақтау қабілетін дамытады,шардың суретін салып бояуды,түрлі қол моторикасына арнаған тапсырмаларды орындауды.

    Меңгереді:Пішіндерді және түстерді ажыратады, дәстүрден тыс тәсілдерді пайдаланады.

    Дөңгелек үстел:

    Тақырыбы: «Елбасына алғысымыз шексіз.»

    Мақсаты: Елбасы Жарлығымен 1 наурыз-Алғыс айту күні болып жарияланды.Қатысушылырға « алғыс» сөзінің баламасын кеңірек түсіндіру.Дөңгелек үстел барысында бір –біріне деген алғыстарын білдіру. Қатысушылардың Елбасы туралы пікірлерін ортаға салып талқылап, өздерінің игі істері жөнінде Елбасына деген алғыстарын білу.Тәуелсіздігіміздің баянды бастаулары туралы түсінік алу.

    Дөңгелек үстелге қатысушылыр: «Ақ қоян»тобының ата-аналарымен балабақшаның пед ұжымы.

    Жүргізіуші:Құрметті қонақтар және ұстаздар бүгінгі «Елбасына алғысымыз шексіз» атты дөңгелек үстелге қош келдіңіздер.

    Тренинг: «Алғыс айту парызым.»

    Дөңгелек үстелге қатысушылар бір-біріне деген алғыстарын айтып, қолдарындағы лентаны жалғастырады.Соңындағы қатысушы: бүгінгі шараға қатысушылыр алдымызда пайда болған өз қолымызбен жасап шыққан лента шумақтары қандай мықты болса біздің де бір-бірімізге деген сенімімізбен айтқан алғысымыз берікте мықты болсын демекпіз.

    Алғы сөз: «Алғыс сөзі» баламасын түсінейік.Баяндама арқылы түсінік беруші «Аққоян »тобының тәрбиешісі Хайруллина Г.Қ.

    Келесі кезекті бүгінгі шараның өзекті тақырыбына көшіреміз.

    Жүргізуші : Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жыл сайын халыққы жолдау арнайды.Жолдау дегеніміз-Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға,азаматтардың әл-ауқатының өсуіне және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ және қысқа мезгілді бағдарламасы. Осы бағдарлама аясында елімізде атқарылып жатқан көңілге қонарлықтай ізгі істердің орындалап жатқанын көріп жүрміз.Осы істердің орындалуына немесе оны іске асыруда Елбасымыздың еренді еңбегі мен біріңғай көрегелдігі халқына деген сүйіспеншілікті арттырды.

    Дөңгелек үстелге жиналып отырған қонақтарға сұрақтар қойылып, олардың өз ойларын ортаға салуға және Елбасына деген алғыстары тыңдалды.

    Сұрақтар қойылды:

    «Ертегі»бөбекжайының әдіскері:Г.С. Тасжанқызына

    *-Елбасымыз өзінің жолдауларында мектепке дейінгі ұйымдарды көбейту және «Балапан бағдарламасы» аясында жұмыстануды қолға алған болатын сол жұмыстар жайында атқарылып жатқан өз бөбекжайымызда қандай ізгі істер бар немесе болашақта тағы қандай жоспарлар күтіп тұр сол жайында өз ойыңызды ортаға салсаңыз?

    Денсаулық сақтау саласында еңбек атқарып келе жатқан әрі «Ақ қоян»тобының ата-аналары атынан С.Г Мүтиғоллақызына сұрақ:

    *-Денсаулық саласында көп жылдардан бері еңбек атқарып келесіз,енді сол жылдар мен еліміздің Егемендік алған жылдар арасындағы айырмашылықтар бар ма, Елбасымыздың бағдарламасы сіздерде қалай орын алып жатыр сол жайындағы өз пікірінізді тыңдасақ.

    Бөбекжайдың жас маманы: А.Ж.Жанкелдіқызына сұрақ.

    *- «Жастар- болашағымыздың бастауы және кемеңгер патриоттар »деген Елбасымыздың сөзін қалай түсінесіз, осы бастаулардан алған бастамаңыз сізді қуанта алама?

    Бөбекжай психологы: Х.Г.Серікқызына сұрақ.

    *- «Диплом мен ауылға!» бағдарламасының сізге деген қандай жағымды жақтары болды, осы бағдарлама туралы жас маман ретінде сіздіңде көзқарасыңызды білсек.

    Ата-ана :К.А.Бақытқызына

    *- Елімізде немесе осы туған өлкемізде «Жол картасы 2020 бағдарламасы»аясында тыңдырылып жатқан игі істердің куәсі ретінде осы отырысты пайдаланып өз пікіріңіз бен Елбасына деген алғысыңызды тыңдасақ

    Дөңгелек үстелге қатысып отырған бөбекжайдың пед кадрлары Б.З Қуанғалиқызы және С.М. Шүкірғалиқызына да сауалнамалар беріліп жауап алынды.

    Жалпы , дөңгелек үстел барысында әр саланың мамандары өз ойларын ортаға салып Елбасына деген ризашылықтары мен алғыстарын жеткізе білді.

