Жаңа сабақтар

Баскетбол. Допты беру және қабылдау

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы, Мұғалжар ауылы,

«Мұғалжар орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің

дене шынықтыру пәні мұғалімі Андиров Алтай Қалдығалиұлы

Сабақтың тақырыбы: Баскетбол. Допты беру және қабылдау.

Сабақтың мақсаты: 1. Баскетбол сабағына қойылатын негізгі талаптарды игеру, ойын тәсілдерімен таныстыру.

  1. Спорт ойындары үшін маңызды қасиеттерді дамыту.
  2. Ойын кезінде ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері: 1. Жаттығуларға қойылатын негізгі талаптарды игеру.

2. Қозғалыс сапасын кешенді дамыту.

3. Оқушыларды шапшаңдыққа, ептілікке, төзімділікке тәрбиелеу.

Өткізілетін орны: спорт зал.

Құрал-жабдықтар: баскетбол добы, ысқырық, секундамер, плакаттар.

Бөлім р/с Сабақтың мазмұны мөлшері Әдістемелік нұсқау
Дайындық бөлімі 12 минут 1 Сапқа тұрғызу, сәлемдесу, рапорт қабылдау. 1 Оқушылардың денсаулығына және спорттық киіміне көңіл бөлу.
2 Сабақтың мақсатын мен міндетін хабарлау. 30
3 Саптық жаттығулар: оңға, солға, кері бұрыл. I, II, III қатарға сапқа тұру 1’30’’ Денені тік ұстау.
4 Спортзалда жүру жаттығулары: Залды айнала саппен жүру, жүрген кезде әр адымға қолды жоғары көтере жүру.

а) қол жоғарыда, аяқтың ұшымен жүру;

б)қол желкеде, өкшемен жүру;

в)қол белде табанның ішкі, сыртқы қырымен жүру;

г)қолды желкеге қойып, толық отырып жүру.

д) оң, сол және қос аяқпен секіру.

0,5 ш

0,5 ш

0,5 ш

0,5 ш

0,5 ш

0,5 ш

Сапты бұзбау керек.

Денені тік ұстау.

Ара қашықтықты сақтау.

5 Спорт залда жүгіру жаттығулары:

а) оң, сол қапталмен қолды айналдыра жүгіру;

ә)қолды соза ұстау, оң, сол қапталмен аяқты қайшылай жүгіру;

б) қолды алға ұстап тізені қолға тигізіп жүгіру;

в)қолды артқа ұстап өкшені алақанға тигізіп жүгіру;

г)жылдамдықпен жүгіру, жай жүгіріс, терең демалып жүреміз.

0,5 ш

0,5ш

0,5 ш

0,5 ш

1 шеңбер

Ара қашықтықты сақтау.

Қолды бүкпей жанға созу.

Денені тік ұстау.

Жауырынды тік ұстау.

5 Жалпы дамыту жаттығулары;

1 жаттығу.(Б.Қ.Н.Т)Екі қол бүйірде. Аяқ арасы иық кеңдігіне. 1-2 санауда басты оңға, 3-4 санауда басты солға айналдыру.

2 жаттығу.(Б.Қ.Н.Т)Оң қол бүйірде, сол қол жоғарыда, 1-2 санауда оңға қарай, 3-4 санауда солға қарай иілу.

3 жаттығу.(Б.Қ.Н.Т.)Қол белде, аяқ арасы иық деңгейінен алшақ, 1 қолды оң аяқтың ұшына, 2 –ортаға, 3 қолды сол аяқтың ұшына тигіземіз, 4 дегенде тұрамыз. Тапсырмасыз!

4 жаттығу.(Б.Қ.Н.Т.) 1-4 сол аяқпен секіру, 1-4 оң аяқпен, 1-4 екі аяқпен қоса секіру.

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

3-4 рет

Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау.

Тізе бүгілмеуі керек.

Негізгі бөлім 30 минут 1 1. Жұппен жұмыс: бір-біріне бетпе-бет қарап, арақашықтық 5-6 м серіктесіне, екі қолмен кеуде тұстан допты бір-біріне береді.

а)кеуде тұстан допты жерге ұрып беру.
ә)допты екі қолмен бастан асырып беру.

б)допты бір қолмен сол және оң иықтан лақтыру.
в)допты екі қолмен төменнен беру.

7 мин Оқушылардың бір-біріне допты беруін қадағалау.
2 2. Қозғалыста келе жатып оқушылар бір- біріне доп беру.

а)кеуде тұстан допты жерге ұрып беру.
ә)допты екі қолмен бастан асырып беру.

б)допты бір қолмен сол және оң иықтан лақтыру.
в)допты екі қолмен төменнен беру.

