Жаңа сабақтар

Оқушылар шығармашылығы

АНА (Эссе)

Ана-әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны,жанашыры,қадірлісі,қамқоршысы ақ сүтін беріп аялағанжанын да аямаған ардақтысы.

Ана -жүрек,жүректі құдіретте.

Ана-тірек,тіректі құрметте,

Ана-шыңың,шыңыңа сағынып жет.

Ана -күнің,күніңе табынып өт.-деп жырлағым келеді.

Кез келген адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы,ең алдымен балаға ақ сүтің беріп,әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады.Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Ананың нәзік үні ,жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады.Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық барма?Ана болу -бүкіл өміріне кететің ұлы рухани күшпен ерен еңбек.Өз баласың бағып қағуда,ол ана өзің өзі ұмытып барлық күш жігерін сарқа жұмсайды , бұдан оның жаны байи түседі.

Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрметтеп ,сыйлау әрбір баланың парызы.Кейбір балалар арасында,өз ата-анасын жөндеп сыйламайтын,еңбегінің қадірің білмейтің ,айтқан тілін алмайтың балалар да кездесіп қалады.Мұндай бала өсе келе ата-ананың борышын өтемек түгілі ,екі жүзді сұрхия болып шықпасына кім кепіл.Ылайым балалардың тәрбиесі адам қызығарлықтай болып өсе берсің дегім келеді.Ұрпаққа бақыт сыйлаған тілей тұғын сырттай жүрік бақ саған ,тіршіліктің тынысымен ажары деп өз ойымды білдіргім келеді…

Өмірдегі тірегім

Анам менің -аялаған ақ гүлім

Анам менің –бақытыммен шаттығым

Анашым деп балан жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнің

Анам менің –өмірдегі тірегім

Анам менің-кеудемдегі жүрегім

Жамбыл облысы Меркі ауданы

№35 жалпы білім беретін мектеп

7 сынып оқушысы: Найман Мерайым Арманқызы

Жетекшісі: Тилегенова Камар Жайлаубаевна

«Туған өлкем-Қазақстан» (Эссе)

Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады.Нақты осы жер оны еліммен,өткенмен және болашақпен байланыстырады.Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады.Әрбіріміз үшін «Отан- ошақ басынан басталады»Туған жер ұзаққа қиып жібермейді.Сен әрқашан өзің бармасаңда,оймен қиялдап туған көшені,есіктін алдын, «Қызым үйге кір»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі.

Біздің Қазақстан-көп ұлтты мемлекет.Бейбітшілік пен достастыққа,татулықта бірге жұмыла отырып,қызмттің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер еңбектенуде.Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкенін жиі ойланамын.Біздің еліміз сияқты менің ағайынымда да көп ұлтты.Бірлік ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық-Қазақстандықтардың қалауы.Мен оны білемін!

Менің туған өлкем-Қазақстан Республикасы.Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы.Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші!Мөлдір суын,жайқалған жасыл шөбін,асқар тауларын сүйемін.Сонымен қатар аңдар,мен құстар,жануарлар өмір сүреді. «Әркімнің туған жері- Мысыр шахары»

Туған жерімді қатты жақсы көремін.Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін.Мен өз Қазақстанымдай байтақ елімді мақтан тұтамын.Қазақ болғаныма қуанамын!

Жамбыл облысы Меркі ауданы

№35 жалпы білім беретін мектеп

7 сынып оқушысы: Малдыбек Гүлсезім Жәнібекқызы

Жетекшісі: Тилегенова Камар Жайлаубаевна

Тәуелсіздік тұғырым күні! (Эссе)

«Қазақстан»деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз.Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі.Қазақ жері,қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы.Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді,солай хатталды да.Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып,жаңа егемендік ел,халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық.Әрине тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз.Елім,жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін,небір қазақтың батырлары өз өмірлерін қиып,қанды шайқастарда қаза болды.

Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат,айтылуы кезеңдерде ту ұстаған бабаларымыздың барлығы да құрметті.Исатай, Махамбеттер патшалық Ресейдің озбыр саясатына қасқайып қарсы тұра білді.Сан зұлматты өткерген еліміз ұлт-азаттық көтерілісіне келгенде де тосылып қарап қалған жоқ.Бұл күрестер азаттық үшін өткен сан күрестің соңы емес еді. Елін,жерін жау аяғына таптатпай,сол туған жерінің қарсы қадамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш,биік рухқа әр кез таңданамын.Аталарымыздың қасиетті елге-мұра,ұрпаққа-ұран болып келе жатыр.Желтоқсан оқиғасы біздің жадымызда.Біз оны көрмегенмен,үлкендер мен апайлардың айтулары ,теледидардағы деректі фильмдерден білеміз.Алматының алаңында өткен желтоқсан қырғынының жазықсыз жаласына ұщыраған«қасқалдақтай қаны,бозторғайдай жаны»бар жанкешті жаужүрек жас Қайраттай ағаларымыз болды.Қайрат,Ләззат сияқты аға-апаларымыздың желтоқсанның ызғарында жасаған ерліктерімен,олардың аттарын атамай кетпеуге болмайды.

Желтоқсанда да өмірдей аға-апаларымыздың жас өмірлерімен қоштасты. Жыл сайын желтоқсанның 16-да сыныбымызда әрдайым тәуелсіздікке байланысты түрлі тәрбие сағатын өткізіп тұрамыз.Мектеп оқушысы болсамда Қазақстанның болашағы үшін,оның одан әрі дамып,көркейіп,гүлденіп 30 елдің қатарына қосылуына,менде өз үлесімді қосқым келеді!

Жамбыл облысы Меркі ауданы

№35 жалпы білім беретін мектеп

7 сынып оқушысы: Бейсенбек Дана Ерболқызы

Жетекшісі: Тилегенова Камар Жайлаубаевна

Реклама

Добавить комментарий