Мектебіміздің жетістіктері

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Тапалова Жанар Мырзағалыйқызы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданына қарасты Үстірт орта мектебі 2005 — 2006 оқу жылында өз жұмысын бастаған болатын. Мектебімізде 868 оқушы екі ауысыммен білім алады. Қазіргі таңдамектебімізде 128 мұғалім оқушыларға дәріс береді. Олардың ішінде жоғары білімді 92 ал, орта арнаулы 36 және20 жас маман бар. (бала күтіміндегі 20 мұғалімді қосқанда). Жоғары санатты 13 мұғалім болса I санатты 37, алII санатты 48 мұғалім бар.

Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы халқына жолдауында педагог қызметкерлерінің еңбектерін бағалап, кезең-кезеңімен жалақыларын өсіріп, оларға деген қүрметті арттырып отыратыны белгілі.Осы орайда ұстаздарға артылған жүк жеңіл емес,болашақ ұрпақ тәрбиелеуде сапалы білім беріп,аянбай еңбек етіп отырған ұстаздар біліктілігін арттыру мақсатында арнайы курстардан өтіп жүр. Өрлеу біліктілігін арттыру курсының I,II,III деңгейлі сатысынан өткен 17 мұғалім бар. Назарбаев атындағы зияткерлік курсынан өткен 8 мұғалім сабақ беріп жүр. Жаңартылған білім мазмұнына сай жыл сайын мұғалімдер арнайы курстардан өтіп, оқушыларға сапалы білім беруде. Орыстың ұлы жазушысы К.М.Ушинский «Бала балқытылған алтын, оны қалыпқа қалай құю ол мұғалімнің өз қолында» деген екен, сол сияқты әрбір ұстаз алдына білім алуға келген балаға бар мейірімін беріп, білім нәрімен сусындатуы керек.

Мектебіміздің ашылғанына 10 жылдан астам уақыт болса да, жеткен жетістіктері толағайдесем артықайтқан болмайын. 2013-2014 оқужылында «Кітап оқитын адам-табысты адам»тақырыбындағы иллюстрация жанрында Қ.Сугурбаева жетекшілік ететін 3 «а» сынып оқушысы Э.Дүйсенбаева аудан көлемінде өткізілген сайыста үздік I орынға ие болып, облысқа жолдама алды.Облыстаөткен тартысты додада аудан намысын қорғап үздік II орынға ие болды. Жыл сайынұйымдастырылатын бастауыш сынып оқушылары арасында «Жас өркен» ән байқауында аудандық кезеңінде бас жүлдеге ие болған Қ.Оспанова жетекшілік ететін 3 «Ә» сынып оқушысы А.Сапарбай облысқа жолдама алып, мектеп абыройын асқақтатты.Республикалық өзін-өзі тану олимпиадасының аудандық кезеңінде өткен сайыста Н.Уразниязова жетекшілік ететін 8- сынып оқушылары Ж.Естуреева,Г.Мадиева,Ж.Елеуова II дәрежелі дипломмен марапатталды. 2015 жылы Ғылым-білім республикалық интернет ресурсы»ұйымдастырған оқушылардың «Жасдарын»атты I Республикалықғылыми жұмыстар конкурсында Р.Қосбармақовтың өмірі тақырыбындағы жұмыстарға қашықтықтан қатысып, «Талаптың мініп тұлпарын…» номинациясы бойынша 8- сынып оқушысы Ж.Сарсенбаева II дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі Ш.Жақсыбаева2015- 2016 оқу жылында «Зерде» ғылыми –зерттеу байқауында бастауыш сынып мұғалімі Ж.Ысмадуллаева жетекшілік ететін 3 «Ә» сынып оқушысы А.Тайджан химия-биология секциясы бойынша «Дәруменге бай асқабақ»тақырыбында ғылыми жоба қорғап, аудан арасындағы 22 мектеп қатысушыларынан оза шығып,I орынды иеленді.Облысқа жолдама алған А.Тайджан өзінің зеректігінің арқасында жүлделі III орынмен марапатталды.

2015-2016 оқужылында «Наланда» Еуропалыққашықтықтан білім беру орталығының ұйымдастырылған «Наланда-2016» олимпиадасына 6- сынып оқушысы С.Кенжебаева, А.Искахова, қатысып қазақ тілі пәнінен I дәрежелі дипломмен марапатталды.Әрине, қазақ тілі пәні мұғалімі Ш.Жақсыбаеваның еңбегін атап өтпесек болмас. «IQ»-Интелектуалды дамытуорталығының ұйымдастыруымен III Республикалық оқушылар арасында өткізілген «Мәнерлеп оқу» шығармашылықбайқауға қатысып, Т.Ильясова II дәрежелідипломмен марапатталды.

