Математика және өмір

Астана қаласының «көлік және коммуникация колледж»

1 курс студенттер: Көпбосын Дарья,Сембек Алия

Ғылыми жетекшісі: Джаппарова Кулзайра Имантаевна

Адамдар түрлі машиналарды ойлап тауып жатыр, электростанцияларды құрып жатыр, жер асты байлығын іздеп тауып жатыр, континент және океандарды өте жоғары жылдамдықпен басып өтіп жатыр, атомның сырларын тағы да тереңдеу біліп жатыр, космосты көбірек үйреніп жатыр, көз көрмеген құлақ естімеген жаңалықтарды жаратып жатыр.
Математикадағы сандар ілгері заманнан бері белгілі, бірақ оларды бірінші болып кім тапқандығы белгісіз. Қазіргі заман математикасы өте жоғары дәрежеде дамыған. Бұл даму барлық бағыттар бойынша жалғасын тауып жатыр, кейбір ұғымдар жүз жылдар, қала берсе, мың жылдардан бері өмір сүріп келе жатыр. Ескі теориялар негізінде жаңа теориялар проблемалар пайда болып жатыр. Адамзаттың өмірінің барлық саласына терең кіріп бара жатыр, сонымен бірге математиканың құрылымы, оның әдістері және жалпы принциптері өсіп және күрделеніп барады.
Бірақ, математиканың ең күрделі теңдеуінен оның сандармен өрнектелінетін ракета жылдамдығын өрнектейтін санды, өте күшті трубина оғының сантиметрлерде есептелінетін диаметр ұзындығын көрсетуші санды, кемелерге соғылатын довулдың балдарын өрнектейтін сандар және басқа көп анық сандарды есептеп табу ұзақ және қиын жол. Бұл жолдар ондаған және жүздеген кезеңдерден тұрады. Мысалы, ауа райын алдын ала айтып беретін метериолог көп цифрлы сандар үстінде бірнеше он миллион амалдарды орындауы керек. Ірі кәсіпорын жұмысшыларына төленетін жалақысының ведомосты түзу үшін бірнеше миллиондаған есептеу амалдарын орындау керек.
Математика — әлдебір әлемнің сандық қатынастары мен кеңістіктік формалары, оның ішінде — структуралар, өзгерістер, белгісіздік жөніндегі ғылым. Ол абстрактілендіру және логикалық қорыту, есептеу, санау, өлшеу және физикалық нәрселерді жүйелі түрде орнықтыру, бейнелеу мен өзгерістерді оқыту арқылы көрініс табады.
Математиктер жаңа тұжырымдамаларды сипаттайтын осы түсніктерді ретімен таңдалып алынған аксиомалар мен анықтамаларды пайдалана қорыта отырып зерттейді.
Математика ғалымдар есептеу әдістерін ықшамдау және жылдамдату үстінде басқатырмағанда және инженерлермен бірге есептеу машиналарын таппағанда жер бетіндегі адамдардың төрттен бір бөлігі айлықтарын есептеу жұмысымен үздіксіз шұғылданған болар еді.
Математика (грек.mathematike- білім, ғылым)- ақиқат дүниенің сандық қатынастары мен кеңістік формалары жайлы ғылым. Көрнекті совет математиктері А. Н. Колмогоров пен А. Д. Александров ұсынған жіктеу бойынша математиканың даму тарихы шартты түрде төрт кезеңге бөлінеді.
Бірінші кезең- математиканың білім- дағдыларының қорлану, жинақталу дәуірі. Ол ерте кезден басталып б.з.б. 7-6 ғасырларына дейін созылды. Бұл дәуірде математика адамзат практикасы мен тәжірибесіне тікелей тәуелді болды, солардан қорытылған ережелер жинағынан тұрды. Екінші кезең- математиканың өз алдына дербес теориялық ғылым болып туу, қалыптасу кезеңі. Мұнда арифметика, геометрия, алгебра, тригонометрия айрықша теориялық пән болып қалыптасты. Бұл кезең тұрақты шамалар математикасының, кейде элементар математика кезеңі деп аталады. Ол екі мың жылға жуық мерзімге созылып, шамамен 17 ғасырда аяқталады. Үшінші кезең- айнымалы шамалар математикасы немесе жоғары математиканың туу, қалыптасу кезеңі. Бұл 17 ғасырда басталып, 19 ғасырдың 2-жартысына дейін созылды. Жиындар теориясына байланысты анализдің, геометрияның және алгебраның жаңа сападағы салалары шыққаннан кейін, математиканың негізгі мәселелерін жалпы қарастыру кезеңін төртінші кезеңге жатқызуға болады. Ол- 19-20 ғасырларды қамтитын қазіргі математика кезеңі.
