«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

Атырау облысы Атырау қаласы

Кәмелетке толмағандарды бәйімдеу орталығының тәрбиешісі

Жумагалиева Айдана Бейсембайқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.

І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
  • Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр манайды!

Мал біткеннің бал татыған ұызды,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін-бірі құшақтасып сүйеді.

  • Ал, балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық!

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақ мол болсын!

Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!

Ұлы күні кәрі — жас,

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өсірген.

Наурыз той құтты болсын!- дей келе

Қыздардың «Қамажай» биін тамашалаңыздар!

Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.

  • Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын! (бір ата-ана шашу шашады, музыка қосу)
  • Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.

  • Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.

  • Майгүл.

    Жақсыма ма,ата халіңіз

    Менің атым наурыз

    Балдай тәтті сары уыз,

    Алып келдім, алыңыз

    Қар астында қыс қалды,

    Қар еріді қыс қалды,

    Қар еріді су ақты

    Алып келдім шуақты

    Бүгін наурыз күні деп

    Бүкіл адам күлімдеп

    Әркім қалап бір істі

    Әрекетке кірісті

    Наурыз көже — жыл дәмі

    Той дәміне тойыңдар

    Тойдан кейін ойын бар

    Той-тамаша көріңдер

    Билеп ән сап билеңдер

    Наурыз тойын әдемі

    Әжем еске түсірді

    Біздерге арнап әдейі

    Наурыз көже пісірді

    Ашылды да кебеже

    Дәм әзірлеу бастталды

    Әжем наурыз көжеге

    Жеті түрлі ас салды

    Бидай, күріш, тары бар,

    Ащы құрты тағы бар

    Көже -елдің ырзығы

    ІІІ. Тақпақтар

    Мансұр: Бата беріп атамыз,

    Бата беріп апамыз,

    Тәтті болып жасалған,

    Наурыз дәмін татамыз.

    Әдемі — Армысыздар халайық!

    Әркез аман болайық

    Наурыз тойын қуанып

    Жылды бір қарсы алайық

    Жылдың басы Наурыз

    Жердің басы Наурыз

    Мерекеге арналсын

    Бүгінгі жыр әніміз

    Наурыз күні той думан

    Ортамызды ашайық

    Ән мен күйді төгілдіріп

    Інжу маржан шашайық

    Жақсылыққа бас болып

    Алдымызға ас болып

    Келген Наурыз құт болсын

    Берері тағы мол болсын!

    Ата-бабам тойлаған

    Наурызым армысың

    Қызығына тоймаған

    Дархан дала, қырлы шың

    Наурыз келді балалар

    Көктемді қыр жағалар

    Наурыз тойын тойлайық

    Жаңа жылды қарсы алайық

    Ал, балалар ойнайық

    Ойнайық та, ойлайық

    Күні, түні он үш күн

    Наурыз тойын тойлайық

    Уа, ағайын, халайық

    Мұнда назар салайық!

    Мерекесі халықтың

    Наурыз тойын бастайық!

    Наурыз келді — жыл келді

    Тірілтуге гүлдерді

    Сәнденеді аналар

    Сәбилермен бірге енді

    Күттіріп келген жыл басы

    Бізбенен бірге жырлашы

    Дастарханыма елімнің

    Береке – ырыс сыйлашы

    Әнім де саған, биімде

    Құт қонақ өзің үнімде

    Қуаныш сыйлап еліме

    Күнімде Наурыз, күнімде

    Хор: Наурыз- Көктем

    Тәрбиеші: Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ.

    Кіргізіп көркін даланың,

    Бәйшешек қырда қаптады.

    Қызығып ылғи барамын,

    Үзуге бірақ батпадым.

    Күн мен түн теңеледі,

    Жер шуаққа бөленеді,

    Соны тойлар ел енді.

    Наурыз тойы — салтымыз,

    «Көгерсін» — деп халқымыз,

    Көшеге тал егеміз.

    Наурыз келді далама,

    Наурыз келді қалама.

    Қуанады ата-ана,

    Қуанады бала да.

    Оң болды да жорамыз,

    Төлге толды қорамыз.

    Айран, қымыз толығып,

    Аққа толды шарамыз.

    Наурыз болсын әніміз,

    Наурыз болсын сәніміз.

    Наурыз көже көп ішсек

    Жасарамыз бәріміз.

    Би :Қыздар

    Тәрбиеші: Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл

    Келіп көктем құстары,

    Бау-бақшада ән салды.

    Оларды жас достары,

    Ұя жасап қарсы алды.

    Дастарханда дәніміз,

    Жайдарымыз бәріміз.

    Жарасу бар, жаулық жоқ,

    Қандай жақсы Наурыз!

    Көкке бояп өңірді,

    Көктем келді көңілді.

    Бау-бақшада, орманда,

    Құстар әні төгілді.

    Қарды ерітіп жылғасы,

    Наурыз келді – жыл басы.

    Шуақ төкті жарық күні,

    Мейрамында халықтың.

    Балалар-ау, балалар!

    Шақырады далалар.

    Көктем келді гүл алып,

    Құстар келді жыр алып.

    :Ұлыс әр кез оң болсын,

    Әр үйде ақ мол болсын.

    Не тілесең сол болсын,

    Қайда барсаң жол болсын.

    Адамда малда өзінше

    Жүр жадырап далада

    Жаңа жылды қарсап тұр,

    Кәрі де ,жас та,бала да.

    Хор:Жауын

    ІV. Жұмбақ

    • Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар:

    Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

    Қонақтарды көңілдене сыйлайды.

    (дастархан)

    Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады?

    Қазақтың ұлттық тағамдары,

    Жасымнан жақын маған бәрі.

    Теңермес ем оларға мен,

    Ешбір асты ғаламдағы.

    V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру

    Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін

    Реклама

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.