«Мамандықтың бәрі қажет, мамандықтың бәрі жақсы»

ШҚО Семей қаласы «№8 «Балбөбек» ясли-бақшасы» КМҚК

тәрбиешісі Белибаева Гулмира Муратовна

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы: «Мамандықтың бәрі қажет, мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты : Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

Білімділік: балаларды әр түрлі мамандықтар иесімен таныстыру.

Дамытушылық: ойын арқылы толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.

Тәрбиелік: мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.

Керекті құралдар: көрнекіліктер.
Сөздік жұмыс: МАЙ, тігінші – портной, такси

Билингвальді компонент: мұғалім – учительница — teacher , дәрігер – врач-doktor, сатушы – продавщица — seller, май – гай — police, аспазшы – повар -cook, тігінші – портной -seamstress .

Оқу қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың қызметі
Мотивациялық қозғаушылық Қоңырау шырылдайды.

Бәріміз шеңберге тұрайық,

Сәлемдесейік бәрімен.

Бізге сәлем беру қиын емес,

Бәріңізге Сәлем! Привет! Hi!

Егер бәрі күлімдесе,

Сәтті өтеді күніміз.

Қайырлы күн! Қайырлы күн!

Балалар шеңберге тұрып, өлең жолдары мен мазмұнына қарай қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушы ізденуші Бүгінгі біздің көңіл күйіміз қандай?

-Олай болса жақсы көңіл күйді алақандарымыз арқылы бөлісейік. Қандай керемет жылулық сезініп тұрмыз, жақсы көңіл алақанымыз арқылы бәрімізге таралып, бүгінгі күніміз сәтті өтсін.

(есік қағылып Дымбілмес кіреді)

-Ой, балалар, бізге Дымбілмес келіп қалыпаты.

Дымбілмес:

-Апай мен адасып қалдым, мен қайда келдім?

Тәрбиеші:

-Дымбілмес сен бала бақшаға келдің. Мен осы балабақшаның тәрбиешісімін. Аты — жөнімді балалардан сұра.

Мен мына кішкентай балаларды тәрбиелеймін.

-Сен неге адасып қалдың?

Дымбілмес:

-Мен үйден шығып доппен ойнадым, добым жолға қарай домалап кетіп мен допты ұстап алмақшы болып жолға қарай шығып кеттім, мені машина қағып кете жаздады, құлап аяғымды ауыртып алдым, жүгіремін деп бас киімімді де жыртып алдым. Жол сақшысынан қашамын деп қарынымда ашты.

Тәрбиеші:

-Дымбілмес сен дұрыс істемедің. Қазір біз саған көмектесеміз. Ол үшін ең бірінші ауруханаға барайық.

-Ауруханада бізге кім көмектеседі?

(Дәрігермен амандасамыз)

-Бізге сіздің көмегініз қажет.Дымбілмес аяғын ауыртып алды.

Дәрігер

Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Ауруларды емдейтін,

Мен дәрігер боламын.

Дәрігер дымбілмеске көмек көрсетеді.

Тәрбиеші:

-Рахмет сізге дәрігер, біз енді балалар тігіншіге барайық.

-Сәлеметсізбе, тігінші апай, сіз бізге көмек бере аласызба?

-Иә, қандай көмек керек?

-Дымбілместің бас киімі жыртылып қалыпты, осыны тігіп берсеніз.

-Сендер маған құрақ көрпе құрастыруға көмектесіңдер.

Д/о: «Геометриялық фигураларды орналастыр»

Тігінші бас киімді тігіп береді.

Тәрбиеші:

-Енді балалар біз дүкенге барайық.

Сатушы Дымбілместің қарны ашып тұр, бізге азық – түлік қажет.

Сатушы

Жақсы оқып сабақты,

Мақсатым бұл ұраным

Үлкен болып өскенде,

Сатушы боп тұрамын.

-Азық түлікті алып ары қарай жолға шығайық.

-Балалар қарандаршы жолда мектепте көрінеді. Мектепте кімдер жұмыс істейді?

Мұғалім

Жақсы оқып сабақты,

Білім алып толамын.

Бөбектерді оқытар,

Мен мұғалім боламын.

Мұғалім

-Мен сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: «Кім не істейді?»

Тәрбиеші:

-Балалар біз «Бағдаршамға» келдік. МАЙ қызметкері тұр екен.

