КОНКУРС

Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың шы ғармашылық қабілеттерін арттыру жолдары

ДОСКАЛИЕВА АЙСЛУ АМАНТАЕВНА

Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы,А.Байтұрсынов атындағы

№46 ЖOББM бастауыш сынып мұғалімі.

«Бала дамуының ең шарықтау шегі –

бұл тіл мен ойдың шығармашылығы » Л.С.Выготский

Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» — деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім-үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орай оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік – дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Дамыта оқыту әдісі белгілі бір түрі. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастарды жетілдіру, оқушылардың өздігінен білім алу, дүниетанымын қалыптастыруда жетекші рөл атқаратын оқыту жеп есептеледі.

Оқушы дамуының негізі-оқу әрекеті. Оқу әрекеті-әрбір сабақтың өзегі. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар. Дамыта оқытудың В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс – тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді.Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының — тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады.

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы
  2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы

  3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл — үшеуі дамыта оқытудың Д.Б. Эльконин -В.В. Давыдов жасаған жүйенің негігі компоненттері. Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асыралады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тындалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенімен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесім ен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.

Біріншіден- дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

Екіншіден- дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып,, өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дамуына қол жеткізе алады. (Жақсы оқушы, жаман оқушы) ұғымның болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту жүесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым – қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүедегі әміршілдік стиь бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы» объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйекткей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көз қарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы субъект.

Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:

  1. Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
  • Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;

  • Олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;

  • Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;

  • Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;

  • Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркінігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;

  • Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.

  • Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтар типологиясы:

    1. Педагогикадағы түсіндірмелі-иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
  • Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігін сәйкестендіреді.

  • Бала іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.

  • Бала қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.

  • Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.

  • Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.

  • Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде оқушылар сабақтың мақсат, міндеттерін өздері анықтайды, проблеманы шешу жолдарын іздестіреді, жаңаны өздері табады, оқушыларға кеңеседі.

    Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары.

    1. Әдістемелік іс-әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі. Сабақтың мазмұны. Оқу жағдайларын ескеру. Әдістемелік тәсілдерді қолдану.
  • Келесі сабақтың моделін жоспарлау.

  • Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау. Сабақтың әр этапында оқушының негізгі іс-әрекеттерін анықтау. Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін таңдау.

    1. Сабақты жүргізу.

    Әр сабақтағы баланың іс-әрекетін ұйымдастыру. Оқушымен жанама қарым-қатынас. Жұмыс барысын бақылау жұмысы.

    1. Рефлексия.

    Сабақтың қорытынды бағасы. Мақсатқа жету. Тақырып бойынша өзгерістер еңгізу. Оқыту нәтижесін талдау.

    Дамыта оқытудағы мұғалімнің басты міндеті:

    -оқу материалдарын оқушыға дайын күйде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс- тіжірибесінде қолдануды үйрету.

    Мен өз сабақтарымда дамыта оқыту технологиясы бойынша жоспарлап жүргіземін. Мұғалімнің оқыту шеберлігіне байланысты оқушыларды топқа бөліп орталықтарға бөлу тәсілі және

    1. Оқу және жазу орталығы.
  • Математика орталығы

  • Ғылыми зерттеу орталығы

  • Өнер және драма орталығында оқушыларға тапсырма береміз. Мұғалім тек басшылық жасап, қорытындылап отырады.

  • 1 — әдіс тәсілі. Проблеманы қою және оны шешу. Ортаға бір ситуациялық сұрақ тастап содан шығу жолдарын іздеу жауап беру.

    2 — әдіс тәсілі.Өз ойларын толық жеткізу; сұраққа жауап беру. Оқытушы оқушы ойымен санасу, тыңдау, жауабын құптау, оқушыны сыйлау. әр баланың қабілетіне сену, жоғарыдан қарамай, оқушы бойының деңгейінде болуын мұғалім естен шығармаған жөн.

    3 — ойын әдіс тәсілдері.Ойнай отырып ойлау дағдылары, сөйлеу мәдениеті, өзіне таныс емес сөздердің мағынасын ашады. «Фермерлер» ойынын бала шаршаған сәтте, балаларды сапқа тұрғызып әр баланың жауырыны саған қарап тұрған сенің сатып алған жеке меншік жерің деп ойлаймыз. Сендер фермерсіңдер. Осы жерді күтіп, баптаймыз деп сергіту жаттығуын жасай отырып баланы еңбекке баулимыз, үлкендердің еңбегін құрметтеуге, мамандық таңдауға және бір – біріне жақсылығы үшін алғыс айтуға тәрбиелейміз.

    Мен бастауыш сыныпта еңбек етіп келемін. Білім кілті бастауышта тіл дамуы, тәрбие, білімге деген құштарлықтың оянуы да осы бастауыш сыныптарында 1 — 2 сыныптарда ойын арқылы тәрбиелеу. Оқыту балаға да оқытушығы да жеңіл рольдерге бөліп ойнау. «Алақан жылуы», «Денсаулық сақтау» хирург ойындарын баланың шамасына қарай ойнатамын. 3 — 4 сыныптарда дамыта оқыту технологиясының ғылыми орталықтарға бөлу әдістерін қолдану арқылы жүргізген сабақтарымды оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, өз бетінше ізденуіне, ауызбіршілікке және пәнаралық байланыс жасауда маңызы зор. Мұғалім ұзақ түсіндіріп, оқушыдан сұрап уақытын зая кетірмейді.

    Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жас өспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың кұрметті иесімен болып сақтаушысына айналады»-деп айтқан. Өйткені, жәй ғана сабақ құнарсыз тағам секілді адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар мұғалімнің өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп, шәкірт жүрегінен орын алады.

    ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

    1. Білім беру заңы.

    2.Құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған тапсырма// 12 жылдық білім беру, 3-2008-20-21б.

    3.Әдістемелік нұсқаулық //1999 ж .Эльконин-Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы» // Педагогикалық шығармалар, 7-1998 ж-17 б

    1. .ҚР Білім беру тұжырымдамасы

    5.Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. «Педагогика» Алматы, 2002ж.

    6.Б.Тұрғынбаева. «Дамыта оқыту технологиялары» Алматы,2000 Оқу-әдістемелік құрал.

    Реклама

    Добавить комментарий