konkurs042018

Бисенбаева Замзагүл Қуанғалиқызы

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылы
«Ертегі» бөбекжайының тәрбиешісі
Бисенбаева Замзагүл Қуанғалиқызы

  • Тақырыбы: «Қызыл телпекті қыз» ертегісі.
  • «Кітапты бірге оқимыз»(Ата- аналармен бірге ұйымдастырылған шара)
  • Балаларға көркем шығармалардың әсері. Баяндама.
  • Тақырыбы: «Телефон» (өлең). Корней Чуковский.

«Қызыл телпекті қыз» ертегісі

Білім беру салалары: «Коммуникация», «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Мақсаты: Балаларға ертегіні тыңдай білу мен мәнерлеп айта білуге, кейіпкерлердің мінез- құлықтарын сипаттап, бейнелеуге үйрету, балалардың ақыл- ойын, қиялын дамыту, есте сақтау қабілетін, кеңістікте бағдарлауын, заттарды салыстыру қабілеттерін арттыру, сыйластыққа, үлкенді құрметтеуге, қонақжайлылыққа, қамқорлыққа және көмекке дайын болуға тәрбиелеу.

Пайдаланылған көрнекі құралдар: ақпараттық- техникалық құралдар, пішіндер, аңдардың суреттері, ертегі кітабы.

Әдіс- тәсілдер: көрнекілікпен, слайдпен жұмыс, әңгімелеу, түсіндіру, ойын.

Үштілділік компонент: «Қызыл телпек- красная шапочка- little red riding hood, қасқыр- волк- wolf».

Барысы: Жылулық шеңбері: «Міне, осылай!» ойынын ойнату.

  • Қалдерің қалай? — Міне, осындай! (бас бармақтарын көрсетеді)
  • Суда қалай жүзесіңдер? — Міне, осылай! (қолдарымен суда жүзгенді

көрсетеді)

  • Қалай жүгіресіңдер? — Міне, осылай! (екі саусақтарын жүгіртеді).
  • Балалар, бүгін ерекше күн болып тұр. Бізге бір бейне жазба келді. Алдымен соны көріп алайық. «Теледидардан бейнекөрініс көрсетіледі). Ертегідегі Қызыл телпек өзінің қонаққа келгісі келетінін айтады. Балалар Қызыл телпекті қарсы алуға келіседі.

  • Ендеше, Қызыл телпекті қарсы алайық. (Көңілді әуен ойалып, топқа Қызыл телпек кіреді). Балалармен амандасады.

  • Қызыл телпек балалардан қандай ертегілер білетінін сұрайды.

    Тәрбиеші: -Біздің балалар көп ертегілер біледі, қане, мына ойынды ойнап көрсетейік.

    Ойын: «Кейіпкерін танып, атын айт»

    Экраннан ертегі иллюстрациялары көрсетіледі. Балалар қандай ертегі екенін айтып береді.

    Қызыл телпек: -Жарайсыңдар, шынымен көп біледі екенсіңдер. Мен сендерге бір қызықты кітап алып келдім. Бұл кітапта мен туралы қызықты ертегі бар. Соны тыңдап көріңдерші.

    Экраннан слайд көрсете отырып, «Қызыл телпекті қыз» ертегісін әңгімелеу.

    Ертегіні айтып болғаннан кейін мазмұны бойынша сұрақтар қойып, әңгімелету.

    Тәрбиеші: -Қызыл телпек, қазір сен орманнан өткенде қорықпайсың ба?

    Қызыл телпек: Жоқ, ормандағы аңдармен дос болып кеттім. Олар өте көңілді, би билеп, ән айтқанды ұнатады.

    • Олай болса, біз де сол аңдармен бірге билесек қайтеді.

    «Көңілді жануарлар» әуені қойылады. Балалар бейнекөріністегідей қайталап билейді.

    Қызыл телпек:- Балалар, менің ормандағы достарыма көмек керек болып тұр. Оларға баратын жолды мына пішіндерден құрастырып тауып көріңдер. Балалар көмектесуге келіседі, үшбұрыш, шаршы, шеңбер пішіндерін бөлісіп алады.