Май

Елге қызмет етемін,

Шаршамаймын мен бірақ.

Күні түні май боп,

Ұйықтамаймын мен бірақ.

Балалар қане маған жол ережесін айтып беріндерші?

-Енді балалар автобуспен дәмханаға барайық .

Д/о: «Билетпен автобусқа отыру»

Дымбілмес:

-Менің шаршадым, қарыным ашты, шөлдедім.

Тәрбиеші:

-Балалар енді біз аспазшыға барайық.

Аспазшы:

Дәмді тамақ пісіріп,

Өнерлі мен боламын.

Халқым сүйген ардақты,

Мен аспазшы боламын.

-Мен сендерге «венегрет» салатын жасап берейін, төрге шығып отырындар.

Тәрбиеші:

-Дымбілмес,көрдіңбе сен қандай көп қателік жасадың, біздің саған көмегіміз тиген сияқты, енді біз саған үй қайту үшін «Такси» шақырып қойдық. Аман есен үйіне қайт.

Дысмбілмес:

-Рахмет сіздерге, мен енді тентек болмаймын, мен үйге жетип алайын.

Балалар көңіл күйлерін білдіреді.

Бір бірлерінің қолдарынан ұстап жақсы көңіл күй сыйлайды.

Балалар келген конақпен амандасады.

Балалардың жауабы.

Дәрігер

Балалар амандасады.

Ойын ойнайды.

Рахмет айтады.

Сатушымен амандасады.

Мұғалім

Допты бір біріне лақтырып қай маман қандай қызымет атқаратының айтады.

Мысалы: Мұғалім – оқытады, дәрігер – емдейді, құрлысшы – құрлыс салады т.б.

Жолда жүгіруге болмайды, бағдаршамның қызыл көзі жанғанда тоқтаймыз, сары көзі жамғанда дайындаламыз, жасыл көзі жамғанда жүреміз, т.б.

Балалар үстел басына отырады.

Дымбілмеспен қоштасады.

Рефлексивті түзетуші Қандай мамандық иелерін білдіңдер.

Балалар ерінбей еңбектеніп оқу қызыметіне жақсы қатысқандарын үшін көп рахмет, бүгінгі алған көңіл күйлерінді осы смайлик арқылы білдіріндер.

Балалар мамандық иелерін айтады.

Балалар смайликтерді таңдап қағаз бетіне жабыстырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мамандық иелерін біледі.

Игереді: Мамандықтардың қандай қызмет атқаратының игерді. Меңгереді: Мамандық таңдауға деген қызығушылықтарын меңгерді.

Өзіндік сараптама

Тәрбиеші: Гулмира Муратқызы Белибаева.

Топ: № 12 «Балауса» ересек тобы.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.

Тақырыбы : « Мамандықтың бәрі қажет, мамандықтың бәрі жақсы»

Мақсаты : Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру.

Білімділік: балаларды әр түрлі мамандықтар иесімен таныстыру.

Дамытушылық: ойын арқылы толық жауап беруге дағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту.

Оқу қызметінде қонақтармен амандасу, шаттық шеңберімен бастадым. Ұйымдастырушы ізденуші ретінде Дымбілмес келіп, оның басынан өткен уақиғасын айтқызу арқылы балалардың қызығушылығын тудырады. Дымбілмеске көмек көрсетуге бел байлап мамандықтар иелеріне барып, олардың атқаратын қызыметтерімен таныстырылды. Ұйымдастырылған ашық оқу қызыметі саяхат ретінде жүргізілді. Дымбілмеске көмек көрсету арқылы балаларды қамқорлық, көмек көрсетуге деген қызығушылықтарын тудырдым. Әр мамандық иелерінің атқаратын қызыметтері көрсетіліп таныстырылды. Балалар ойынға жақсы көңіл күймен қатысып, ат салысты.

Жалпы айтқанда осы ашық оқу қызметінде мамандардың, олардын бізге пайдасы, қызметі туралы білімдерін тереңдеп, ойлау қабілеттерін артып, үлкендердің еңбектерін қадірлей білуге, оларды құрметтеу керектігіне көздері жетіп, әңгімелеу барысында байланыстыра сөйлеуге дағдыланды. Осыған орай қойған мақсатқа жеттім деп ойлаймын.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.