ДAMЫTА OҚЫTA OTЫРЫП OҚУШЫЛAPДЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТ У

ҚУАТОВА ГУЛЬСАРА ТЕМИРКУЛОВНА

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы №47 ЖOББM

бастауыш сынып мұғалімі.

Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс – тәсілдері.

Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.

Ø Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.

Ø Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.

Ø Жеке басдамытуға бағытталған әдіс – тәсілдерді қолдану.

Ø Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.

Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілімөлшерден шығып, саналы іс – әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л:С Вготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген. /6, 15 б. /

В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы» – дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:

  • Оқу міндетін қою сабағы
  • Модельдеу сабағы
  • Түсінікті нақтылау сабағы
  • Нақтылау сабағы
  • Бағалау сабағы

Оқу мақсаттарының нақты қойылуы.

Оны шешудің жолын бірге қарастыру.

Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі – дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде ғана болады. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын дәлелдей білуге үйретіліп,әр оқушыға өз ойын ,өз пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Дамыта оқыту белгілері:

Педагогикадағы түсіндірмелі – иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуы – тығыз байланыста.

Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.

Балаға іс – әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.

Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

Аталған сабақ түрлері оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Заман талабына сай 12 жылдық орта білім беру мазмұны Стандартпен анықталатын келесідей түйінді құзыреттіліктер ретіндегі білім беру нәтижелеріне әрбір білім алушының қол жеткізуіне бағытталған:

– проблемалардың шешімін табу

– ақпараттық

– коммуникативтік құзыреттіліктер

– Құзыреттілік – оқушылардың іс -әрекеттің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі деп Қазақстан республикасы Жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттың жобасында анықтама берілген. / 3, 20-21 б. /

Олай болса, бастауыш сыныптардан бастап дамыта оқыту технологиясын оқушының түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағыттай жұмыс істеу талап етіліп отыр. Оқушы құзыреттіліктерін мүмкіндік беру саласы:

Оқушының құзыреттіліктерін қалыптастырудағы дамыта оқыту технологиясының қолданыс табуын төмендегідей көрсетуге болады.

Оқу мәтінін қою сабағында

І. Табыс ситуациясын тудыру кезеңінде оқушылар өз жетістіктеріне көз жеткізеді, яғни білетіндері сараланады. Осы кезеңде оқушылардың ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту көрініс береді.

ІІ. Интеллектуалдық шиеленіс кезеңінде оқушылардың ізденіс зерттеу әрекеттерін ұйымдастыруда салыстырады, топтардың жауаптары тыңдалып, шешімдері тыңдалады. Осылайша сабақ мақсатын оқушылар өздері айтады. Бұл кезеңде оқушылар алдарына қойылған проблемаларды анықтап, топтың шешімі арқылы мақсат қояды. Яғни, проблеманы шешу құзыреттіліктері қалыптасады.

ІІІ. Оқу міндетін қою кезеңінде жеткіліксіз білімдерін өздері меңгереді. Оқулықтан тиісті ақпаратты тауып, қажеттісін сызба арқылы береді.

ІҮ. Оқу міндетін шешу амалдарын іздестіруде практикалық жұмыстарды топ өздері орындайды, қиындықтарды анықтап, шешімін айтады.

Ү. Қорытынды рефлексия кезеңінде әр топ, әр оқушы өз түсінігіне талдау жасап, өмірде қолданылу аясын айтады. Келесі сабаққа міндет белгілейді.

Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде

ü оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды

ü проблеманы шешу жолын іздестіреді

ü жаңаны өздері табады

ü ақылдасады, кеңеседі

Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының проблеманы шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалыптастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады. / 7, 17 б./

Проблеманы шешу құзыреттілігін қалыптастыруға арналған тапсырма, Мысалы:

А. Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңіне сүйеніп, сызбаны толтыр.

Менің бойымдағы жақсы қасиеттер Менің бойымдағы жағымсыз қылықтар

Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар.

  • Ақпараттық ізденісті жоспарлау
  • Мақалдардың әңгімемен сәйкестендір.
  • Ақпаратты өңдеу
  • Әңгімелердің идеясын анықтап, өз пікіріңді дәлелде.
  • Логикалық операцияларды пайдалану.

Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар

  • Жазбаша қатынас
  • Мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір.
  • Диалог құру
  • Өнімді топтық қатынас
  • Мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айт.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары

І. Әдістемелік іс – әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

Сабақтың мазмұны

  • Оқу жағдайын ескеру
  • Әдістемелік тәсілдерді қолдану
  • ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау
  • Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)
  • Сабақтың әр этапындағы оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау
  • Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс – тәсілдерін таңдау.

ІІІ. Сабақты жүргізу.

