Ирисбекова Умида Тухтаматқызы

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы

«Жыланбұзған» жалпы орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Ирисбекова Умида Тухтаматқызы

Бала тәрбиесімен құқығы

Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар.

Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы.

Баланың құқықтары жөніндегі Конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты.

Ата-ана өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті, тәрбиелеуге құқылы және өсіп-жетілуіне жауапты.

Ата-аналар балаларының орта білім алуын қамтамасыз етуге мәндетті. Ата-аналар, әдетте, баласы оқитын мекемені баласымен келісе отырып таңдайды. Ата-аналар баласының сабақтан қалуын, мектепте нашар қылық көрсетуін қолпаштамауға тиіс.

Ата-аналар әртүрлі теріс қылықтаардың алдын алу үшін (төбелес,мектепте тәртіп бұзу т.б) балаларын қадағалап отыруға міндетті.

Ата-ананың құқықтары мен міндеттерін ойдағыдай орындамау оларға ата-аналық құқықтан айыратын және шектейтін санкциялар қолдануға әкеліп соқтырады.

Сіздерге психологиялық-педагогикалық тұрғыдан берілетін 14 кеңеске назараударуларыңызды өтінемін. Және бұл кеңестерді жүзеге асыру арқылы, сіздер балаларыңыздың көңіл-күйін бақылап, қадағалай аласыз.с

  1. Тәңертең сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлімсіреген келбетіңіз оның ұйқысын ашуы тиіс. Кешегі істеген теріс қылықтарын айтып, басқа да түкке тұрмайтын нәрсеге жүйкесін жұқартпаңыз. Тамағын ішпей жатып ұрыс-керіс ұйымдастырмаңыз.
  2. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да болдың!» астына алып айғайламаңыз. Оған оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.

  3. Баланы сабаққа ашқұрсақ жібермеңіз;

  4. «Бұзық болма! », «Қисалаңдамай тыныш жүр!», «Бүгін екі алсаң құртамын!» деген екертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік білдіріңіз;

  5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз. Егер бала әлденеге ренжәп келсе, бірдеңе айтпақшы болса, «сені тыңдауға уақытым жоқ» демей, арнайы көңіл бөліп, мұқият тыңдаңыз;

  6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе,үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жағдайды өзі-ақ айтады;

  7. Баланың болымсыз көрінген қылығы үшін мұғалім сізді шақыртса, өзара әңгімеге баланы қатыстырмаңыз;

  8. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып сабаққа дайындалтпаңыз. Одан да оның 2-3 сағат ойнап, демалғаны жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі-сабаққа әзірленудің ең сәтті кезі.

  9. Бір мезгілде барлық сабаққа әзірленуді талап етпеңіз. Әр сабаққа әзірленген кезде үзіліс жасаған дұрыс;

  10. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз;

  11. «Егер, сен, осы сабақты орындамасаң, …» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.

  12. Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін- еркін, жақын тартып әңгімелесіп отырыңыз.

  13. Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.

  14. Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психологпен, дәрігермен кеңесіңіз.

Халық даналығында: «Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла» деген керемет ұлағатты нақыл бар. Соны әрдайым басшылыққа алыңыздар, құрметті ата-ана!

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.