    • Қоянның үйі қандай пішінге ұқсайды? — Үшбұрышқа.
  • Қасқырдың үйі қандай пішін? — Шаршы.

  • Тиіннің үйі қандай пішін? — Шеңбер.

  • Балалар пішіндерден жол құрастырып, сол жолдармен жүріп барып, аңдардың қасындағы үстелдердегі тапсырмаларды орындайды.

    Қоянға сәбіздердің үлкенін үйдің артындағы үлкен қорапқа, кішкентай сәбіздерді үйдің алдындағы кіші қорапқа жинап салу.

    Қасқырға қызыл алмаларды үлкен қорапқа, сары алмаларды кіші қорапқа әр қайсысын бір- бір ұяшыққа салу.

    Тиінге саңырауқұлақтардың үлкенін жоғарыдағы жіпке, кішкентайларын төмендегі жіпке іліп қыстырғышпен қыстыру.

    • Жарайсыңдар, енді келген жолдарыңмен кері қайтып, орындарыңа келіңдер.
  • Қызыл телпек, біздің балалар тапсырманы қалай орындады?

  • Өте жақсы, сендер ақылды, білімді балалар екенсіңдер.

  • Ал, біздер сенің әжеңе сыйлық жасап береміз. Мына кілемшеге пішіндерді түймелеп қондырсақ, әдемі өрнектер пайда болады. Қане, жасап көрейік. Балаларға қиылған пішіндерді үлестіріп беру.

  • Балалар пішіндерді кілемшеге түймелеп тағады.

    Қызыл телпек: — Өте әдемі екен. Әжем қатты қуанатын болды. Менің кететін уақытым болды. Сау болыңдар, балалар!

    Балалар Қызыл телпекпен қоштасады.

    • Сендерге бүгінгі қонағымыз ұнады ма? Көңіл күйлері қалай?

    Балалар көңіл күйлерінің көтеріңкі болғанын, бәрі ұнағанын айтады.

    Бисенбаева Замзагүл Қуанғалиқызы

    БҚО, Казталов ауданы

    Жалпақтал ауылы

    «Ертегі» бөбекжайының тәрбиешісі

    «Кітапты бірге оқимыз»

    (Ата- аналармен бірге ұйымдастырылған шара)

    Мақсаты:Балалардың көркем шығармалар мен олардың авторлары туралы

    білімдерін бекіту. Кітапқа ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу, ата-

    аналардың балабақша мен баланың өміріне араласуға қызығушы-

    лықтарын тудыру.

    Алдын- ала жүргізілген жұмыстар:

    Балаларды шығармалармен таныстыру, тақпақтар жаттау, ертегі атрибут-

    тарын әзірлеу, сурет салу, жазушылардың портреттері, ата- ананы жүргі-

    зуші болуға дайындау.

    Барысы:Залдың ортасында түрлі- түсті суреттермен безендірілген балаларға

    арналған кітаптар, балалардың салған суреттері қойылған. Балалар

    ата- аналарымен бірге орындықтарда отырады.

    Тәрбиеші: — Қайырлы күн, құрметті ата- аналар! Бүгінгі мерекеге келгендеріңіз үшін көп рахмет. Біз бүгін кітап және оның адам үшін баға жетпес құндылығы туралы айтатын боламыз. Балаларыңыз әлі кішкентай болса да, кітаптағы суреттерді қызыға қарайды, көп тақпақтар біледі, ертегі тыңдап, мазмұнын айтып бере алады.

    Ортаға әке мен бала шығып бірге тақпақ айтады:

    Демалыста әкеммен

    Бірге кітап оқимыз.

    Қызықты суретінен,

    Ертегіні танимыз.

    Түрлі- түсті кітабымның,

    Суреттері көп неткен.

    Түлкі, қасқыр, қоянның

    Кескіндері берілген.

    Ал, әкемнің кітабын,

    Қарап көрсем парақтап.