  • Әр сабақтағы баланың іс – әрекетін ұйымдастыру
  • Оқушымен жанама қарым – қатынас
  • Жұмыс барысын бақылау жұмысы

IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)

  • Қойылған мақсатқа жету
  • Тақырып бойынша өзгерістер енгізуОқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер) /5, 22-25 б./

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:

Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс – әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс – тәжірибесінде қалай қолданады?

1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсендіәрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым – қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.

2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.

3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.

6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.

Құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар нұсқасын ұсынып отырмын

Модуль: Мен және қоршаған орта

Тақырып: Денсаулық- зор байлық

Проблеманың шешімін табу құзіреттілігі Ақпараттық құзіреттілік Коммуникативтік құзіреттілік
1.Адам ағзасына пайдалы тағамдар, көкөністер, витаминдерді атау, сөзжұмбақ дайындау 1. «Мектепте оқушылар қандай аурулармен ауырады?» деген тақырыпқа мәлімет ізде 1. Жеке бас тазалығы туралы пікіріңді білдір.-Дәріханадан тұмауға қарсы ішетін дәрілердің сипаттамасын ал. Оның қабылдау нұсқаулығын сызба түрінде жаса.
2. Мектеп асханасындағы ас мәзірімен таныс. Өзіңе қай күнгі ас ұнағанын айт. 2. Қыс мезгілінде болатын жұқпалы аурулар туралы ақпарат жина.-Сүттен жасалатын тағамдарды атап, олардың адам ағзасына тигізетін пайдасын анықта. 2. «Денсаулық-зор байлық» тақырыбына сыныптастарыңның алдында өз пікіріңді білдір. Көпшілік алдында не айтатыныңды алдын ала ойластырып, жоспар жаса.
3. Түскі аста берілетін сусынның тізімін жаса, дайындау жолын анықта. 3. Түрлі ақпараттарды жинақтап, бір жүйеге келтіру 3. «Дәрігер – науқас» диалог құрастыру.
4. «Денсаулық бұрышы» кітапхана ұйымдастыру 4.Тұмауды жұқтыру жолдарын сызбаға түсіру;-Емдеу жолдары, мысал келтір 4. Денсаулық туралы жинаған мәліметтерді сыныптастарыңмен бөлісе отырып, топта

Чех педагогы Ян Амос Каменский ойынды баланың ең қажетті іс-әрекеттің табиғатына және бейімділігіне ең жауапты түрі деп санайды. Ян Амос Каменский ойын құптай отыра, өз сабақтарымда ойын түрлерін жиі жүргіземін.Тіл сабақтарында сөздің мағынасын терең ұғынуға, зейінін, ойлауын байланыстыра сөйлеуін дамытуда мына ойындарды пайдаланамын: «Алтын қақпа», «Ойлан», «Жалғастыр», «Кім шапшаң», «Ұйқасын тап» т.б. («Алтын қақпа» ойынының жүргізу жолын ұсынып отырмын.) Ал математика сабақтарындағы ойындардың негізгі міндеті – есептеу дағдыларын қалыптастырып, жетілдіру. Осы мақсатта Қазіргі уақытта қолданып жүрген ойындар: «Санамақ», «Математикалық баспалдақ», «Үндемес», «Компьютер», «Кім жылдам», «Математикалық волейбол».Сол сияқты қазақ тілі және әдебиеттік оқу пәнідерінен жаңа сабақты меңгертуде сызбалар пайдаланамын.

Сызба №1

Әдебиеттік оқу, тақырыбы «Дос»

Дағды Анықтама Оқушының іс-әрекеті
1.Білім Әңгіме шығарманың қай түріне жатады? Тыңдайды, қабылдайды, еске сақтайды, ойлайды.
2. Түсіну Екі жауынгердің арасындағы достық оның қай түріне жатады? Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады.
3. Талдау Сеніңше достықтың түрлері бола ма? Болса қандай-қандай деп ойлайсың? Неге олай? Ойланады, салыстырады, табады, ашады, ізденеді.
4. Жинақтау Осы тақырыпты өзің жалғастырып көр немесе өлең шығару Ойлап табады, қарастырады, құрастырады, шығарады, байланыстырады.
5. Қолдану Сенің мақсатың қандай? Досың сенен не күтеді? Дос сенімін қалай ақтар едің? Проблеманы шешеді.
6. Баға Әңгімелердің маңызы бар ма? Әсері қандай? Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

ҚР Жалпыға міндетті білім берудің Мемлекеттік стандарттары//

Құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырма//

Бастауыш сыныпта оқыту, 3-2008-20-21б.

Әдістемелік нұсқаулық //1999 ж .

Эльконин-Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы» //

Педагогикалық шығармалар, 7-1998 ж-17 б.

  1. Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері //
    Психологиялық ғылым және білім беру , 5-2003 – 22-25 б.
Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.