Өмірге қадам басқан сәби – ертеңгі ел тірегі

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы № 20 «Дидар» МДҰ
тәрбиешісі Кужанова Күляш Крымовна

Балаға мінез

3 адамнан жұғады екен:

1-ші ата-анасынан

2-ші ұстазынан

3-ші құрбысынан

Ерте заманнан қайырымды ұрпақ тәрбиелеу адамзаттың асыл парызы саналған. Қазақ халқында бала тәрбиесі жөнінде ежелден қалыптасқан жинаған мол тәжірибесі бар. Оны ата-бабаларымыз заман, қоғам талабына сай жақсы қасиеттермен толықтырып, ұл-қыздарының бойына сіңіріп отырған. Тәрбиенің отбасынан, өз-өзін қоршаған ортадан басталатыны бәрімізге белгілі. Біздің ұлттық ерекшелегіміз саналатын үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, бауырмалдық, кішіпейілділік сияқты қасиеттерді бала бойына сіңіру, тәрбиелеу.

Ы.Алтынсарин – мектеп ашу, бала оқыту, белгілі жүйемен сабақ жүргізу, шығармаларының дені ұрпақты өнер-білімге үндеумен қатар, Отанды сүюге, адамгершілікке баулу, өзін-өзі тәрбиелеу сияқты мәселелерді көтерген.

Ал, А.Құнанбаев – елін өнерге, жас ұрпақты білімге шақырды. Адамның ең қымбат кезеңі – жастық шақты оқуға, ғылымға, әсемдікті, жамандықтан қашу, еңбекті сүю керектігін өсиет етіп «Оқыту арқылы ойды ұштау, дамыту», — деп тұжырымдады.

Ұлы ұлағатты ғұлама Әл-Фараби:

«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп, осындай сөз, өсиет қалдырған ұлы бабалар өмірі – ұрпақтарға өнеге.

Қазақтың біртуар батыры Б.Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқыныш көбейіп кетті, себебі балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ, елден қорқам, екінші немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқам, үшінші дәмді-дәстүрді сыйламайтын балалар –өсіп келеді, қолына кітап алмайды, үйреніп жатқан бала жоқ, үйрететін әке жоқ, әже жоқ» деп, балалар болашағына алаңдап, ұлттық тәрбие кемшілігін ашып көрсетті.

Жас ұрпақтың дамуына өсуіне, тәрбиелі, көрегенді, саналы азамат болуына қоршаған ортаның әсері зор. Балабақшаға келген балаға жақсылықпен жамандықтың аражігін ажыратып, жақсы қасиеттерді үйретіп, жаман қасиеттерден бойларын аулақ ұстауға бағыт-бағдар беріп отыру, бала тәрбиесінің іргетасы балбақшадан. Бастау алатындықтан бұл істер тәрбиешіге жүктеледі.

Ұлттық код

Балаларды туғаннан бастап, халықтық педагогика негіздерін бойларына сіңіріп тәрбиелеу қажет. Бесік жырынан бастап, бала тәрбиесінде өнегелі сөздер, ақыл-кеңестер естіп өскен бала саналы, дарынды адамгершілік құндылықтары жоғары деңгейде болып, өсіп жетіледі.

Ұлттың ұлылығын білдіретін ең маңыздысы, ең басты көрсеткіш –тіл. Көркем шығармалар арқылы балалардың ана тіліне деген құрмет сезімі тәрбиеленеді. Балалар жақсылықтың нұрын, адамгершіліктің дәмін алғандай болады. Тіліміздің сөздік қоры мол, әдемі, көркем, құдіретті екенін балалар бойына сіңіріп, келешекте балаларымызды ұлтжандылықпен мейірімділікке, достықпен татулыққа білімге деген құштарлыққа тәрбиелей берейік. Сондықтан балаларға арналған санамақтарды, ертегі әңгімелерді, өлең жолдарын қазақи құндылықтарды дәріптеуге арнауымыз қажет. Мысалы:

Ө. Ақылбекұлы:

1-дегенім – бөрік

Кисең, бойға көрік

2-дегенім – етік

Киер сәнді етіп

3 дегенім – ішік

Теріден тігер пішіп

4 дегенім тымақ

Қыста киер, жылы – ақ

5 дегенім — байпақ

Іші жылы тайпақ.

Бас бармағым – атам

Ақыл айтар данам.

Балаң үйрек – әжем

Ертегі айтар адам.

Ортан терек – әкем

Тәртіпке ол бекем.

Шылдыр шүмек – канам

Саялаған панам.

Кішкентай бөбек – ол мен!

Үйренуге бекем!

Апта деген атайдың 7 бірдей ұлы бар

1-шісі Дүйсенбі

2-шісі Сейсенбі

3-шісі Сәрсенбі

4-шісі Бейсенбі

5-шісі Жұма

6-шысы Сенбі

7-шісі Жексенбі.

Немесе домбыра туралы:

Домбырадай мұрыны

Қастерлеуге тұрады.

Сонда жатыр халқымның

Әні менен ұран.ы.

Жыл санау

Жылдарменен таныс

Тышқан, сиыр, барыс

Әрі қарай одан

Қоян, ұлу, жылан

Жылды санай білейік,

Есте сақтап жүрейік!

Келесі бір көшің

Жлқы мен қой, мешін

Тауық, ит, доңыз

Он екі жыл деңіз

Жасты өлшеп пішер

Он екі жыл мүшел,

Жыл айналып келсін

Жақсылығын берсін!

Өмірге қадам басқан сәби – ертеңгі ел тірегі екендігін естен шығармауыңыз керек.

Қоғам болашағы саналатын жас ұрпаққа тәрбие беруде тәрбешілер, еңбектерінің жақсы нәтижесін көре беруіне тілектеспін.

Көл жиналып тамшыдан

Теңіз толсын шалқыған

Құт-береке кетпесін

Қазақстан халқынан!

Бүлдіршендер көбейіп

Өркендей берсін еліміз

Құт-береке дарытып

Көркейе берсін жеріміз!

Реклама