Астана қаласы № 63«Әсем-Ай» балабақшасы шағын орт алығының жетістіктері

Астана қаласы №63 «Әсем-Ай» балабақшасының

ағылшын тілінің маманы Нурмухамбетова Сания Тулендыевна

Балалардың физикалық, шығармашылық және интеллектуалдық дамуына №63«Әсем-Ай» балабақшасы шағын орталығыныңықпал етеді. Шағын орталықтың ұйымдастырушылық дамыту кеңістігі әр баланың өзіндік қабілеттерінің дамытуына, білім алуына жағдай жасалған. Шағын орталыққа 4-6 жас аралығында балалар қабылданады. Шағын орталық екі ауысыммен жұмыс жасайды. Бірінші ауысым 8.00-13.00 аралығы және екінші ауысым 13.00-18.00 аралығы. Шағын орталықта ортаңғы, ересектер және мектепалды даярлау топтары болып бөлініп балалар жас ерекшеліктеріне сәйкес топтастырылады.

Отыз екі топтың — 24 қазақ, сегізі — орыс тобы. Он төрт топ мектепалды даярлау, он төрт топ ересектер және төрт ортаңғы топ . Шағын орталықта психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті екі ауысымда жұмыс істейді. Балалар Астана қаласының №1, №2, №3, №4, ПМПК жолдамасымен қабылданады. Инклюзивті 1 кабиет – 12 баладан, екі ауысымда кабинет жұмыс жүргізеді логопед, дефектолог және психолог балалармен жұмыс жасайды. Шағын орталықта білікті мамандар жұмыс атқарады. Әрбір баланың тәрбие алуына және білім алуына үлкен көңіл бөлінеді. Шағын орталық ойыншықтар, құрал-жабдықтармен, оқу материалдарымен қамтылған. Жыл сайын шағын орталық тәрбиешілері Астана қаласында қалалық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында білімдерін көтеріп отырады. Әр педагог жыл бойында ашық оқу қызметін, мерекелік көрсетілімдер ата-аналардың қатысуымен өткізіп отырады.Шағын орталық қызметкерлері қала балабақшаларына семинарларға барып, тәжірбие алмасады. Сондай – ақ шағын орталықта әр баланың денсаулығын және психологиялық күйді сақтандыру мақсатында шағын орталықта медбике және психолог мамандары балалармен тығыз қарым-қатынас жасап, жұмыс істейді. Орталықта медбикенің жабдықталған кабинеті және психолог кабинеті бар.

Ашылғаннан бері2017 аралығында1685 балаларды мектепке шығардық,түлектерімізбен байланысымыз бар,олардың жетстіктерін біліп қуанып отырамыз,әрдайым ата-аналардың алғысына бөленіп отырмыз, мектепке барған балаларымыздың оқу үлгерімі өте жақсы осы аз уақытта білім бергенімізге ризашылықтарын білдіреді.Ертеңгіліктердің, тәрбиелік шаралардың орталықта жиі өткізіліп тұруы, балалардың өздерін қалай ұстауы, қалай тұруы, тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйретеді. Сонымен бірге орталықта оқу іс-әрекеті кезінде балалар бір-бірімен татулықты, сйыластық сезімдерге бөленеді. Шағын орталықтың басты мақсаты балаға тиісті дәрежедегі жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру мен қатар адамгершілік қасиетерді бойына сіңіру болып табылады

Шағын орталықта мерекелік тақырыптық оқу іс-әрекеттері жоспарлы түрде жүргізіледі. «Ата заң күні», «Ата-ана жүрегімін, Тәуелсіз елдің тірегімін»,

«Менің алғашқы Президентім», «Елі сүйген, елін сүйген -Елбасы», «Қазақстан Республикам менің» , «Еркіндігі елімнің –Тәуелсіздік»,

