Сабақта жаңа педагогикалық технологияларды пай далану

Астана қаласы, Есіл ауданы

63 Әсем-Ай балабақшасы шағын орталығы

« Ақбұлақ», « Алпамыс» әдіскері

Кабылова Румхан Балғабаевна

Адамның болашағын шешетін тәрбие мен білім екендігі ежелден белгілі, көңілде жатталған ұлы түсінік болғанымен, оны педагогикалық, психологиялық тұрғыдан келгенде қалай жүргізу керек, қалай ұйымдастыру керек деген мәселе күн тәртібінедегі №63«Әсем-ай» балабақшасы шағын орталығындағы түспейтіні мәселе. Адамзат өміріне тәрбие мен білім мәңгілік категория болса, онда ұйымдастыру, жүзеге асыру ешбір кезде ескірмейтін, қайта уақыт озған сайын жаңарып, жасарып, әрбір кезеңнің талабына лайық жетіліп отыратын құбылыс. Бүгінде №63«Әсем-ай» шағын орталығында барлық мамандар мен тәрбиешілер ойын технологиясын бірінші орынға қоямыз өйткені балалар балабақшаға бармаған олар бізге 4 пен 6 жас аралығында келеді олар ештеңені түсінбей бойларында қорқыныш сезім үрей болады. Сондықтан біздер бала өміріндегі ойын арқылы тез тіл табысып,бір-біріне тез үйренеді.

Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп, ұғынады. Әрине, тек көру, байқау арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшіп, нақты қарым-қатынас барысында біледі. Мұны ұғынуда ойын шешуші мәнге ие болады. Былайша айтқанда, түрлі заттар мен құблыстарды, адамдар арасындағы қарым-қатынасты баланың білуі, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан бастау алады да, оның ұшығы болашақ өмірінде жалғасын табады. №63«Әсем-ай» шағын орталығында барлық мамандар мен тәрбиешілері ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаймыз. Ойын негізінен балаларға денешынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы. Ойын технологиясы балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалайды. Бала ойында қалай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан да ұқсас болады . Сондықтан келешек қайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойынның негізгі ерекшелігі — ол балалардың қоршаған ортаны — адамдардың қимылын іс-әрекеттерін, олардың бала қимылынан туған жағдайдағы қарым-қатынасын бейнелеуі болып табылады. Ойын процессінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рол атқарады. Сөйлесе жүріп, балалар пікірлесіп, әсер алысуы, ойынның түпкі ниетімен мазмұнын анықтайды.

Ойынның технологиясы негізгі құрлымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рольдер ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Ойын технологиясының түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынның жалпы анықтамасы. Мысалы: «Дүкен», «Аурухана», «Ұшақтар», «Отбасы», «Балабақшасы» және тағы сол сияқты болып ойнайды.

Бала ойын ойнағанда өмірінде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Бала үшін өзіне ұнаған адамнан артық ештеңе жоқ, оған барлық жағынан ұқсағысы келеді. Жалпы бала табиғаты өзін бірнеше есе үлкен ғып көрсетуге бейім. Тез есейгісі келіп, бәрін өзім істеймін деп талпынады. Баланың осы талпынысын мұқалтпай, сен үлкенсің, мен көмектесіп жіберсем, бәрінде өзің істей аласың деп, сенім білдіре тәрбиелеу ұтымды әдіс. Үлкен адам мен баланың айырмашылығы үлкендердің сана сезімі мен іс-тәжірибесінің молдығында ғана.

Ойын технологиясы – баланың жан серігі іспеттес. Қай бала болмасын ойнап өседі. Ойын сырттай қарағанда анау айтқандай қиындығы жоқ, оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, рөлдерге бөлгенде балаға өзіне ұнамсыз роль тиюінің өзі-ақ көп нәрсені шешеді. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні арта түседі. Баланың әдепті, көргенді, қайырымды болып өсуі қоршаған ортасына, үлкендерге байланысты екені мәлім. Бала өмірінде көрген-білгендерін, ойға түйгендерін ойын арқылы қалай бейнелесе, үлкендердің көрсеткен үлгі-өнегесі қандай дәрежеде болса, балалар да тәлімде соны айқын бейнелейді.

Бала жаны еліктегіш, ол үлкендердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдайды да, оны ойын кезінде айқын бейнелеуге тырысады. Балалардың бір-бірімен достық қарым-қатынасының дұрыс қалыптасуында мақсатты жүргізілген жүйелі ойын процесінің тәрбиелік мәні мол. Балаларды ұжымға тез бейімдеуде де ойынды дұрыс ұйымдастырып өткізудің рөлі зор. Бала ағзаларының қимыл — қозғалыс қажетін дұрыс өтеуі негізінен ойын арқылы жүзеге асады. Ойын – баланы жан-жақты дамытып қана қоймай, өзін қоршаған әлеуметтік құбылыстың қыр-сырын түсінуіне әсер етеді. Үлкендер үшін еңбек қандай болса, балалар үшін ойын да сондай қажеттілік болып саналады.

Ойын технологиясы арқылы баланың дербестігін демеп, оны ілгері дамытуға деген сенім тәрбие саласындағы тиімді әдіс екендігін нақты сабақ барысындағы ойыннан жан-жақты байқауға болады.