    Жүргізуші:-Құрметті қонақтар осы дөңгелек үстел өз мәресіне жетті дей отырып «Алғыс айту- парызым»аясында оздырылған отырысымыз аяқталды Елбасына деген сеніміміз бен айтқан алғысымыз шексіз болсын Тәуелсіздігіміздің көк туы желбіреген ашық аспан астында бейбітшілік пен баянды бақытымыз бен денсаулығымыз болсын деймін.

    Дөңгелек үстел:

    Тақырыбы: «Әке ұлағаты.» дөңгелек үстел.

    Мақсаты: «Әке –шаңырақтың негізгі тірегі» -демекші ,бала тәрбиесінің отбасынан бастау алатындығын түсіндіру.Баланың бас ұстазы ата-ана десек, соның ішінде қазіргі уақыттағы әкелердің тәрбиелік ролі туралы түсінік ұалыптастыру.Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру.

    Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналып отырған әкелер қауымы. Бүгін сіздер өз балаларың тәрбие алып отырған топқа қош келдіңіздер Алдымен бәріміз бір –бірімізбен жылулық шеңберіне түрып амандасып алайық.Ол үшін біздің ортамызға балаларды да шақырайық.Бәріміз бірге қайталап,қимылмен көрсетеміз.

    Жылулық шеңбері: Күндей жайнап жанарың, Қолымды мен созайын. Жанымдағы досыма , Қолымды мен бұлғайын. Маңдайыңнан сипайын Қолыңды мен қысайын Амандасып болған соң , Құшақтасып алайын.

    Сәләметсіздер ме? Құрметті әкелер мен әріптестер «Ана-сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың»дейді қазақта. Бір күн бар,жылатар күн ,жұбатар күн Бір күн бар,мұңайтар күн,қуантар күн . Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын «Әке» деген сезімді ұмытар кім.- дей отырып сіздерге арнаған «Әке ұлағаты» атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

    Бүгінгі дөңгелек үстелімізде әкелер туралы сөз қозғалады.Әр шаңырақта әкенің орны ерекше .Әке отбасының асыраушысы,отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.Әкенің мінез құлқы,өзгелермен қарым қатынасы,өнері мен білімі-баланың көз алдында үлгі,өнеге алатын,оған өарап өсетін нысанасы.Отбасының пейілі-береке,ынтыма,ы үшін отағасының әділ ұстамды болуы орасан маңызды.

    «Сіз үшін бала деген кім?» деген тақырып бойынша қатысушы әкелер өз балларын кімі екендіктерін ортаға салады түсіндіріп беруі тиісті.

    • Менің жалғасым, қамқоршым, бақытым т.б әкелердің өз пікірлері.

    «Ситуациялық жағдайлар.» экранға көңіл аударту.Кейіпкерлеріміздің сұрағына жауап іздеп осы жағдайлардағы өздерінің көзқарастары. Мысалы; -бұл жағдайлар отбасымызда кездесіп жатады. Бұны мен балабақша тарапынан екен деп ойламаймын себебі, кешкілік бала уақтылы ұйықтамайды компютер қарайды өздерімізбен бірге ұйықтайты кездері болады .Сол себепті ертеңгілік тұрғылары келмей сан түрлі сылтаулар айтады. Т.б

    Ойын: «Бүгін сіз ойыншықтар дүкеніндесіз.» Алдын ала дайындалған сөрелерге жиналған ойыншықтар олардың арасында балаларға арнап жасалған қол қимылын қалыптастыруға және ойлау логикаға әсер ететін түрлі қолдан жасақталған ойыншық түрлері бар.

    Ойын екі түрлі жолмен жүргізіледі: 1. Әкелер өздері таңдайды ойыншықтарды. 2. Балалар өз қалаулары бойынша ойыншықтар таңдайды.

    Қорытынды: -Құрметті қатысушылар міне өздерің таңдағандай сіздер көбіне өздеріңе таныс машина ,ұшақ, қуыршақ қыздарыңа таңдадыңыздар.Ал ,керісінше балларыңыз мына қолдан дайындалған ойыншықтарды таңдады.Енді өздері таңдаған ойыншықтар мен балалар қалай ойнауда?

    • Тыныш, өз қиялдарымен бейнелер құрастыруда және ұжым болып ойнауда.

    «Әкелер шеберлік мектебі» атты бөлім бойынша балаларың таңдаған ойыншықтардан өздерің балаларыңа не жасап құрастырып берер едіңіздер?

    Әр столдағы шебер әкелер жұмыстарын жасап түсіндіріп береді. Мысалы : — Мен балама мына түсті сымдарды қолдана отырып велосипед моделін жасап шықтым. Кей ата- ана гүл салғыш немесе көбелектер құрастырды.

    Қорытынды бөлімі бойынша әкелер балаларының балабақшада күнделікті тек өздері таңдаған ойыншық түрлері ғана емес баланың логикасына, саусақ қимылын қалыптастыратын ойыншық түрлерімен таныса отырып бір сәт өздері де балаларына тосын сый ұйымдастыра білді.

    • Құрметті әкелер, алдымыздағы отырған алтындарымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер олардыңең басты үлгі болар бейнесі екенімізді ұмытпайық. «Әкеге қарап ұл туар» демекші,жақсымінездер менасыл қасиеттерімізді ардақтай білейік.

    Түрлі шарлар.docx

    Реклама

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.