Тәуелсіздік тұғырым

Жамбыл облысы Меркі ауданы
№35 жалпы білім беретін мектеп
7 сынып оқушысы: Бейсенбек Дана Ерболқызы
Жетекшісі: Тилегенова Камар Жайлаубаевна

«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз. Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері,қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы.Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді,солай хатталды да.Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып,жаңа егемендік ел,халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық.Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз.Елім,жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін,небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып,қанды шайқастарда қаза болды.
Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат,айтылуы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті.Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді.Сан зұлматты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтерілісіне келгенде де тосылып қарап қалған жоқ.Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,жерін жау аяғына таптатпай,сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш,биік рухқа әр кез таңданамын.Аталарымыздың қасиетті елге-мұра,ұрпаққа-ұран болып келе жатыр.Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда.Біз оны көрмегенмен,үлкендер мен апайлардың айтулары ,теледидардағы деректі фильмдерден білеміз.Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұщыраған«қасқалдақтай қаны,бозторғайдай жаны»бар жанкешті жаужүрек жас Қайраттай ағаларымыз болды.Қайрат,Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен,олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды.
Желтоқсанда да өмірдей аға-апаларымыздың жас өмірлерімен қоштасты.Жыл сайын желтоқманның 16-да сыныбымызда әрдайым тәуелсіздікке байланысты түрлі тәрбие сағатын өткізіп тұрамыз.Мектеп оқушысы болсамда Қазақстанның болашағы үшін,оның одан әрі дамып,көркейіп,гүлденіп 30 елдің қатарына қосылуына, менде өз үлесімді қосқым келеді!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.