    Бір сурет жоқ, сұрадым:

    «Осындай кітап қызық па?»

    Тәрбиеші:Бала тәрбиесінде кітаптың, көркем шығармалардың алатын орны өте зор. Ал, енді кітап туралы мақалдар айтайықшы.

    Балалар мақалдар айтады:

    «Кітап- білім бұлағы».

    «Кітап- ең қымбат сыйлық».

    «Алтынды жерден, білімді кітаптан алады».

    Тәрбиеші:- Міне, құрметті ата- аналар, біздің балалар кітап туралы көп мақал біледі екен.

    Жүргізуші ата- ана: — Ертегі кейіпкерлері «Бізді танып, атаңдар»,- деп сұрап тұр. Қане, мұқият тыңдап, тауып көріңдерші.

    Үнтаспадан тыңдату:

    «Апа, апа, құйрығымды берші». («Мақта қыз бен мысық»)

    «Ата мен әже әрі тартты, бері тартты, бірақ тартып шығара алмады»

    («Шалқан»)

    «Қарға, қарға, маған көмектесші. Жылан балапандарымды жемекші»

    («Қарлығаш пен дәуіт»).

    «Алманы мен бірінші таптым, алма менікі…» («Алма» ертегісі)

    Балалар ертегілердің атауларын тауып, суреттерін көрсетеді.

    Жүргізуші ата-ана: — Қазір келетін қонақтарымыздың кім екенін жұмбақтың шешуінен табыңдар.

    «Жыл басы мен болам»- деп,

    Айтысқа түсті жануарлар

    Кіп- кішкентай мақұлық

    Қулығын бәрінен асырар.

    (Тышқан. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі)

    Тышқан рөліндегі бала кіреді.

    • Сәлеметсіңдер ме, қонақтар, достар. Мені танығандарыңа қуаныштымын. «Бойыңа сенбе, ойыңа сен» деген мақалды үнемі есте ұстаймын. Кішкентай болсам да бәрінен ақылды болып шықтым. Енді, сендерге тапсырмам бар.

    Тышқан балаларға кітаптарды көрсетеді, балалар суретіне қарап, қандай кітап екенін табады, қиналса ата- аналар көмектеседі.

    Тышқан: — Кітапты жақсы көретіндеріңді дәлелдедіңдер. Жарайсыңдар. Ал, енді менің қайтатын уақытым болды. Сау болыңдар! (кетеді)

    Тәрбиеші: — Енді, «Таны да, атын айт» деген ойын ойнаймыз.

    Ойынға қатысушы ата- аналар қазақ ақын- жазушыларының портреттерін қарап, кім екенін айтады. (А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин. Қ. Мырзалиев. М. Әлімбаев)

    Жүргізуші ата- ана: — Өте жақсы жауап бердіңіздер. Енді, бері қараңдаршы, бізге сиқырлы шар ұшып келді. Шардың ішінде тапсырма бар екен. 5-7 минут балаларға арналған шығармалардан қойылым қою керек.

    Қатысушылар сахна сыртына дайындалуға кеткенде, қалған балалар «Бауырсақ» ертегісін сахналайды.

    Отбасылар әзірлеген қойылымдарын көрсетеді.

    Тәрбиеші: — Міне, кешіміз де аяқтала келді. Барлық ата- аналар да, балалар да белсенді қатыстыңыздар. Көп рахмет. Естелікке кітаптар сыйлауға рұқсат етіңіздер.

    Бисенбаева Замзагүл Қуанғалиқызы

    БҚО, Казталов ауданы

    Жалпақтал ауылы

    «Ертегі» бөбекжайының тәрбиешісі

    Балаларға көркем шығармалардың әсері

    Жаңа заман баласы- ертеңгі еліміздің болашағы. Өскелең ұрпақтың еркін дамуына, жан- жақты білім алып, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау- қазіргі таңдағы мектепке дейінгі ұйымдардың міндеті.