Математиканың тууы. Математиканың бастапқы мағлұматтары барлық халықтарда болған. Ғылымның дамуына әсіресе Египетте(Мысыр), Вавилонда жинақталған мәдени дәстүрлердің ықпалы үлкен болды. Бұл елдерде б.з.б. 4-5 мың жылдай өзіндік мәдениет өркендеп, ғылыми білім қорланған. Календарь жасау, құрылыс, жер суару, жер және әр түрлі ыдыс көлемін өлшеу, теңізде жүзу, жан- жақты байланыс жасау ісі математикалық білім- дағдылардың дамуын талап етті, оның бастапқы қарапайым ережелері дәлелдеусіз қалыптаса бастады. Египетте санды иероглиф арқылы кескіндеу пайда болды, бүтін, бөлшек сандарға арифметикалық төрт амал қолдану ережелері мәлім болды. Бір белгісізі бар теңдеулер, сондай-ақ қарапайым арифметикалық және геометриялық прогрессияларға келтірілетін есептер шығару тәжірибесі кездеседі. Египеттіктер төртбұрыштың, трапецияның, үшбұрыштың ауданын, параллепипед пен табаны квадрат пирамиданың көлемін дәл есептей білген, дөңгелек ауданын жуықтап тапқан.
Орта ғасырлар математикасы
Математика ғылымының кіндігі де, тұсауыда кесілген жері ертедегі шығыс (Қытай, Үнді, Вавилон, Мысыр). Онан кейін, ол Вавилон мен Египет, Грецияға ауысады. Греция математиктері математиканы өзінің нәтижелері мен түпкі қағидаларын логикалық қортынды арқылы келтіріп шығаратын дедукциялық ғылымға айналдырды. Гректер әсіресе бастапқы геометрияға жататын мәселелерді түгел зерттеді деуге болады.
Жаңа заманнан ілгері 47 ж. Рим әскерлері Грекияны басып алып Александрия портындағы Мысыр кемелерін өртегенде, өрт кітапхананы да шарпып, натижеде екі жарым ғасыр бойы жинап сақтаған кітаптар мен 500 мың парша қолжазба күйіп түгейді. 4 ғ. Христандар Грекия пұтханаларын өртеген кезде Серапис пұтханасындағы 300 қолжазба күйіп кеткен.
Міне, осындай тарихи себептерден, әрі Грек математикасының өзіндегі олқылықтар себебінен, ежелгі Грекия математикасы тоқырайды. Осыған байланысты бүкіл Еуропада ғылым дамымақ түгіл, уақытысында болған ғылымдардың өздері жоғалып, Еуропаны қара түнек басады. Ақыл берген ғасырлардың орынына мың жарым жыл бойы үздіксіз созылған оянбайтын ұйқыға батқан «Ақыл-ой» ғасырлары келді. Адамзат тарихында мұнан үлкен, бұдан ғаламат ауыртпалық болған жоқ.
Шығыс математикасы 5 ғ-дан 15 ғ-ға дейінгі мың жылдан астам уақыт аралығында есептеудің әсіресе астрономияның қажетінен шұғыл дамыды, бұрынғы Грекия математиктерінің көпшілігі философ болса, кейінгі шығыс мәдениетінің көбінің астроном болуы міне осы себептен болса керек.
Адамзат тарихында ең ерте қалыптасқан ғылымдардың бірі – математика еді. Математиканың алғашқы бесіктерінің бірі Мысыр елі болды. Адамзат даналығының ойлап тапқан жаңалығы ол- жазу. Қазіргі әлем халықтары жазуды жоғарыдан төмен, солдан оңға қарай жазып жүр. Неге? Өйткені олар бұл әдісті соқаның қозғалысынан алған екен. Осы жазудың негізінде пайда болған таңбалардың бірі цифр. Цифр дегеніміз- сөздерді қағаз бетіне қондыру үшін қолданылатын әріптер қандай қажет болса, сандарды да жазу үшін керекті таңбалар. Цифр деген сөздің төркіні арабтың «Әс-сифр» деген сөзінен алынған, ал оның мағынасы — үнді халқының бос орын — «Сунья» деген сөзінің аудармасы екен.

Реклама