А дыбысы мен әрпі

ШҚО Абай ауданы Тоқтамыс ауылы
Мектеп: Жаңғазы Молдағалиев
тәрбиеші
Актанберлы Гулжанат Мейрамғалиқызы

Пәні: Сауат ашу
Сыныбы: Мектеп алды даярлық
Сабақтың тақырыбы: А дыбысы мен әрпі
Мақсаты: А а дыбысы мен әрпін таныстыру, алғаш рет танысайын деп отырған әріптерінен келетін сөздерді, дыбысына байланысты буындар мен сөздерді білуге үйрету.
Сөздерге дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру. Сөздерде қанша әріп қанша дыбыс бар екенін ауызша үйрету. Сөздік қорларын байыту, тіл байлықтарын дамыту, дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрау қабілеттерін дамыту.
Оқушыларды сыпайылылыққа, жолдастыққа достыққа, бір-бірінің ойын түсінуге бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі: саяхат-ойын сабақ
Әдіс-тәсілдері: сұрақ –жауап, көрнекілік
Технологиясы: сын тұрғысынан оқыту
Көрнекілігі: көкөністер, жемістер, заттық суреттер, А әрпінің баспа, жазба түрлері, себет.
Қажетті құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, бор, тақта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Психологиялық дайындық
— Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сауат ашу сабағы өзгеше өткелі отыр, оған себеп, бүгін бізге қонаққа
— Ата-аналарымыз, апайлар келіп отыр. Солармен амандасып алайық.
II. Психологиялық дайындық.
1. Қайырлы таң досым
Қайырлы күн болсын
Жеті күннің әр кезі
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз, кілең бестік болсын!

III. Ой қозғау.
Балалар біз бүгін саяхатқа аттанамыз. Саяхатымыз орман болмақ.
— Орманды кәне көз алдымызға елестетейікші
— ( балалар өз ойларын айтады)
— Қандай аңдарды білетін едік.
— Ал ендеше біз білетін түлкі қандай аң?
Ол барлық аңдарды алдап жүреді. Бір күні аңдар: « Қап бәлем түлкінің сазайын тартқызайын» –деп ақылдасып, түлкінің үйіне баратын жолды бөгеп, өздері тұрып алыпты:
— Біз түлкіге көмектесеміз бе?
— Олай болса түлкіге кедергі келтіріп тұрған аңдардың тапсырмасын орындап түлкіге көмектесейік.
1-ші аң түлкіге кездескен – қасқыр
Қасқырдың тапсырмасы: Қандай зат артық.
1) кітап, дәптер, қалам –оқу құралдары, доп – ойын құралы
2. ұшақ, автобус, машина — көліктер, көйлек — киім
3. төрт түлік — жолбарыс
4. ыдыс-аяқ — банан

Қасқырдың сыйластық жақсы сөзі: «Жолың болсын!»

  • келесі кедергіде тұрған аң — кірпі.
    Ол «төрт түліктің төлін тап» деген тапсырма:
    Қойдың тапсырмасы:
    қой –қозы 1) буынға бөлу, сөйлем құрау
    жылқы-құлыншақ 2) жылқының пайдасы
    сиыр-бұзау 3)
    ешкі-лақ 4)
    түйе-ботақан 5)

Сыйластық сөзі: «Саған сәттілік тілеймін»
Келесі кезекті аң – аю
Аюдың тапсырмасы: «Ажырату»
— оқушылар мына жерде күз мезгілінің байлығы жемістер мен көкөністер бар, бірақ ол қай себетке барарын білмей тұр? Кәне ажыратайық

Ортақ қасиет
Дәруменге бай
Денсаулыққа пайдалы
Адамның ағзасына пайдалы
Аюдың сыйластық сөзі: «Рахмет сау бол!»
— оқушылар біз жаңа қандай аңның тапсырмасын орындадық? – дұрыс аюдың.
Мына себеттегі жемістердің атын атаңдаршы?
— алма, алмұрт, алхоры
Олай болса бүгінгі танысатын алғашқы әрпіміз
А әрпі болмақ.
Қане кітапқа қарайық, ненің суреті — алма, алмұрт, ананас.
-А әрпі қандай дыбыс деп?
-А дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында да кездеседі.
А дыбысы
сөздің басында

Реклама