ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ТАҚЫРЫПТЫ САЛЫСТЫРМАЛ Ы ТҮСІНДІРУ ӘДІСІ БОЙЫНША АШУ

Айсариева Пердекуль Алданышовна

Астана қаласы №39 кешкі мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Өнер-білім, халқының сауаттылығы қай елдің болсын баға жетпес байлығы. Халықтың рухани-мәдени дәрежесін көтеру, жас ұрпақты жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу мақсатында еңбек ету – әрбір педагогтың міндеті. Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ертеңгі болашақ – жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілік жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Төртінші басымдылық білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін барынша қарқынды жолға қоюымыз керек»,- деген болатын.

Осыған орай, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда өскелең ұрпаққа сапалы да жан-жақты білім берудің маңызы ерекше. Білім беру сапасының жоғары әрі оның нәтижесінің жақсы болуы – сабақтың ғылыми жаңалықтарға сай болуынан көрініс береді. Жалпы жаңа педагогикалық технологияларды қолдану сабақтың сапасын көтеруге, оқушының білімге деген оқу-танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.

Қазақ әдебиеті сабағында озық тәжірибелерді пайдалана отырып, алдымызға қойған негізгі мақсатымыз: «Тақырыпты салыстырмалы түсіндіру әдісі арқылы ашу». Осы өзекті мәселені жүзеге асыру жолында сан қилы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөлеміз. Қазіргі кезде жаңа технологиямен оқытуда қазақ әдебиеті пәніне жүктелетін міндеттер: оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып, болжау қабілетін дамыту, сауаттылығын арттырып, өз ойын дәлелдеуге үйрету. Қажеттілігі – оқушылардың шығармашылықпен және өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру. Тиімділігі – оқу сапасының, оқушының оқуға деген ынтасын артуы әрқашан өз жемісін берері сөзсіз.

Тақырып ерекшелігіне байланысты екі не үш тақырыпты салыстыра отырып немесе екі-үш пән мен пәнаралық байланыс орната отырып сабақ өткізу соңғы кездері тәжірибеде жиі қолданып келеді. Оқытудың бұл түрі оқушыларға білімді жан-жақты пәнаралық байланысқа негізделіп, терең әрі ғылыми түрде игерте отырып, бір сабақтың өзінде-ақ бірнеше пәннен немесе бірнеше тақырыпта білім беруді жүзеге асырады, әрі уақыт үнемдейді.

Тақырыпты салыстырмалы түсіндіру әдісі арқылы ашуда пәнаралық байланыс қағидасын іске асыра отырып, мұғалім басқа пәндерден берілетін білімге арқа сүйейді, оқушының ойлау қабілетін дамытады. Оқушыны ерікті түрде жұмыс істеуге, шешімдер қабылдауға баулиды.Махамбет шығармаларындағы Исатай бейнесі туралы өткен сабақта тарихтағы Исатай мен ақын жырындағы Исатайды салыстыра отырып «Махамбет жасаған Исатай бейнесіндегі тарихи шындық» деген мәселені шешуге болады. Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде төмендегідей кестені толтыру тапсырылды. хрестоматияда да жазылмаған.

«Арыстан одан кім өткен?» (Махамбет жырларындағы Исатай бейнесі) Тарихи мәліметтердегі Исатай Тайманұлы Менің ойым
1

2

3

Тайманның ұлы Исатай

Ағайынның басы еді,

Алтын ердің қасы еді,

(«Тайманның ұлы Исатай»)

Теңіздей терең ақылдым…

Тебіренбес ауыр мінездім.

(«Тарланым»)

Бұлттан шыққан шұбар күн,

Буыршын мұзға тайған күн,

Біздің ер Исатай өлген күн.

(«Мұнар күн»)

Тайманұлы Исатай (1791-1838) – 1836-1838 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, халық батыры, (Елтұтқа. Астана 2001 «Күлтегні» баспасы. 187-бет)

Исатай беріш руының биі. Исатай би, көп сөйлемейтін сабырлы адам. Керек орында сөзге шешен. Исатайдың сөзіне ешкім шыдай алмайды. (Х.Досмұхамедов «Тайманұлы Исатайдың қозғалысы туралы қысқаша мағлұмат» Алматы. Ана тілі 1991)

1838 жылы Баймұхамед сұлтанның ордасына шабуыл жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында қалып, қаза табады. (Елтұтқа)

Махамбет өз жырларында халық көтерілісінің көсемі, халық батыры Исатайдың тамаша бейнесін жасады. Исатай да, Махамбет те халықтың азаттығы мен тәуелсіздігі жолында күрескен есіл ерлер.Олардың ерлікке толы күрес жолдарына үңіле отырып, мен бүгінгі таңда қол жеткізіп отырған тәуелсіздік пен егемендіктің жолында талай боздақтардың қаны төгілгеніне көзім жеткендей болды. Осындай «Азаттық үшін алысқан арыстан ұлдары бар» менің Отаным ХХІ ғ. өркендеп, көркейе береді. Оған мен де өз үлесімді қосамын.

Бейнелеу өнеріндегі Исатайды (Исатай портреті) тарих, әдебиеттегі Исатаймен салыстыру, өнердің осы екі туындысындағы Исатайдың қайсысы тарихи Исатайға ұқсас екендігін дәлелдеуге көп септігін тигізеді. Ауыз әдебиетіндегі батырларды бейнелейтін көркемдегіш сөздер мен Исатай бейнесіндегі образды сөздерді салыстыру Исатай образын ашуда ғана емес оқушылардың тіл байлығын дамытудағы ең тиімді тәсілдердің бірі болып табылады.

Сондай-ақ оқушыларға сын тұрғысынан ойлаудың «Ой толғау» стратегиясы бойынша эссе жаздыруға да болады. «Исатай бейнесіндегі фольклорлық дәстүр» туралы да практикалық жұмыс орындатып, Қобыланды, Алпамыс образдарын беретін көркем тілге талдау жасаудың тиімділігі зор. Кейіпкерлерге салыстырмалы талдау жүргізе отырып:

1.Оқушы мәтінмен жұмыс жүргізеді.

2.Өз көзқарасын, пікірін айтуға үйренеді.

3.Тіл байлығы дамиды.

Тақырыпты салыстырмалы түсіндіру әдісі арқылы мұғалім сабақта неге қол жеткізеді?

  • оқушыларды әдеби шығармаларды әр түрлі бағытта талдауға дағдыландырады;
  • пәнге деген қызығушылығын арттырады;

  • пәнаралық байланыс орнатады;

  • оқушы жан-жақты толық мәліметтер алады;

  • оқушы өз бетімен жұмыс жасайды, ізденеді;

  • өз бетімен білім алудағы белсенділігі артады;

  • бір нәрсені әр түрлі қырынан көреді;

  • өз ойын дәлелдеп, қорытынды жасауға үйренеді.

Қорыта келгенде, О.Бальзактің «Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы» дегендей, кез-келген ұстаз шығармашылықпен еңбек ете білуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақты сапалы біліммен қаруландыра аламыз.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 1 наурыз 2006.

  2. Б.Иманбекова, К.Әбдрейімова, Қ.Мазаржанова. Оқытудың негізгі формасы – сабақ. Алматы, -2003

  3. М.М.Жанпейісова. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002

  4. Қ.Бітібаева, Құдайбергенова Г., Мұқашева М.. Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы. Өскемен, 2002

  5. К.С.Құдайбергенова. Инновациялық тәжірибе орталығы – педагогикалық технология көзі. Алматы, 2001

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.