Жаңа сабақтар

«Қош келдің, Әз Наурыз»

Наурыз мерекесін қарсы алу әрбір азаматтың борышы деп есептеген халық жыл сайын өз дәрежесінде, лайықты тойлайды. Биылғы жылы ашылғанына екі жыл ғана болған Екібастұз қаласының № 36 мектеп-лицейінде де Наурыз мерекесі өте жоғары дәрежеде өтті. Оқушыларымызға қазақтың тәлім-тәрбиесі мен салт-дәстүрін насихаттау мақсатында: әрбір сыныпта дәстүр түрлері, жөн-жоралғылар, қазақтың ұлттық билері, ойындары нақышты дәріптелді. Сонымен қатар тәрбие сағаттарында тарих пен әдебиетке, Астананың 20 жылдығы мен Павлодардың 80 жылдық мерейтойларына да өте тұшымды сабақтар көрсетілді. Жалпы мектептегі әрбір шара оқушыға нәрлі, жүйелі бағдар берері сөзсіз.

Қазақ тілі мұғалімі Дулат ТЫНЫБЕКОВ

Реклама

Добавить комментарий