«Алтын күз», «Жаңа-жыл», «Мерекеңмен анашым», «Армысың, Наурызым!», «Бірлігіміз жарасқан !»,«9 Мамыр – Жеңіс күні!», әуенді-танымдық-тақырыптық ойын-сауықтар, ертеңгіліктер барлық жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарында өткізілді. Ұйымдастырылған іс –шараларда қазақ халқының ұлттық дүниелерін барлық, жасөспірімдік шақтағы балалар тәрбиесіне пайдаланылады. Ал қазіргі кезде ұлттық ойындардың көпшілігі тәлім–тәрбие саласында зор педагогикалық құралға айналады. Ойын тек қана көңіл көтеру, көңілін шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халқының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамып жетілуіне, қалыптасуына әсер етуші факторлардың бірі болған. Ұлттық ойын түрлері өскелең ұрпақтың көңіл көтеруі, ойын – сауық пен шұғылдануымен ғана шектелмейді, олар сол халықтың салт–санасын, дәстүрін, тұрмысын жағдайын білдіретін әрекетті көрсетеді. Кез келген ойынның түр сипаты – халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс. Мысалы, қазақтың «Көкпар» ойыны бір жағынан, халықтың әдет–ғұрыпын, салтын білдіретін болса, ал екінші жағынан адамның дене шынықтырып, ой–әрекетін дамытатын дәстүр болған. Ал «Ақсүйек» ойыны түнгі мезгілде балалардың байқампаздық қабілетін дамытуға әсерін тигізеді.

Балаларымыз биыл жолда жүру ережесі бойынша қалалық сайста гран при,1-ші орын иленді,қалалақ шахмат,би,жеңіл атлетика ,суда жүзу үйірмелеріне қатысып жүлделі орын алған балалар жеткілікті: каратэдан Асқар Сұлтан қалалық сайыста1-ші орын 2017ж, шахматтан Армангелді Ален халықаралық сайыста 1-ші орын 2018ж, карэтодан Максудов Юсуф қалалық сайыста1-ші орын 2016ж, мәнерлеп сырғанаудан Шегай Аделия халықаралық сайыста 2-ші орын 2017ж, міне осындай түрлі ойындар арқылы халқымыз өз ұрпағын ойшылдыққа, тапқырлыққа, шеберлікке, дәлдік пен мергендікке тәрбиелеп отырған. Осы іс-шаралардың барысында бала қатар құрбыларымен қарым–қатынас жасау нәтижесінде жеке басының қасиеттерін дамыту мүмкіндіктеріне ие болады. Ұйымдастырылған іс –шараларда баланың

үлкені кішісіне қамқорлық жасап, достық қарым-қатынасының берік, бауырмал болуы олардың жастайынан бірге ойнап, бірге өсуімен де байланысты. Өйткені осындай ұйымдастырылған іс –шараларда балалардың бірлігін нығайтады, мүддесін біріктіреді. Ал ондай қатынас болмаса, бір отбасындағы балалардың өзі де бір-біріне салқын, жат-бауыр, керек десе бірін-бірі жек көруге дейін баратын кездері де байқалып қалады

Ұйымдастырылған іс –шаралар арқылы балалардың бойынасалт-дәстүрлерімізді, ұлтық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, отанына, ата-анасына ,жолдастарына құрбыларына деген сүйіспеншіліке, бауырмашылықа тәрбиелеудеміз.

Шағын орталықта білікті мамандар жұмыс атқарады атап айтқанда: Баишева А.М, Арзыкулова Р.Ш. Зейнуллина. З.К, ҮисинбековаА.Ж, СакееваБ.Т, НурмухамбетоваС.Т, Карибжанова С, Байғонысова А, Несіпбаева С.С, БаймухаметоваА, Аширова М, Ильясова.А.М, Батанова.А. А. Уисинбекова А. Ж. Кунакбаева Г. Т,Досанова Ж,КазбековаА, Муслимова Д.К,АхметбековаА.М, бұл аталған педагогтар баланың тәрбие алуына және білім алуына үлкен көңіл бөледі.

Реклама