Жаңа сабақтар

Сабақ тақырыбы: Көркемдік жазба (батик, гжель, хо хлома)

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

2-Бөлім.

Сәндік– қолданбалы өнер.

ШҚО Абай ауданы Саржал ауылы

«Ш. Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Таурбаева Карлыга Достановна
СЫНЫП : 7 Қатысқандар : 15 Қатыспағандар: жоқ
Сабақтың тақырыбы: Көркемдік жазба (батик, гжель, хохлома). Жазбалар түрлері. Жазбалардың тәсілдері мен техникасы. Материалдары және құралдары.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.1.2.1-Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін өз бетінше зерделеу және сипаттау7.1.3.1-Шығармашылық жұмыста идеяларын іске асыру мақсатында түрлі ақпарат көздерінің ең тиімдісін таңдай отырып, қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы)
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:

· Сәндік – қолданбалы өнердің бір түрі – көркем өрнек салу түрлерін біледі.

· Көркем өрнек салу тәсілдері мен техникаларын сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

· Тоқыма, ағаш, керамика бойынша көркем өрнек салу түрлері туралы біледі.

· Халық қолөнерінің алуан түрлеріндегі ою-өрнек композициясы ерекшеліктерімен танысады.

· Өнер бұйымдарының тұтастығы мен ерекшеліктерін зерттей отырып, өздерінің шығармашылық жұмыстарын жасайды.

Кейбір оқушылар: Шығармашылық қабілеттерін, шешімдерінің креативтілігі мен ерекшелігін көрсете алады.
Бағалау критерийі − көркемдік жазба өнерінің түрлері мен тәсілдерін біледі.

· әр түрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін саралайды

· көркем өрнек салу үлгілерін дайындайды.

· көркемдік жазбаның бір түрін белгілі бір техникада салды;

· жұмысын таныстырды.

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

· Көркемдік жазба түрлі материалдардан жасалған бұйымдарға салынатын ою-өрнек. Оны бояу арқылы салады.

· Гжель тек көк түспен салынғанымен бір бұйымда көктің бірнеше реңктері сипат беруі мүмкін. Себебі,…Менің пайымдауымша, көркемдік жазбаның атауына оның шыққан жері тікелей әсер етті. Өйткені,… Мәселен,… деп сипаттайды.

Негізгі сөздер мен тіркестер
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Көркем өрнек салу қандай негізде орындалады?
Батик өнерінің ерекшелігі қандай?
Көркемдік жазба тәсілдері мен техникасының ерекшеліктері қандай?
Құндылықтарға баулу Өзге елдердің сәндік-қолданбалы өнерімен танысып, өзгелердің өнерін сыйлауға үйренеді, өнерге құрмет,оқушылар арасында бір біріне сыйластық
Пәнаралық байланыс Дүниежүзілік тарихы және география, оқушылар сабақта әр түрлі елдердің сәндік – қолданбалы өнер түрлерімен танысады.
Алдыңғы оқу 6 cыныпта бейнелеу өнері пәнінен сәндік-қолданбалы өнер түрлерін біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы 5 мин 1.Ұйымдастыру уақыты:Сәлемдесу. Сергіту сәті «Сіздің жақсы қасиеттеріңіз» психологиялық тренинг)Мақсаты: оқушылардың бір-біріне жақсы қасиеттерін айтқыза отырып, достық қарым-қатынастарын нығайту жұптық жұмыста жағымды қарым –қатынасты орнату 2. Үлестірме суреттер бойынша оқушыларды топқа бөлу:І топ Гжель өрнектеріІІ топ Хохлома өрнектеріІІІ топ Батик суреттері3. Оқушылармен бірге сабақтың мақсаты анықтау ПрезентацияҮлестірмелер
Сабақтың ортасы

30мин

(Ұ) «Ой қозғау». Презентацияда сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің түрлі техникада орындалған түрлері бар. Сұрақтар көрсетіледі.

· Бұл өнер туындыларын не біріктіреді?

· Өзара қандай ұқсастықтары бар?

· Айырмашылықтары неде?

· Қандай материалдардан жасалған?

· Қалай әсемделген?

· Олардың қалай атайды?(Т) Әр топ оқушылары сәндік-қолданбалы өнердің бір түрі көркемдік жазба және оның түрлерімен танысады, қорғайды.Тапсырманы орындаудың критерийлері:

· Анықтамасы;

· Пайда болған жері;

· Орындалу техникасы;

· Қандай материалдардан жасалған;

· Көркемдік жазбаның ою-өрнегін қазіргі заманда қайда қолдануға болады?

· Үлгілерінің суретін салу.

· Таныстырылым жасау.Сергіту сәті: Әр топтан бір оқушыдан шығып, берілгенөрнектерді жалғастыру тапсырмасын орындайды. Бағалау: мадақтау

ПрезентацияСәндік-қолданбалы өнер Көркемдік жазба, ежелгі ою-өрнектің шығу тарихы мен символикасыttps://kk.wikipedia.org/wiki/Гжель_керамикасыВикипедиядағы мақала Ағаш бетіндегі жазба өнер ретіндеhttp://rospis.ruБатик өнеріru.wikipedia.org›Батик
Сабақтың соңы5 мин Рефлексия:Шығу парағын толтыру:

· Cабақ барысында маған …….. ерекше ұнады.

…… қиындық тудырды.

· Менің ……………үйренгім келеді.

Үлестірмелер
Қосымша ақпарат
Реклама

Добавить комментарий