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандартында басты міндет: ақыл-ой қызметінің дағдылары мен біліктерін, зияткерлік қабілетті, таным процестері мен қызығушылықты, білуге құмарлықты дамыту және баланың адамгершілік сезімдерін, түсініктері мен мінез- құлқын дамыту деп көрсетілген.

    Осы міндеттерді жүзеге асыруда негізгі орынды көркем әдебиет алады. Өйткені көркем әдебиет шығармаларының кейіпкерлері арқылы балалардың өзара және үлкендермен қарым- қатынасында, мінез- құлқында оң адами сапаларының қалыптасуына, үлкендер еңбегіне құрметпен қарау, Отанын, туған жерін сүюі, көркем шығармашылық дағдылардың дамуы, көркемдік талғамның артуына және т.б. қалыптасуына ықпал етеді.

    Мен өзімнің шығармашылық жұмыстарымда жоспарлы түрде оқу қызметтерін, ойын- жаттығулар, ертегі қойылымдарын сахналау, ата- аналармен түрлі шаралар өткізуді қолға алған болатынмын.

    Балалардың жас ерекшеліктеріне сай , әсіресе, ертегі сахналау біздің бөбекжай бойынша жиі өткізіліп тұратын іс- шаралардың бірі. Өйткені, сахналау арқылы балалардың оқылған шығарма кейіпкерлерінің мінез- құлықтарын, сөйлеу мәнерін өз қиялдарымен бере алуына мүмкіндік береді, сөйлеу тілі дамиды және шығармашылыққа баулиды.

    Сонымен қатар, балаларды көркем шығармамен таныстыра отырып, олардың бойында кітапқа деген қызығушылықтарын ояту, кітапты құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында кітап көрмесі, кітап бұрыштары т.б. ұйымдастыруды жөн көремін.

    Күнделікті оқу қызметі барысында өз шығармашылығымнан ертегі кейіпкерлеріне байланысты ойын- жаттығулар, сергіту сәттерін қолданамын. Балалармен бірге өткізілген кітап туралы, оның қалай жазылатыны жөнінде түсінік беру мақсатында «Көңілді кітапшалар», «Кітапты бірге оқимыз» атты тәрбие сағаттары өз деңгейінде өтіп, балаларды қуанышқа бөледі, ата- аналар да балалары үшін кітаптың маңызын бұрынғыдан да түсіне алды.

    Көркем шығарманың әсерін тыңдап, эмоционалды тұрғыда қабылдап және кейіпкерлердің ұстанымдарын ұғыну барысында бала көңілі шаттанып, қуанышқа кенеледі. Сондықтан, дұрыс таңдау нәтижесінде көркем мәтіндер арқылы нақты білімділік- танымдық мәліметтер беруге болады.

    Көркем әдебиет шығармалары- тұнып тұрған тәрбие көзі, ретін тауып ұтымды пайдалана білейік.

    Бисенбаева Замзагүл Қуанғалиқызы

    БҚО, Казталов ауданы

    Жалпақтал ауылы

    «Ертегі» бөбекжайының тәрбиешісі

    Білім беру саласы: «Коммуникация»

    Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Көркем әдебиет»

    Тақырыбы:«Телефон» (өлең). Корней Чуковский.

    Мақсаты:

    а) Көркем сөзге деген көңіл күй деңгейлерін дамыту, кейіпкер бейнесін сомдауда түсінікті сөйлеуге үйрету, байланыс құралы телефон туралы түсінік беру;

    ә)мәнерлі дауыс ырғағы арқылы сөйлеу көркемдігі мен рөлді орындау қабілеттіліктерін қалыптастыру;

    б). әдептілікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

    Қажетті құрал- жабдықтар:суреттер, ойыншық телефон, піл, түйе.

    Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, ғажайып сәт, ойын, көрсету.

    Сөздік жұмыс: « алло, бұл кім»

    Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
    Мотивациялық

    қозғаушы

    Балаларды шеңберге тұрғызу.

    — Балалар, бүгін күн қандай?

