Жаңа сабақтар

Химия пәнін оқытуда сыни тұрғысынан ойлау технол огиясы әдісінің қолдануы

Алматы қаласы «Авимед» медициналық колледжінің
химия пәнінің мұғалімі Тумабаева Айдана Илебаевна

Қазіргі кезде елімізде білім берудің жаңа инновациялық технологиялары қолданыс табуда. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық әдістер мен оқыту технологияларын қолдана отырып, оқу процестерінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көзделген.

Химия пәнін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану оқытушы үшін қандай маңызды болса, студент үшін одан да маңызды. Жаңа технологиялар студенттердің білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді.

Соңғы жылдары оқытудың жаңа технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып келеді. Олардың ішінде отандық әдіскер ғалымдар жасақтаған «Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы», «Деңгейлеп оқыту технологиясы» (Ж.Қараев),т.б. технологиялары студенттердің қызығушылығын арттырып, оқу үдерістеріне кеңінен ендірілуде.

Жаңа әрі пайдалы ізденістердің бірі химия сабағында қолданылып жүрген әдістердің бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы. Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша сабақ құрылымы қызығушылықты ояту, мағынаны ажырату, ой толғаныс кезеңдерінен тұрып, әр кезеңдегі тәрбиелік және оқу мақсаттары әр түрлі стратегияларды қолдана отырып, алға мақсат қою, мәселені зерттеу, жауап іздеу, студенттердің өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді. Сын тұрғысынан ойлау әдісі студенттің еркін сөйлеуіне, өз пікірін айтуға, достарының ойын тыңдауға, проблемаларды шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған бағдарлама. Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз- ой қозғай отырып, студенттің өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген-білгенін талдап салыстырып, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

Студенттерді ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда РАФТ, INSERT, еркін жазу, дөңгелек үстел, үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең,түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп.

Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымызда қолданыс табады. Тақырыпты толық ашып түсінуде көмектесетін оқыту стратегиясы «INSERT» стратегиясын жиі қолданамыз. Студентке оқу, тақырыппен танысу барысында

«V»- білемін;

«-»- білмеймін

«+»- мен үшін жаңа ақпарат

«?»- мені таң қалдырады белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT –оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын ашық білдіруге үйрететін ұтымды құрал.

Химия сабағында студенттердің еркін ойлау мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия – ой толғаныс сатысы. Ой толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және ұштайтын деңгейде студент шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек.

-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;

-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;

-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;

-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану;

Сабақтың ой толғаныс кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясын қолдану өте тиімді. Студенттерге мәтіндегі негізгі оқиғалар жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз пікірлерін қағаз бетіне түсіру тапсырылады.

Химия пәнін оқытуда стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде қолдану тиімді.

І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында «Химиялық лото», «Кубизм стратегиясы»т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.

СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
1. Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
1. Психологиялық дайындық.
2. Ой ашар.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ +? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
1. Топпен жұмыс.
2. Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
1. Кубизм стратегиясы.
2. Бағалау.
3. Үйге тапсырма.

Химия сабақтарында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қазіргі қоғам талабына сай ой-өрісін дамыту, шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызғылықты жүргізіп, зейін қойдыра білуіне, студенттердің өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады.

Реклама

Добавить комментарий