Ұжымымызда «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша курсты аяқтаған Р.Сақтағанова,М.Толегенова,М.Нурумова «НАЗАРБАЕВ Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» деп аталған педагог кадрлерінің кәсіби даму бағдарламасы бойынша мұғалімдерді мектепішілік курстардан кезең-кезеңімен оқытып келеді.Казіргі таңда Р.Сақтағанова және М.Төлегенованың курстарын аяқтаған 40 мұғалім сертификаттарын алып үлгерді.

Қазіргі заман талабы үш тұғырлы тіл болғандықтан мұғалімдер кезең-кезеңімен арнайы ағылшын тіл курстарынан өтіп жүр.Осы орайда мектебімізде ағылшын тілін үйрену мақсатында арнайы курс ашылып 12 мұғалім ағылшын тілін үйренуге өтініш берген болатын.Курстың мақсаты: болашақта үштілділікті меңгеру арқылы болашақ ұрпақ жаңа заман талабына сай білім алу,сабақтарды үш тілде үйрету. Қурс қатсушыларына мектебіміздің I санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі Ж.Абаев дәріс берді. Қазіргі таңда осы мұғалімдер жаратылыс матиматика бағытындағы оқушыларға үш тілде сабақ беріп келеді.

«Жас дарын» Республикалық ғылыми жұмысының «Қыдырша ата және оның ұрпақтары»тақырыбында зерттеу жұмысына «Талаптың мініп тұлпарын….» номинациясына Т.Қарашбаева жетекшілік ететін 10-сынып оқушысы М.Абдиева қатысып II орынды иеленді.Астана қаласы «ZIAT» Ғылыми әдістемелік орталығымен ұйымдастырылған «Әдістемелік жұмыстағы презентацияның қолданылуы»номинациясы бойынша I орынға ие болған Ш.Жақсыбаева, «Педогогтың таңдаулы портфолиосы»атты Республикалық оқытушылар сайысында тарих пәні мұғалімі М.Толегенова жүлделі III орынды иеленді 2015-2016 оқу жылында педагогтардың қатысуымен «Үлгілі педагог»тақырыбында мұғалімдер арасында өткен байқауда мектебіміздің география пәні мұғалімі М.Тыныштықова жүлделі I орынды иеленіп, облысқажолдама алды.Облыста ұйымдастырылған жанұялық педагогтар арасында өткен сайыста жүлделі II орынға иеболып, мектебіміздің мерейін өсірді.

Үстірт орта мектебі жыл сайын ұйымдастырылатын «Табиғатқа үндеспіз»атты байқауда 2006-2007 оқу жылында бас жүлдеге ие болса, араға 8 жыл салып, яғни 2014-2015 оқу жылында екінші рет жүлделі I орынға ие болды. Әрине, мұндай жүлделі жоғарғы белестерден көрінудіңөзі де тыным таппай, ізденіс үстінде жүретін педагог-қызметкерлердің арқасы десем болады.

Мектебімізде 200- ден аса әр түрлі бөлме гүлдері және тірі табиғат бұрышы,үй жануарларымен қоса құстарға балықтарға арналған бұрыштар бар. Өздеріңізге белгілі Маңғыстау облысының табиғаты қуаңшылық, жерлеріміздің басым көпшілігі құрғақ және құмды өлке болып келеді.

Су тапшы болғандықтан жасыл желек өсіру үшін көп еңбектену керек. Дегенмен,жеріміз қуаңшылық деп қол қусырып отырған халық жоқ.

Мектеп ауласында 3000 мыңға жуық жасыл желек яғни, шөлге төзімді талдар отырғызылған.

2016-2017 оқу жылында өзге ұлт өкілдері педагогтарының қатысуымен мектеп өткен «Тіл- татулық тірегі» атты байқауда Үстірт орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі Ирина Сильченко облыс көлемінде I орынға ие болып, Республикалық сайыста бағын сынады. Астана қаласында өткен «Тіл парасат» байқауында жүлделі I орынды иеленді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы орта білім беруұйымдары оқушыларының «Қазақстан балалары шексіз әлемде» атты балалар киносының облыстық фестивалінде «Ойынды кино» байқауында А.Максимова жетекшілік ететін 10 сынып оқушылары жүлделі II орынмен марапатталды.

Мектебімізде әлеуметтік жағдайы төмен және ата-ана қамқорынан айырылған оқушыларға ай сайын мектеп педагог-психологымен бірге қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, қолдан келгенінше көмектесіп отырады.

Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз айтқандай, «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»деп, қиындығы мен қызығы бірге жүретін ұстаздық мамандықта аянбай еңбек етіп жүрген мұғалімдердің елеулі еңбектерінен азы кем сыр шерттім. Ұстаздардың елеулі еңбектері бағаланбай қалған емес, қазақ тілімен әдебиеті пәні оқытушысы Р.Сақтағанова «Үздік педагог»,тарих пәні мұғалімі А.Ералиев Облыстық білім басқармасының «Алғыс хаты» М.Төлегенова,Т.Қарашбаева және А.Алтыбаева Ш.Жақсыбаева аудандық және облыстық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.