Баланың үлкені кішісіне қамқорлық жасап, достық қарым-қатынасының берік, бауырмал болуы олардың жастайынан бірге ойнап, бірге өсуімен де байланысты. Өйткені ойын балалардың бірлігін нығайтады, мүддесін біріктіреді. Ал ондай қатынас болмаса, бір отбасындағы балалардың өзі де бір-біріне салқын, жат-бауыр, керек десе бірін-бірі жек көруге дейін баратын кездері де байқалып қалады. Ойын технологиясы – оқу еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынандай кесте арқылы суреттесек те болады:

Ойын технологиясы – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіріп, өз қажетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көрсетеді. Ойының ережелері ойнаушыладың қисынды ой қабілетінің бір –біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы ол қарсы мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, балаларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Дұрыс ұйымдастырылған ойын әрекеті балалардың өзара қарым-қатынасын дамытумен бірге мұқтаждықтарын қанағаттандыратын әралуан істерді жүзеге асыруға дағдыландырып, пайдалы және өнімді әрекеттер жасауға баулиды. Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің бес білім саласында: Ойын технологиясыннан басқа , Модульдік оқыту, Деңгейлеп саралап оқыту, Дамыта оқыту технологиясы, Тілдік ортаға еніу ,Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.

Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқаларын да пайдаланып отырамыз. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда Аталған педагогикалық технологиялар мен инновациялық құралдар балабақшада балалардың жас ерекшелоіктерін ескерген, әр сатыға балалардың қабылдау мүмкіндіктерін ескерген жағдайда ғана пайдаланмыз . Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз келеді.Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне көрнекілік, ойын технологиясын кеңінен қолданған жөн.

Ойын технологиясы: дидактикалық, сюжеттік, триз, тірек сызбаларын , бес білім саласы бойынша карточкалар,жыл мезгіліне арналған сызба ойын технологияларын,сауат ашу мен тіл дамытуға аранлған көптеген сурртер бойынша әңгіме құрастыру, слайдтарды көрсету арқылы мақал мәтелдер, интерактив тақтаны, шеңберлерге суретер жапсыру арқылы үлкен,кіші, қазақша, ағылшынша, орысша сөйлем құрастыру ойндары, логикалық ойындар қолданамыз.

«Телеграф»

Ойынның мақсаты: Сөз қорын молайту, буынға бөлуге үйрету.

Ойын шарты: Балалар, біз телеграф ойынын ойнаймыз. Менің айтқан сөздерімді сендер телеграф арқылы басқа қалаға жеткізесіңдер. Ол үшін сендер бір қатарға тұрасыңдар, ал мен буын санына қарай қол шапалақтаймын. Қатарда тұрған әр бала кезекпен осы айтылған сөзді қайталап, буынына қарап қол соғу керек. Ойынды екі буынды: орақ, орман, т.б. және үш буынды сөздерді пайдалануға болады.

«Ұшқыр ой» ойыны

Мақсаты: И әрпіне сөз ойлап табу.Балалардың ойы ұшқырланып, сөздік қоры молаятын болады.

Шарты: Бірнеше суреттер ұсынылады. Суретке қарап сөз құрайды.

И дыбысы сөздің басында кездесетін, ортасында кездесетін, аяғында кездесетін сөздерді таба отырып суретті орналастыру.

Көрнекіліктер:суреттер

«Мәтін құра» әңгіме құрап үйрету ойыны

Мақсаты: Балаларға мәтінді оқып беріп, оған талдау жасау, алдымен өз ойларынан мәтін құрауға дағдыландырамыз. Ой-өрісі, танымы кеңейетін болады. Коммуникативтік құзіреттілігі қалыптасады.

Шарты: Ит туралы суреттер ілінеді. Суретке қарап балалар ауызша әңгіме құрайды. Құраған әңгімелерін жинақтай отырып.

Мысалы: Ит адамның досы. Итті адамдар жаксы кадірлейді, әсіресе қазақ халқы. Қазақ халқы итті — жеті қазынаның бірі дейді. Әр елдің халық жазушы — ақындары ит туралы көптеген шығарма, әңгімелер, өлеңдер жазады. Біздің үйде де ит бар. Оның аты Рекс. Мен оны жақсы көремін.

Көрнекіліктер:суреттер

«Сөздік ойын»

Мақсаты: Сөздерді есту арқылы л дыбысы кездесетін сөздерді анықтауды үйрету.

Шарты: Балаларға әртүрлі сөздер айтамыз, сол сөздерде и дыбысы кездесетін болса, қол шапалақтайды, кездеспейтін болса аяқпен топылдайды.

Мысалы:бала-қол шапалақтайды, балық-аяқпен топылдайды

«Көңілді буындар»

Мақсаты: Буындарды оқып, олардан сөздер құрастра білуге дағдыландыру

Көрнекі-құралдары: буын жазылған текше (ал,ла, ло, лер,ли, буындары, алмұрт, инелік, гүл,жайлау-сөздер)

Шарты: Текшені лақтырып, ондағы түскен буын бойынша, сөз құрастыру

Мысалы: Текшенің бір бетіңде «ал» буыны түссе, алмұрт деп сөз құрастырады

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.