Жаңа сабақтар

«Ауылдағы үй жануарлары»

Атырау облысы Атырау қаласы

10 Құлыншақ балабақшасының тәрбиешісі

Кенешова Райгуль Нуржановна

Тақырыбы: «Ауылдағы үй жануарлары»

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары жайында түсінік беру. Үй жануарларының адам өмірінде пайдасы, тұрмысқа қажеттілігін, түсіндіру. Сөздік қорларын байыту, дұрыс сөйлеуге үйрету, қойылған сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.

Сөздік жұмыс:үй жануарлары, сиыр, қой, ешкі,түйе, жылқы

Билингвальды компонент: үй жануарлары-домашные животные, сиыр-корова, түйе-верблюд, қой-баран, жылқы-лошадь, ешкі-коза.

Әдіс тәсіл: жылулық шеңбері, сұрақ жауап, слайд көрсету, әңгіме құрау, қызықты сәт, дидактикалық ойын, ән айту.

Көрнекіліктер: слайд, үй жануарларының суреттері

Оқу қызметінің кезеңдері Педагогтың қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар «Сәлем сөздін анасы» дегендей қонақтармен амандасып алайық.

Сәлеметсіздерме. Здраствуйте.Гуд мони.

Бүгінгі күніміз жақсы сәтті өтуі үшін кәнекей жылулық шеңберін бірге құрайық.

Жылулық шеңбері:

Атам мені құлыным дейді

Әжем мені ботам дейді

Әкем мені шырағым дейді

Анам мені қозым дейді

Ал шынында мен кіммін

Мен дарынды баламын

Үш тілде амандасады.

Балалар шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Ұйымдастырушылық

Ізденістік

Үн таспа тыңдау.

(Үй жануарларының аттары)

Балалар ненің дауыстары?

Дұрыс.Неліктен үй жануарлары дейміз?

Иә балалар өйткені олар адамның жанында өмір сүреді. Адамдар оларды күтіп, жем-шөптерін дайындап береді.

Балалар сендер дәл қазір үй жануарларын көргілерін келеме? Онда бәріміз қазір ауылға барамыз.

Ауылымыз алыс болған соң көлікпен барамыз.

Жолымызды қысқартып ән айтып барайық.

Ән: Қошақан

Ауылғада жеттік балалар. Балалар қараңдаршы өрісте ата малдарын жайып жүр екен қасына барып амандасайық.

Сәлеметсізбе ата .

Амансындарма .

Ата біз балабақшадан келе жатырмыз ауылдағы үй жануарлары мен олардың төлдері мен олардан алатын өнімдері туралы білгілері келеді.

Ата .жарайсыңдар ботақандарым.

Балалар ата үй жануарларын бағып –қағып өсіреді екен. Олар адамның күтімінде болады. Сондықтан оларды үй жануарлары дейді.

Күнделікті біздің ішіп отырған сүт , айран , жеп отырған ірімшік, қаймақ, құртымызды осы сиыр береді. Сиырдың төлін бұзау деп атаймыз. Сиырды аухау-аухау деп шақырамыз. Сиыр қалай мөңірейді мө-мө

Халқымыз жылқыны жақсы бағалаған, мінсе көлік болады. Адамдарға ет, сүт береді жылқының сүтінен адам денсаулығына өте пайдалы сусын қымыз жасайды. Жылқының баласын құлын деп айтады. Жылқыны шақырғанда құрау-құрау деп шақырады.

Түйе оның 2 өркеші бар, тауға ұқсайды. Оның сүтінен адамға пайдалы шұбат жасайды. Етін жейміз, жүнінен киім тоқиды, көрпе киіз жасайды. Төлін бота дейміз. Көс –көс деп шақырамыз.

Қойдың пайдасы да көп етін жейміз, жүнінен көрпе , әртүрлі киімдер тоқимыз. Төлін қозы дейміз. Шақырғанда пұшайт-пұшайт деп шақырамыз.

Ешкі де қой сияқты етін жейміз, сүтін ішеміз, жүнін пайдаланамыз. Төлін лақ деп атаймыз. Шөре –шөре деп шақырамыз. Балалар ата осы үй жануарлардың жем шөбін беріп, күтіп баптап отырады екен.

