Жаңа сабақтар

Шәкірт жүрегінен жол тапқан ұстаз

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Тапалова Жанар Мырзағалыйқызы

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» деп ақын Абай атамыз айтқандай, әрбір адам өмірге келгесін кірпіш болып қаланып, ізіне өшпес із қалдырып кетеді.Қоғамда өзін тұлға ретінде қалыптастыру,шәкірт жүрегінен жол таба білу ол әрбір ұстаздың алдына қойған мақсаты.

Осы орайда «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген ақынның сөздер еріксіз ойыма келеді.Осындай ғибрат сөздерді ұран етіп жүрген, бойындағы бар жылулығымен ізгілікті бала бойына дарыта алатын ұлағатты ұстаз Сақтағанова Райса Тұрсынбай қызы жайлы айтқым келіп отыр. Ол 1966 жылы 26 тамызда Өзбекстан Республикасы, Хожелі қаласында дүниеге келген.

1973 жылы А Нариманов атындағы орта мектептің 1-сыныбына оқуға барып,1983 жылы аталмыш мектепті үздік бітіріп, Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсті. Алғашқы еңбек жолын Н.Крупская атындағы мектепте қазақ тілі пәні мұғалімі болудан бастады.Ата қонысқа яғни Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданына 2001 жылы қоныс аударып жұмысын Қалдығараев атындағы орта мектепте қазақ тілі пәні мұғалімі болып жалғастырды. 2006-2007 оқу жылында Бейнеу ауданының Үстірт орта мектебіне ауысып, өз жұмысын жалғастырды. 2006-2013 жылдар аралығында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған Райса Тұрсынбай қызының жеткен жетістіктері, ұрпақ тәрбиелеуде еңбектері орасан. 2013 жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші(ілгері)деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады. 2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрлерінің касіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтады. Қазіргі таңда Р.Тұрсынбайқызы қазақ тілі пәні мұғалімі мен тренер қызметін қатар атқарып, жас мамандарға сонымен қатар педагог қызметкерлерді арнайы курстарда оқытып жүр. 2014 жылы Аудандық «Білім беру қызметкерлерінің касіби өсу-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» педагогикалық оқу байқауында арнайы дипломмен марапатталды. 2015 жылы « ZIAT» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған оқушылар мен студенттер арасында өткізілген халықаралық «Сократ» ғылыми жұмыстар байқауы жеңімпазы. 2017 жылы 11 қаңтарда «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың тиімділігі» тақырыбындағы семинарда « PISA» халықаралық зерттеу әдістері негізінде тапсырмалар құрастыру тәсілдері» атты коучинг өтті. 2016 жылы Қостанай қаласында өткен «Педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жағдайы тәжірибесі келешегі»халықаралық ғылыми-практикалық конферециясына қатысты. Жинаққа «Білім берудегі инновациялық технологияларды сабақ үрдісінде қолдану»тақырыбындағы баяндамасы енді. Сонымен қатар 2015 жылы облыстық семинарда «Lesson Study- мұғалімдердің білімін қалыптастыру және оқыту мен жетілдіру тәсілі»тақырыбында шеберлік сабағын өтті. 2013 жылы «Білім берудегі инновациялық процестер» тақырыбындағы IY Республикалық конфереция жинағына «Кембридж тәсілдерін сабақ барысында қолдану» тақырыбындағы баяндамасы енді.Райса Тұрсынбайқызының білім берген шәкірттері ҰБТ қорытындысында жақсы нәтиже көрсетіп, мектеп мерейін үстем етуде. Әріптесім Райса Тұрсынбайқызының осындай еңбектерін республикалық баспасөз беттерінде үнемі жарияланып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп отырады. Райса Тұрсынбайқызы жас ұрпақ тәрбиелеу жолында еткен еңбектері, төгілген тері,өлшеусіз қалған жоқ. Маңғыстау облысы білім басқармасының Қүрмет грамотасы 2011 ж.Маңғыстау облысының білім басқармасының «Алғыс хаты» 2014ж. Алматы қаласы интелектуальдық балалар клубының «Алғыс хаты» 2015 ж. Үстірт орта мектебінің Құрмет грамотасы 2015 ж. Бейнеу аудандық білім беруді үйлестіру орталығының «Алғыс хаты» 2017 жж.2014 жқараша Аудандық «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсу-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» педагогикалық оқу байқауында арнайы дипломмен марапатталды. «Ұстазы мықтының ұстамы мықты» демекші, осындай ұлағатты ұстаздарымыздың арқасында мыңдаған шәкірттер тәрбиеленіп ертеңгі болашағымыздың,Қазақстанның көк туын көкке желбірететіне толықтай сенеміз. Әріптесімнің алдағы шығармашылық жұмыстарына толағай табыстар тілеймін.

Реклама

Добавить комментарий