Тәрбие сағаты: «Жыл басы — Наурыз»

Атырау облысы Атырау қаласы

Кәмелетке толмағандарды бәйімдеу орталығының тәрбиешісі

Бердигалиева Арайгул Елтаевна

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары, ұлттық тағамдар, алтыбақан. т. б. с

Түрі: Мерекелік сазды әдеби – музыкалық кеш.
І. Қонақтарды қабылдау.
ІІ. Жарапазан айтушы бала мен өнерпаз жігіт жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырады.
ІІІ. «Жыл басы — Наурыз» тойы мерекесінің жүру бағдарламасы.
1 — Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік беру.
2 — Халық әндерімен билерін тамашалау.
3 — Қызыр атаны қарсы алу, бата сұрау.
4 – Ұлттық ойындардан көрініс ( күрестен, кіртас көтеру, аударыспақ ойнау ) наурыз көже ішуден сайыстар.
5 – «Достығымыз жарасқан» Ұлттық билерден сайыс. ( әр ұлт өкілдерінің киімін киген бозбала мен бойжеткендер билейді ) Би «Шашу» орындайтын:
Жүрісі:
1 жүргізуші:

Қадірлі жиналған қауім, ата – бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғылары мен дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра алсақ, қандай ғанебет болар еді. «Наурыз» күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр – күрегін тастамайтын, ерекше күн деп саналған.
2 жүргізуші:

Жаңа жылды, Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, « нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» — деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.
1 жүргізуші:
Ұлыстың Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп» қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп, жер беті әбден жылығанда шығады дейді. Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы көзге көріне бермейтін терең мәнді тағылымды үйлесімділік жатыр.
Тілімізде осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт ( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас еріген күн» деген сөз оралымдары сақталған.

2 жүргізуші:
Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.

1 жүргізуші:
Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.
Ал қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.

2 жүргізуші:
«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады» деген қағиданы берік тұтынған халық бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл 21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің Наурыз мерекемізге Қызыр Ата келе жатыр дейді.
«Қызыр Ата» келеді бата береді.
1 жүргізуші:
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
Ән « Наурыз – думан» орын: Назым Қуанышева 10 в сынып оқушысы

2 жүргізуші:
Ұлыс оң болсын!
Ақпан кетті араз боп Наурызбенен.
Наурыз жүр жоғалған бағын іздей,
Көктем жетті көрісіп жанын іздей
(көтеріңкі көңілмен дабырласып көріседі, көрінісі көрсетіледі) Осы жерден алдарынан келін иіліп сәлем қылып, ал бойжеткендер ізет көрсетіп қарсы алады да Наурыз көже ұсынады. («Бұл көжеде бәрі бар» өлеңінен үзінді оқу )

Ашық болсын қас – қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай, тары бар.
Ішілетін, житіннің,
Бұл көжеде бәрі бар.
Ошақта көп шоқ әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан ауызы жоғары.
Ақсақал жыл дастарханына бата береді.
Бата: Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда барса жол болсын,
Ұлыс береке берсін.
Пәле — жала жерге енсін!

1 жүргізуші:
Наурыздау, ауыл аралап көрісу қазақ даласында үш күнге созылған (22 — 24 наурызда). Осы күндері әрбір отбасының дастарханынан көжесі, дәмі үзілмеген, есігі ашық, қабағы жайдарлы болған.
22 – Наурыз күні міндетті түрде отбасынан дәм татып, ақсақалдар мен әжелердің батасын алу парыз саналған.
Ән: « Қош келдің — Наурыз» орын: Әйгерім Кеңесова
2 жүргізуші:
Ұлыс күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.
Аталар бата беріскен,
« Сақтай гөр» деп терістен.
« Кел, таза бақ, кел» десіп,
Кел тілек бер десіп….

Би «Будашкин»
1 жүргігізуші:
Қазақтың спорттық ойын түрі « Қазақша күрестен»
көріністік сайысымызды тамашалайық.

2 жүргізуші:
Ер жігіттер арасынан Наурыз көже ішуден сайысымызды басталық. Қане аулымыздың жігіттері қайда. Ортаға 4 – оқушы шығарылады.
1 жүргізуші:
Кезекті әнге берелік «Сәукелелі ару қыз»

2 жүргізуші:
«Тұсау кесер» рәсімін жіберейік «Шілдехана әні» орындалып тұрады. ( Тұсау кесілгеннен кейін ) «Тәй – тәй» әнін әжелер орындайды.
Ендігі кезекте ауылымыздың бойжеткендеріне арналған «Санамақ» ойынна кезек берелік.
1 жүргізуші:
Келесі тамашалайтындарыңыз ер жігіттерімізге арналған «Күш сынасу» кезегіне берелік
Би « Адай»
2 жүргізуші:
Осымен «Жыл басы – Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.

Атырау облысы Атырау қаласы

Кәмелетке толмағандарды бәйімдеу орталығының

8 сынып оқушысы Шиганакова Альмира

Жетекшісі: Бердигалиева Арайгул Елтаевна

Ұлы күнде тауып мезгіл бір ретін,

Атқарғандай қасиетті міндетін.

