Жаңа сабақтар

Ж ж дыбысы және әрібі. Жазды сағындық «Дыбыстар м ен әріптер әлеміне саяхат»

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылы
КМҚҚ «Жасұлан» ясли балабақшасы
Тәрбиешісі: Қасымова Мунира Қалымбековна

Білім беру саласы:Қатынас

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі:Сауат ашу

Тақырыбы:Ж ж дыбысы және әріпі

Мақсаты: ж-дыбысының айтылуы,дыбысталу артикулляциясымен таныстыру.Ж дыбысымен дыбыстық талдау жасау,буынға бөлу,дауысты дыбыстарды дауыссыз дыбыстардан ажырату.Буындардан сөз құрап,сызба бойынша сөйлем құрастырып үйрету.Ж әрпін дәптерге жазу.Жазуға қолдарын жаттықтыру.Сөзжұмбақты шешу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.Сабаққа деген қызығушылығын арттыру..

Қолданылатын көрнекі құралдар:буклеттер,суреттер,кеспе әріптер,қалташалар,текшелер,дәптер қалам.

Оқу-іс әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық. —Балалар,сәлемдесу туралы мақал мәтелді еске түсірейікші. Әдептілік белгісі

Иіліп сәлем бергені.

Мен талапты баламын.

Дайын дәптер қаламым.

Есептерді шығарып.

Жазуларды жазамын

Ұйымдастырушылық ізденістік Балалар,қазір қандай сабақ?\

Мына суретте қай ертегінің кейіпкерлерін көріп тұрмыз?

Балалар ендеше бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша 7 өткелден өтеміз.Мысықтың қатығын табуға көмектесемі,мысықпен бірге тапсырмаларды орындаймыз.Іске сәт!

1 Сиырдың тапсырмасы:

Дыбыстар мен әріптер жайлы не білеміз?

Дыбыс дегеніміз не?

Әріп дегеніміз не?

Ойын «қай дыбыстан басталады».Сурет атаулары қандай дыбыстан басталатынын анықтау.Ойын «Шатасқан әріптер».

2 Ағаштың тапсырмасы

Жаңа әріп,дыбыспен танысу.Жұмбақтар жасыру.

Күндіз қашады,

Түнде аспанды басады?

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.

Олар қандай дыбыстан басталып тұр?

Ж дыбысы тіл алдынын таңдайға жуықтауынан жасалатын дыбыс.

Ж дыбысы-дауыссыз,ұяң.Қазақ тілінде көбінесе сөздің басында(жаңа,жастық)

ортасында(көже,әже)сирек аяғында кездеседі(мұқтаж,морж)

Тіл ұстарту жаттығуы

Жа-жа-жа

Әріп таңбасымен таныстыру.

3 Су тасушы қыздардың тапсырмасы:

Жылан деген сөзге дыбыстық талдау жасау.

Дыбыстық талдау жасап буынға бөледі,жаңа дыбыс қай буында орналасқаны туралы айтады.

Сөзде неше дыбыс,нее әріп екенін айтады.

4 Дүкеншінің тапсырмасы:

Дәптермен жұмыс:Ж ж әрпін бірінші ауада,сосын дәптерге жазу.

5 Тауықтың тапсырмасы:

Тақтадағы буындарды,сөздерді оқу.

Сөз дыбыстардан құралады,дыбыстар буын құрайды,буындардан сөз пайда болады.

Ойын «Сөз құра,тез құра»

6 Тышқанның тапсырмасы:

Сөйлем жайлы не білесіңдер?

Ойын: «сөйлем құра»

Сауат ашу

Мақта қыз бен мысық

Балалардың жауабы.

Жұлдыз

Жұмыртқа.

Ж дыбысы

Жаттығуды орындайды.

Балалар өз жауабын айтады.

Рефлексиялық түзетушілік. Балаларды соңынан оқу-іс әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап,мадақтау Балалар қуанышты сезімде болады.

Шығыс Қазақстан Облысы
Тарбағатай ауданы
Тұғыл ауылы
КМҚҚ «Жасұлан» ясли балабақшасы
Тәрбиешісі:Қасымова Мунира Қалымбековна

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Жазды сағындық»

Мақсаты:Балалардың табиғат туралы білімдерін толықтырып,жетілдіру.Жыл мезгілдеріне қарай. Болатын табиғат ерекшеліктерін және олар жөнінде жалпы ұғымдарын қалыптастыру.Туған ауылдың табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін және оны қорғай білуге тәрбиелеу.Балалардың тілін дамыту.Табиғаттың сырын ұғып,сүю білуге тәрбиелеу.

Көрнектілер:Орындық,құм толған қалташалар,бор,хат,үнтаспа,суретке арналған құралдар,шынжыр

Оқу-іс әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық. Бір-бірінің қолдарын ұстап,жылу күлкілерін сыйлайды. Жылу күлкісін сыйлайды
Ұйымдастырушылық ізденістік Сәлеметсіңдерме,балалар!Біз жазғы гүлдер мен көбелектерміз.Сендердің айқайлап,жүгіріп ойнағандарыңды сағындық.Сендермен кездесуге асығып жүрміз.Бізбен кездескілерің келсе кедергілерден өтіп,бізге тез жетіңдер.

1 Тапсырма.

Құм толған қалташаны басқа қойыпп,орындықтың үстімен жүріп өту.

