ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙ ДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Алматы қаласы Түрксиб ауданы

«№32 бөбекжай бала-бақшасы

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Дауренқұлова Ляйля Саметайқызы

Қазіргі қоғам компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар дамыған кезең. ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Сондықтан да білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігі мен сапасын арттыруды көздейді.

Бүгінгі күнгі білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты- заман талабына байланысты ақпараттық қоғам талабына сәйкес қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық араластыру болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтырып,оқыту үрдісін жетілдіруге болады.

Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологияларды құрайды.

Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар деп — аймақтық, бүкіл әлемдік желілерде ақпарат алмасуды жүзеге асыратын қазіргі заманғы байланыс құралдарының барлық түрін, бағдарламалық жүйелер мен кешендерді, мультимедианы, телекоммуникацияны, виртуальды ақпараттар жиынтығын айтамыз.

Ақпараттандырудың негізгі бағыттарының бірі — білім саласын ақпараттандыру болып табылады .

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз берілетін білім сапасын арттыруды жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде дәстүрлі технологияларды тиімді жаңа типті ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды дамыту мен нақты түрде практикада жүзеге асыру шаралары.

Білім беру жүйесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылыоқыту үрдісін жетілдіру, оқушының танымдық қабілетін дамыту саналы деңгейге көтеру – бүгінгі күнгі күрделі мәселе. Білімді жеке тұлғаға бағыттау, оқушының өзін-өзі тануы, өзін-өзі тәрбиелеуі, ақыл-ойын дамытуы, яғни, жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу мұғалімдер алдына тың міндеттерді жүктеп, жаңашыл іс-әрекетке жетелейді.

Инновациялық тұрғыдан жұмыстану білім беру жүйесін ақпараттандырумен тығыз байланысты. Білім беруді ақпараттандыру дамуының жаңа кезеңінің ерекшелігі – бұл проблеманың инструментальдық емес, мазмұндық аспектілерінің басымдылығында және олардың шешілуінен білім сапалығы, оның әлеуметтік мәнділігінің орны анықталады.

Психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, ойлау стилі бастауыш сыныптан-ақ оқушыларда жете қалыптаса бастайды. Оқушылардың бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды адамзат іс-әрекетінің түрлі салаларында қолдана білудің қажетті дағдыларын игеріп үлгеруіне мүмкіндік туады.

Оқытудың ақпараттық технологиясын оқу үрдісінде тиімді қолдану үшін бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті, психологиялық, тұлғалық, әлеуметтік және физиологиялық даму ерекшеліктерін есепке алу керек.

Ақпараттық технология арқылы білім беру үрдісін ұйымдастыру бастауыш сынып оқушыларының оқу материаларын жеңіл меңгеруін, компьютерде жұмыс істеу дағдыларымен қарулануын жүзеге асырады.

Ақпараттық технологияны мектепте қолдану бастауыш сынып оқушыларының білуге, оқуға құштарлығы, танымдық қызығушылығы, қиялы, логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеттерінің дамуына үлкен септігін тигізеді.

Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның өзіндік оқу-танымдық әрекетін дамытуға бағытталған. Бастауыш сынып оқушыларының өз мүмкіндігін көрсете білуі үшін ақпаратты өзіндік іздеу, жоспарлау, бөлшектеу, біріктіру, суреттеу, жалғастыру және тиімді пайдалану, өз іс-әрекетінің дұрыстығын тексеріп бақылау икемділігін бойына сіңіру әлдеқайда маңызды да күрделі (тұлғалық ерекшелік).

Әлеуметтік зерттеулер бойынша адам баласының ақпарат алу, оны пайдалану икемділігінің артуына ақпараттық құралдардың, өмір сүріп отырған ортаның тигізетін ықпалы зор екені анықталған (әлеуметтік ерекшелік).

Көшеде компьютерлік ойын клубтарының көбеюі ата-аналардың көңілінде алаңдаушылық тудырып отыр. Әсіресе, бастауыш сыныпта оқитын ер балалардың тәртібінде, мінез-құлқында өзгерістер пайда бола бастады, себебі мұндай нарықтық заманда өз межесін ғана көздейтін кәсіпкерлер баланың психологиялық, тұлғалық, физиологиялық даму ерекшеліктерін ескермейді.

Компьютерлік техникамен жұмыс жасау кезінде ескерілуге тиісті гигиеналық, эргономикалық талаптардың сақталуы мен әрбір оқушының денсаулығы туралы ақпараттарды бастауыш сыныптағы білім беру үрдісін ұйымдастырушы үнемі есте ұстауы қажет.

Шығармашылық ойлау мен өз ойын еркін жеткізе білу икемділіктерінің даму негізінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымы мен дарындылығы жетіле түседі. Мәселен, бастауыш мектепте ана тілі, қазақ тілі, дүниетану сияқты пәндерді ұштастыра отырып, оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуге құштарлығы басым екендігі айқын көрінді. Бір топ оқушылар срует салу, келесілері шығарма, эссе жазу, үшіншілері өлең жолдарымен тақырыпты ашып көрсетуге тырысады.
Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларының ақпаратты жинақтаумен қатар оны түрлендіру, өзгерту икемділіктері қалыптасады. Сыныптағы бор, сүрткіш, есік тұтқасы, парта, орындық атынан жазылған эсселердің компьютерде жазылуы оқушылардың мәтінді теруге ғана емес, оны ойдағыдай мазмұндық тұрғыдан жазуға қызығушылығын туғызады.

Бұл тапсырманың күрделілігіне сәйкес үйде мәтін құруға, сыныпта оны теруге және топ алдында қорғауына мән беріледі.
Ақпараттық технологияны бастауыш сыныпта қолдану барысында оқушылардың оқу икемділігі дамиды. Шығармашылық оқу икемділігі, өзіндік жұмыс жасауды жоспарлау, бақылау, бағалау икемділіктері дамып, өзіндік ойлау икемділігі өрбіп, компьютер арқылы оқу материалдарын, оқыту және бақылау бағдарламаларын іске қосу, орындау дағдылары қалыптасып, компьютерлік стандартты бағдарламалармен, электрондық оқу басылымымен жұмыс жасау икемділіктері жетіле түседі.
Ақпараттық технологияны қолдануға негізделген қазіргі білімнің парадигмасы өз бетімен дамып, өз-өзін тежей алатын шығармашыл, жан-жақты біліммен, мәнді қызығушылықпен және дәстүрлі емес жағдаяттарда жауапты шешім қабылдай алатын үздіксіз дамыған ақпараттық қоғамда өз орнын таба білетін жеке тұлға түріндегі нәтижеге бағдарланғандығында. Сол себепті құзыреттілікке бағдарланған оқу үрдісін бастауыш сыныптан бастап қолдану өз нәтижесін беретіні сөзсіз.

Ақпаратты технологияны қолдану арқылы пәнді оқыту: оқушыларға сабақ барысында мұғалімнің жалаң сөзін тыңдап қана қоймай, көптеген мағлұматты өз көзімен көру арқылы қабылданған ақпарат есінде жақсы сақтап қалуына мүкіндік туады.

Пәнді оқыту барысында қойылатын талаптардың бірі: ақпаратты мәдени дамуы, яғни: ой- өрісінің дамуына, түрлі ақпарат көзімен жұмыс істей білу және оны оқушыларға түсінікті етіп жеткізу арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Егер де оқушының пәнге деген қызығушылығы жоғары болса, ол оқушының пән бойынша білім сапасының жоғары болуына әсер етеді.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.