Жаратылыс нұрын бөліп Жаратқан,

Жылына бір теңелген сәт Күн мен Түн.

Жан байытып жұрттың жылы лебізі,

Ізгі жолда сайрап жатты ел ізі.

Орындадық нақыштарын Наурыздың,

Салт-дәстүрге бай ұлтпыз ғой, негізі.

Аққа тиіп ағайынның ауызы,

Артты бір күн Наурыз көже маңызы…

Бойындағы нәрін берген аямай,

Табиғаттың адамға жоқ қарызы!

Асыл жандар қысқы сүрден ас қамдар,

Бел алады берекелі бастаулар.

Жақсылықтар жиынтығы әз-Наурыз,

Жамандықты өткен жылға тастаңдар!

Күн-ернімен аспан жерді сүйеді,

Кемсеңдейді бұлт-сақалды иегі…

Жанды-жансыз құбылысты қамтыған,

Мерекелік ұғым – түгел киелі!

Атырау облысы Атырау қаласы

Кәмелетке толмағандарды бәйімдеу орталығының

10 сынып оқушысы Аскерұлы Серік

Жетекшісі: Бердигалиева Арайгул Елтаевна

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ

Шығарма

Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Наурыз — жыл басы. Парсы тілінде «нау» — «жаңа», «руз» — «күн» деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын — ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл — тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал ексең, он тал ек!», деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз — достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. «Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!» деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата — үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» — деп бата береді. Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы. Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. «Көкпар», «Бәйге», «Қыз қуу», «Жамбы ату» ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын. Біздің 79 гимназияда Наурыз мерекесін қарсы алу дәстүрге айналған. Мерекеге арналған қабырға газеттерінде «наурыз» тарихы жазылып, өлең-жырлардан үзінді беріледі. Сахнада наурыз мерекесіне арналып көріністер қойылады. Гимназияда «Ұлыстың Ұлы күніне» арналған мереке ерекше қуанышты өтеді. Жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын — Достық мерекесі. 22 наурыз — Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды. Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Мұсылман қауымына Исламның 7 байлығын тiлеймiз. Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын! Ұлыстың ұлы мерекесiн тойлауға халқымыз биыл 13-рет дайындалып жатыр. «Ұлт жоқ. Ұйысқан Одақ қана бар» деген Кеңестiк дәуiрдiң солақай саясаты 1926 жылдан 70 жылдай ұлт мерекесiн терең зындан түбiнде бұғаулап ұстағанын бiлемiз. Одан кейiнгi ашаршылық жылдары, Ұлы Отан соғысы, ұлт зиялылары мен ұлт құндылықтарына қарсы дүркiн-дүркiн шабуылдар халқымыздың салт-дәстүрлерi мен әдет-ғұрпының үкiсiн қисайтуға тырысып бақты. Тiптi, ашаршылық жағадан алған тұста жарапазан — жас балалардың нан сұрап жеу тәсiлiне айналғаны шындық. Елiмiздiң солтүстiк бөлiгiнде көрiсу ғұрпы санадан өшкен. Ал 31 желтоқсан түнi Жаңа жылды табалдырықтан аттатқан кейбiреу төл мейрамды мойындамайды да. Мұның бәрiн бүгiнгi жастың кемшiлiгi деу жөн бола қоймас. «Бала жасындағысын ұмытпайды». Көнекөз қариялар — салт-дәстүр сабақтастығының соңғы буыны. Ал 70 жыл идеология құрбаны болған мерекенiң көптеген ырым-жоралғылары кейiнгiлерге таныс емес. Наурыз — кей бiлгiштердiң жаңалық ашып, онысымен жұртты адастырып жүргенiндей, дiни мереке емес. Бұл бағзы заманнан қалыптасқан бүкiлхалықтық Жаңа жыл. Оны Иран, Ауғанстан, Үндiстан, Кавказ және Орта Азия халықтары төл мерекесi ретiнде тойлайды. Алайда, «Әр елдiң салты басқа, итi қара қасқа» демекшi, дәстүр өзгешелiгi де орын алған. Халқымыз жаңа жылға ертеден дайындалатын. Қысқы соғымның әбден сүрленген қадiрлi мүшелерiн осы күнi қазанға саламын деп сақтаған. Жас келiндер, бойжеткендер болса, кесте, орамал тiгiп, бозбалалар жағы ағаштан тұрмыс бұйымдарын жасап, темiрден сәндiк бұйымдарын соққан. Мұның бәрi — күн мен түн теңесетiн шақта кәдеге асатын «ұйқыашар», «селт еткiзер» жоралғыларының сый-тартулары. Көктемгi «өлiара» өтiсiмен, ата-бабамыз үй айналасын тазартып, қалың қар тiгiсi сөгiлген жайылымға мал шығарған. «Жаңа жыл мұнтаздай таза үйге кiрсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады» деген сенiм бойынша, үй-iшiн де қағып-сiлкiп, отпен аластайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.