2 Тапсырма.

Доптың үстіне отырып,секіріп өту.

3 Тапсырма.

Ойын «Кім күшті»

-Жақсы балалар біз кездеске кедергілерден көзді ашып-жұмғанша өттік.

Балалар жазды не үшін ұнататындары туралы әңгімелеу.

Жақсы бір әуен ойнап,балалар көздеріне жазды елестетеді.

Балалар көздеріне елестеткен нәрселерін сурет бетіне салады.

Өн бойымды тік ұстап

Жоғары төмен қарайық

Қане бойды түзейік

Тіземізді бүгейік

Ыршып алға түсейік.

1 2 3 ал қанеки ұш

4 5 6 7 мынау жолдың шеті.

8 9 10 ал қанеки қон.

Асықпа да саспа

Бірден қайта баста.

Үнтаспадан балалар «Жазғытұрым» атты өлеңді тыңдайды.

Тапсырмаларды орындайды.

Өз ойларын айтады.

Қимылдар жасайды,

Өлеңді тыңдайды.

Рефлексиялық түзетушілік. Балаларды соңынан оқу-іс әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап,мадақтау

Ойын: «Не істейді».

Балалар қуанышты сезімде болады.

Шығыс Қазақстан Облысы
Тарбағатай ауданы
Тұғыл ауылы
КМҚҚ «Жасұлан» ясли балабақшасы
Тәрбиешісі:Қасымова Мунира Қалымбековна

Білім беру саласы:Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «Дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат»

Мақсаты: Балалардың дыбыс,әріп,сөз,буын туралы білімдерін тексеріп,жетілдіру.Балаларға сауат ашу негіздерімен алғашқы оқу дағдыларын меңгерту.Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу дағдыларын жетілдіру.Барлық дыбыстарды анық айтуға,жазу барысында саусақ,қолдың,білектің бұлшық етін дамыта отырып дәптер бетін болжауды меңгерту.

Көрнектілер.Себет,хат,доп,қолшатыр,қап оның ішінде «Р» әріпі,мұз,кілт,айна,велосипед,дәптерлер,қарандаштар,сыйлықтар,микрофон.

Оқу-іс әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық. Бала деген бақытты еліменен
Құдіретті қолында әлем деген
Бүгінгі жиналған қонақтарға
Басталсын сабағымыз сәлемменен.
Білер қазақ баласы. Сәлем сөздің атасы Алдымыздан кезіккен Көп танысты көреміз Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз
Ұйымдастырушылық ізденістік Балалар,бүгін бізде ерекше сабақ.Қазір барлығымыз дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат жасаймыз. Ол жаққа бармас бұрын бір ережені есте сақтауымыз керек.Біз өзімізді білімді,болашақ оқушы екенімізді есте сақтауымыз керек.Ендеше іске сәт.
1-Тапсырма.Себеттің ішінде хат(белгісіз кейіпкердің хаты) Сәлеметсіңдерме,балалар!Сендердің келгендеріңе өте қуаныштымын,сендердің жолдарыңда көптеген тапсырмалар кездеседі,сендер осы тапсырмалардың барлығын орындасаңдар мені кездестіресіңдер. -Балалар,бар күшімізді,назарымызды жинақтап, барлық тапсырмаларды орындап,бейтаныс кейіпкермен кездесейік.
2 Тапсырма
-Дыбыс және әріп дегеніміз не ?

-Дауысты және дауыссыз дыбыстар дегеніміз не?

-Оларды қандай текшелермен белгілейміз?

3 Тапсырма.

Ойын: «Сөз ойла,Тез ойла»

Сергіту сәті.

Ор қояндар ойнайды
Ойынға бір тоймайды.
Секірісіп секектеп
Бір орында тұрмайды,
Күні бойы тыңдайды
Ін қазбақшы бола ма?
Жердің бетін тырнайды.
Көрдіңдерме түлкіні?
Жаман екен құлқыны.
Ойнап жүрген сендерді.
Жеп қоймасын бір күні!
Дауыс шығады.
-Балалар,көмектесіңдер,мені кейбір балалар дұрыс айта алмвйды.Мені «л» дыбысымен шатастырады.Сендер айтып көріңдерші.

Ойын: «Сөз тауып айт»
4 Тапсырма. Доп,кесе,ту сөздеріне сөздік талдау жаса.

5 Тапсырма.

Наурыз,көктем,ана деген сөздермен сөйлем құру.

Би: Көңілді үйректер.

6 Тапсырма.
Графикалық диктант

7 Тапсырма
Сөзді буынға бөліп,қанша буын бар екенін тауып айт.
Ғажайып сәт.Оқушы қоңыраумен жүгіріп келеді — Сәлеметсіңдерме,балалар!Мен Жанар деген оқушымын.Сендерге хат жолдап,сендердің біліміңді тесерейін дегенмін.Балалар,сендерге рахмет,барлығың ақылды,білімді балалар екенсіңдер.Мен сендерге Әліппе кітабін әкелдім.

Хатты оқиды.

Сұрақтарға жауап береді

Жанармен танысады.

Қуанышты сезімде болады

Рефлексиялық түзетушілік. Ал балалар тұрайық.
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық
Балдай тәтті баламыз Ақылдымыз, данамыз Қол ұстасып бәріміз Сау болыңыз айтамыз
Реклама

Добавить комментарий