Балалар атаға үйжануарлары туралы тақпақтарынды айтып беріңдерші.

Тақпақтар

Қой баласы қоңырым

Қойдан жуас момыным

Шопан ата түлегі

Қошақаным қайдасын

Көк сиыр бұзау туғанда

Қамап қойдық қораға

Көк сиыр тұрды мөңіреп

«Қайда менің балам» деп

Жылқы сауып, саумал ішіп

Сары қымыз сапырдым

Ағайын туыс көршімнің

Бәрін үйге шақырдым

Түйе, түйе түйелер

Тұзың қайда түйелер

Балқан таудың басында

Балдыр қоян қасында

Еніп кеттім егіске

Қойным толды егіске

Шөре шөре лағым

Тентек болма шырағым

Секектеме деміңді ал

Селтеңдемей құлағың

Күшігімді кішкентай

Көрінген жұрт мақтайды

Мақтасада барлығы

Менен алыс қашпайды

Мысығым менің ақырын

Аяғыма оралды

Қашып барып жасырын

Сүттің бәрін қатырды

Жарайсыңдар балалар .

Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр.

Дидактикалық ойын: «Даусынан таны»

Үнтаспадағы жануарлардың не екенін ажыратып табады.

Ата: жарайсыңдар сендер үй жануарларының дауыстарын ажырата аласыңдар.

Ал қараңдаршы балалар менің үй жануарларым өте көп.

Мен соларды санай алмай басым қатуда.

Балалар үй жануарларын санауға көмектесемізбе?

Санамақ

Бір дегенім баспақ

Бұзауды жүр тастап

Екі дегенім ешкі

Ешкі қойдан есті

Үш дегенім үйрек

Жем бер қолға үйрет

Төрт дегенім тайлақ

Тайлақты қой байлап

Бес дегенім бие

Қолыма ие.

-Ата . жарайсыңдар мен сендердің арқаларында жануарларды санап алдым.

-жарайсыңдар балалар . Енді біздің топқа қайтатын уақытымыз болыпты. Атамен қоштасайық. Сау болыңыз.

-Ата. Өте ақылды балалар екенсіңдер біздің ауылға тағы келіп тұрыңдар.

Көлігімізге отырып әніміздіайтып барайық.

Ән : Қошақан.

Балалар сұраққа жауап беруге тырысады.

-үй жануарлары

Мұқият тыңдайды.

Көлікке мініп ән айтып барады.

Әнді бірге қослып шырқайды.

Таңырқап қарайды.

Балалар атамен амандасады.

Балалар тәрбиешіге зейіндерін қойып тыңдайды.

Балалар тақпақтарын айтып береді.

Ойын шартын түсініп дауыстарын ажыратып айтады.

-көмектесеміз

Балалар атаның үй жануарларына қарайды.

Санамақты қосылып бірге айтады.

Рефлекциялық

түзетушілік

Қорытындылау:

Слайд көрсету.

Балалар бүгінгі біздің ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміз не жайында болды?

Үй жануарларына нелер жатады ?

үй жануарлары-домашные животные, сиыр-корова, түйе-верблюд, қой-баран, жылқы-лошадь, ешкі-коза.

Біздер қайда бардық?

Үй жануарлары немен қоректенеді?

Қандай өнімдерін береді?

Тіл ұстарту жаттығуы:

Ой-ой-ой

Қорада тұр қой

Ие-ие-ие

Маң –маң басқан түйе

Иыр-иыр-иыр

Сүт береді сиыр

Қы-қы-қы

Кісінейді жылқы

Кі-кі-кі

Сақалды ешкі

Балаларды мадақтау.

Бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды. Қонақтармен қоштасайық.

Қане балалар тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Көріскенше күн жақсы

Сау саламат болайық!

Слайдқа назарларын аударып , таңданып, қызықтайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Бірге қайталай отырып тілдерін жаттықтырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарлары туралы сипаттама беруді

Игереді: Төлдерін атауды

Меңгереді: Үй жануарларының өнімдері

Реклама

Добавить комментарий