8 мин Оқушылардың толық қимылдауын қадағалау.
3 3. Допты қабылдау тәсілдері: а) допты ұстаған бетте тез беру. ә ) допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алдыға созып, кеуде тұсына тартып алу. Допты мынадай жағдайларда қағып, қабылдауға болады:

а) ауада ұшып келе жатқанда;
ә)төменнен ұшқан жағдайда;
б)қозғалыста;
в)бір қолмен;
г)екі қолмен;

8 мин Қолдың, аяқтың дұрыс қимылдауын қадағалау.

Оқушылардың білегі мен саусақтарына мән беру.

4 4.Оқушыларды екі топқа бөліп, екі жақты баскетбол ойынын ойнатқызу. 7 мин Төрешілік ету, ойын тәртібін қатаң сақтау.
Қорытынды бөлім 3 мин 1

2

3

4

5

Сапқа тұрғызу.

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасын беру.

Сабақты аяқтау.

3 мин Оқушылардың қателіктерін айту, дұрыстау, түсіндіру, бағалау.

Сабақтың өтетін орыны: мектеп спорт залы

Сабақтың тақырыбы: Волейбол. Допты жоғарыдан және төменнен беру, қабылдау түрлері.

Сабақтың мақсаты:1.Арнайы жаттығулармен таныстыру. 2.Допты жоғарыдан беру, қабылдау әдіс – тәсілдерін одан әрі жетілдіру. 3. Оқушыларды волейбол ойынына қызушылығын арттыру.

Сабақтың міндеттері: 1. Қимыл қасиеттерін және үйлестіру қабілеттерін қалыптастыру;

2.Жеке буындар мен бұлшық ет топтарын нығайту, дамыту. 3.Сабақтағы жүктемені дұрыс орындау.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар:доптар, ысқырық.

I. Кіріспе бөлім.

Оқушыларды сапқа тұрғызу. Кезекшінің мәлімдемесі. Оқушылармен сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Саптағы орындалатын жаттығулар. Жүру, жүгіру кезіндегі қимыл- қозғалыстағы жаттығулар. Бір қалыпты жылдамдықпен жүгіру. Тыныс алу жаттығуларын жасау. Бір орында тұрып жасалатын дене жаттығулары.

II. Негізгі бөлім.

1.Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 5-6 м, жоғарыдан беру, жоғарыдан қабылдау. Ойыншы мұнда негізгі тұрыстан допты жоғары берудің ерекше жағдайына ауысады. Бұл тәсіл аяқты бір бағытта жазу үшін жасалады.Алдымен тізені баяу жазып, денені допқа қарай бағыттайды. Екі қол, кеуде және екі аяқ бірден үйлесімді қозғалысқа көшеді. Ал допты қабылдауда екі қолдың басы бет деңгейіне келтіріліп, саусақтар допты қабылдау жағдайына дайын болады. Осы қалыпта тұрып допты өзгеге береді.2..Оқушылар бір-біріне бетпе-бет қарап арақашықтық 5-6 м допты қолдан береді, ал серігі допты төменнен қабылдайды. Допты төменнен дәл беру үшін қолды дұрыс ұстаудың үлкен мәні бар. Қолды, білекті сәл ғана қисайтып ұстау доптың қайта серпілу кезіндегі бағытын өзгертіп жібереді. Допты қабылдау үшін екі алақанды жоғары қарата біріктіріп және қолды бос, еркін ұстау керек.

III. Қорытынды бөлім.

Баяу жүріс, дем алуды және бұлшық еттерді қалпына келтіру үшін жаттығу жасау. Сабаққа қорытынды жасау. Өте жақсы орыдаған оқушыларды атап өту, бағалау. Үйге тапсырма

Асық ойыны

Ағанас Ернұр Мұхтарұлы 4 класс оқушысы

Мен асық ойнағанды жақсы көремін . Денешынықтыру сабағында ағайымыз «Асық ойындары» туралы айтып берді . Асық ойынының түрлері мен ережелерін үйретті. Асық ойыны- қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асықты күндіз де ,түнде де ойнауға болады. Күндізгісі — мергендікке, түнгісі- ептілікке баулытады. Асықты иіргенде түскен қалпына қарай алшы,тәйке,бүк,шік деп, ал атуға арналған асық- сақа деп аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке, омпы ,алшы хан, қақпақыл. Асық ойнаудағы мақсатым -көп асық ұтып алу .Мендегі асықтар қой мен ешкінікі.Атуға арналған арнайы қорғасын құйылып жасалған сақам бар .Ол менің асықтарды атуыма ыңғайлы етіліп жасалған. Менде асықтар көп.

Реклама

Добавить комментарий