konkurs032018

Рустемова Злайха Ирисматовна

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы
«Жыланбұзған» жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Рустемова Злайха Ирисматовна

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сынып бағдарламасындағы ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының әлеуметтік дамуында білім беру саласы елеулі рөл атқарады. Бұ заман талабына сай қоғамды өзгерту. Яғни біздің алдымызда отырған жеткіншектерді алдағы өмірде өз орнын таба алатындай етіп саналы тәбие, сапалы білім беру. Осыған орай Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Ең басты ол мұғалімнің осы жаңартылған білім мазмұнын жан-жақты меңгеріп, дұрыс бағыт бағдармен оқушыларға, ата-аналарға, жалпы қоғамға жеткізе білуі. Жаңартылған білім беру мазмұнының негізгі идеясы оқушыны алдына қойған мақсатқа жетелеу және оның қажеттілігін қамтамасыз ететін мүмкіндіктер жасау. Бұл әрекеттерді жүзеге асыру үшін жаңартылған білім беру мазмұнына енгізілген критериалды бағалау жүйесі.
Бұл бағалау рәсімдерінің сапалығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етеуге мүмкіндік береді.Критериалды бағалау жүйесі оқушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталған.Анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да:

-Білім алушы оқытудың қай сатысында?

-Олар білім алуда неге талпынады?

-Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек? екенін түсінеді.

Критериалды бағалаудың негізгі принциптері:

1.Бағалау оқытудың ажырамас бөлігі, ол бағдарламадағы оқу мақсаттарымен күтілетін нәтижемен тікелей байланысты.

2.Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады.

3.Бағалау түсінікті , айқын ақпаратты ұсынады.Оқушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.

4.Бағалау нәтижелері білім алушылардың , мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының бағытын анықтайды және ынталандырады.

Критериалды бағалау жиынтық және қалыптастырушы бағалау түрінде анықталған.Қалыптастырушы бағалау күнделікті сабақ барысында қолданылатын бағалаудың түрі, яғни сабақ барысындағы оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыс. Оқушының бұл бағалауда өзінің ойын дәлелдеуге, түзетуге мүмкіндігі бар.Ал жиынтық бағалау стандарт талаптарына сай орындалатын тапсырмаларды бағалау.Ол баллдық жүйемен белгіленіп, оқушының оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға және тіркеуге мүмкіндік береді. Бағалау нәтижелері мұғалімдер оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия жасау , өзінің оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады.

Бастауыш сыныптар үшін жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерінің бірі жоғары деңгей ойлау дағдыларын қалыптастыру және оларды қолдану.Бұның ең басты тәсілдерінің бірі-дәлелдеу.Дәлелдеу әдісінде оқушылар пікірталасқа араласып, мұғалімнің көмегімен идеяларды түсіндіріп, талқылау мен қатар өз ойларын қайта қарауға мүмкіндік алып, белсенді жұмыс жасауға үйренеді.

Бастауыш сыныпқа арналған білім беру бағдарламасы оқушыларға XXI ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған.Олар оқукшыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу дағдыларын дамытуды көздейді.

Осы әрекеттерді қолдануда оқушылардың уәждеріне ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Оқушының ішкі уәжі іштен шығып жатады , оқушының өзінен туындайды.Яғни оқушы оқуды қызықты деп санап, оқуға белсенді қатысуын ішкі уәж деуге болады.Сыртқы уәж мұғалімнің немесе сыныптасының тарапынан әсер етіледі.Дұрыс қолданылмаған сыртқы уәж оқушының ішкі уәжін бәсеңдетуге әкеледі.Сыртқы және ішкі уәжі жақсы дамыған оқушының сабақта өзін еркін сезініп, оқуға деген талпынысы жақсы болады.

Бағдарламасының мақсаты да осы оқушыларға еркін ойлануды үйрету болып табылады.Еркін ойлау дағдыларын дамытуда Выготскийдің ЖАДА теориясына сәйкес, әр оқушыға мұғалім тарапынан қолдау және әріптесінің тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Бірақ мұғалім тек үйлестіруші болатын болса, оқушының білім деңгейінің өсуіне кері әсер болуы мүмкін. Мұғалім оқушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кері байланыс жасап отыруы қажет.Ол үшін бірінші кезеңде мұғалім оқушылардың мықты тұстары мен кездестіретін қиындықтарын анықтаап алуы керек.Бұл ақпарат әр оқушының үлгерімін жақсартуға көмектесетін жаттығулар жоспарлау үшін пайдаланылады.Яғни күнделікті сабақта қолданылатын қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау процесіне қажетті ақпарат болып табылады.

Сонымен жаңартылған білім беру мазмұнының жоғарыда айтылғандай оқушының зерттеушілік, проблеманы шешу , сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыратын және критериалды бағалау арқылы мақсатқа жетуіне бағыт бағдар бере отырып, комуникативті, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.Осыған орай осы әрекеттерді жүзеге асыруда Шульманның «БАС, ҚОЛ, ЖҮРЕК» ілімін алға тартқым келеді.Яғни алған ақпаратты дұрыс қабылдап, ойланып, іс -әрекет арқылы өмірде қолдана біліп, өз бойыңнан өткізіп басқаға жеткізе білу. Сонда ғана біз алдымызға қойған мақсатымызға жетіп, өз еңбегіміздің нәтижесіне жете аламыз. Еліміздің әлеуметтік дамудағы мұғалім еңбегінің жемісін көретін боламыз.

Реклама

Добавить комментарий