    — Біздің көңіл- күйіміз қалай?

    — Ендеше, қонақтармен амандасайық.

    Балалар шеңбер болып тұрады.

    — Керемет! (қолдарын жоғары көтереді)

    — Тамаша!(басбармақтарын көрсетеді)

    — Сәлем! (қолдарын бұлғайды)

    Іздену-

    ұйымдастырушы

    Балаларды жарты шеңбер тәрізді ыңғайлы отырғызып алу.

    Ғажайып сәт.

    (Шиқылдаған балапанның дауысы естіледі).

    — Балалар, бір дыбыс естіледі, бұл кім болды екен? Қазір көрейік.

    Есікті ашып, топқа ойыншық мотоциклде отырған балапанды алып кіру. Балалпан кірген сәтте электронды киіз үйден «Топ, топ, балақан» әуені ойналады.

    — Балалар,бізге қонаққа кім келді?

    — Ендеше, Балапанмен амандасайық. Балапанның бізге ала келген қоржыны бар екен, кәне, көрейік.

    Қоржынның ішінен ойыншық телефонды алу.

    — Балалар, бұл не?

    — Дұрыс айтасыңдар, Балапан бізден телефон туралы өлең оқып беруді өтінеді.

    Кәне, бәріміз тыңдайық, «Телефон» деген өлеңді оқып беремін.

    (Өлеңді дауыс ырғағын келтіре бір рет оқу). Екінші қайта оқу кезінде ойыншықтарды ойната отырып оқып беру.

    — Телефон- байланыс құралы (суреттерін көрсету). Әр үйде телефон бар. Сендердің үйлеріңде де телефон бар, солай ма?

    Қазір сендерге жұмбақ жасырамын, әрі сергіп қаламыз.

    Сергіту сәті:

    Шыр, шыр етеді

    Құлағыңнан өтеді.

    Ұстай алсаң,

    Сөйлеп кетеді.

    Телефон қоңырауы сылдырлағанда тұтқаны аласыңдар ма? Қалай сөйлесесіңдер?

    — Дұрыс айтасыңдар, телефонмен әдепті, сыпайы сөйлесу керек.

    Ойын: «Түймесін тауып, орналастыр».

    Шарты: Төрт түсті (қызыл, сары, көк, жасыл) ұялы телефон суреттерінің түсіп қалған түймелерін тауып, орналастыру.

    — Егер дұрыс тауып орналастырсаңдар, телефондарда әуен ойналады.

    Көңілді әуен ойналады.

    Балалар орындықтарға отырады.

    Таң қалып тыңдайды.

    Қызығушылықпен қол шапалақтап балапанды қарсы алады.

    — Балапан.

    — Сәлеметсің бе, Балапан.

    Қызығушылық танытады.

    — Телефон.

    Балалар тыңдауға ынталарын білдіреді.

    Бар ынталарымен тыңдайды.

    Ойыншықтардың қимылдарына қызыға қарайды.

    Балалар сұрақтарға жауап береді.

    Өлең сөздеріне сай қимылдарын жасайды.

    Жұмбақтың шешуін айтады:

    • Телефон

    -Алло, сәлеметсіз бе, бұл кім? Үйде анам жоқ. Сау болыңыз.

    Балалар қолдарындағы түрлі түсті дөңгелек түймелерді телефонның түсіне сәйкес ұяшықтарына орналастырады.

    Балалар әуенге қуаныш сезімдерін білдіреді.

    Рефлексивті коррекциялаушы — Балалар, бүгін бізге қонаққа кім келді?

    — Ол өзімен бірге не алып келді?

    — Қандай өлең оқыдық?

    Келесіде өлеңді жаттап аламыз.

    Балапан сендерге келгеніне риза болып, сыйлықтарын бергісі келеді.

    Балаларға бір- бірден көңілді смайликтер сыйлау.

    — Балапан.

    — Телефон.

    — «Телефон».

    Балалар қуанады. Алғыс айтады.

    Бисенбаева.doc

    Реклама

    Добавить комментарий