Миркадирова Арофат Адиловна

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

45«1 Май» жалпы орта мектебі

химия пәні мұғалімі Миркадирова Арофат Адиловна

Оқушының сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін дамыту.

Сабақ – мектепте оқыту мен тәрбиелеудің негізгі формасы. Мен сабақтарда оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау белсенділігін дамытуда кез келген әдістемелердің элементтерін кіріктіруге тырысамын. Менің 8 сыныптағы «Судың құрамы, физикалық, химиялық қасиеттері» атты сабағымда СТО әдісі мен Блум таксономиясы кіріктірілген. Сабақтың барысында оқушыларды топтарға бөліп, ұйымдастыру кезеңі өткізілді.Үй тапсырмасын сұрау барысында да «Жұмбақ сурет» әдісін, «Кереметтер елі» сияқты ойын элементтерін қолдандым. Сабақ барысында тақырыпты ашу барысында сыни тұрғыдан ойлауына жағдай жасадым. Тақырыпты ашу үшін рөлдік ойын енгіздім. Осы кезде оқушылардың санасында өзгеріс пайда болды. Себебі мұғалім үнемі ізденісте болуы керек. Оқушыны сыни тұрғыдан ойлануы арқылы алған білімін өмірде мен қолдана алуына жағдай жасауы керек. 8 сыныптарда химия пәнінде алғашқы ұғымдары беріледі.
Бұл әліппе іспеттес. Сондықтан оқушының сабақтағы материалдарды меңгеруіне ой-өрісін дамыту, қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Сыни тұрғыдан ойлану еріксіз есте сақтаудың ерікті есте сақтаудан тиімді болады. Түсіну мен жинақтау барысында судың химиялық қасиеттерін үйрету үшін мен сабақта оқушыларға таныс заттар арқылы тәжірибе жасадық. Оқушылардың бәрін белсендіру үшін осындай «ойын элементтерін» енгізсе, оқушы қызығады. Мысалы, оқушыға Судан қалай сүт алуға болады? «пассив» оқушыға дейін қызығады, себебі судан сүт ала алмаймыз. Бірақ сүтке ұқсас зат аламыз. Ол үшін сөндірілмеген әк, су химиялық стақан қажет болады.Тәжірибе нәтижесінде сөндірілмеген әкке су құямыз, нәтижесінде аппақ ерітінді түзіледі. Оны әк суы деп атаймыз. Әк суын қозғап отырсаң, сүт сияқты болып көрінеді. Бұл «ойын» элементі. Шын мәнінде бұл сөндірілмеген әкті сөндіру деп түсіндірдім. Бұл тәжірибені өмірде көп көреді. Апа-әпкелері, жеңгелері үй тұрмыста көп қолданатынын біледі. Сол сияқты «Жасырын жазу», «Су-еріткіш» сияқты тәжірибелерді қолдандым. Осындай өмірмен байланыстырып өтсек,оқушының санасында «мәңгі» қалатыны сөзсіз.Біз кез келген тәжірибені осындай «сыни тұрғыдан белсендіру» арқылы жетілдірсек, онымыз ұтымды болады. Сабақ барысында мен АКТ-ны, «Жанұя» әдісін тиімді қолданамын. Бұл сабақтың сапасын арттыруға өз септігін тигізеді.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.