«Ұстаз жетістігі — мектеп мәртебесі!»

Аяулы БақытбекқызыШығыс Қазақстан облысы , Тарбағатай ауданы Байтоғас ауылы
«Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асаубаев Ринат Темирланович

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп жырлаған ақын Ғ.Қайырбеков осы бір ғана шумақ өлеңінде ұстаздың барлық болмысын алдымызға жайып салғандай. Расында ұстаз болу үшін үлкен жүрек, жайдары мінез, адами қасиет керек. Менің кейіпкерімді осындай қасиеті бар ұстаздың қатарына қосуға болады. Менің мақалама тиек болып отырған ШҚО,Тарбағатай ауданы,Байтоғас ауылының «Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің технология, бейнелеу, сызу пәндерінің мұғалімі Қызырханова Аяулы Бақытбекқызы.

Аяулы Бақытбекқызы ұстаздық жолын 2013-2014 оқу жылы осы мектептен бастады. Жастайынан білімге құштар болған Аяулы Бақытбекқызы ұстаздық әлеміне именбей қадам басты. Жас ұстаз болсада іздеңімпаз,білімді. Ұжымға бірден үйреніп,ұжыммен тез тіл табысып кетті. Аяулы Бақытбекқызы жұмысқа келген жылы бірден кірісіп,оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетін шыңдауда жасаған жұмыстары үшін Тарбағатай ауданының білім беру бөлімінің арнайы мақтау грамоталарымен марапатталды. Атап айтып кетер болсам: аудан көлемінде өткен баяндамалар байқауында және көрме байқаларында үздік жұмыстары үшін үздік грамоталармен марапатталды.

Сонымен қатар Аяулы Бақытбекқызының оқушылары аудан, облыс, республика, халықаралық деңгейлерде ұйымдастырылған конкурстар мен олимпиадаларда «БАС ЖҮЛДЕ», «І орын» жүлдерін иелеген шығармашыл,қабілетті оқушылар қатарында.

Осы еңбегінің бағалануы нәтижесінде Еліміздің болашағы-жас ұрпаққа бәсекеге қабілетті білім,өнегелі тәрбие беру ісіне үлес қосқаны үшін Тарбағатай ауданының білім беру бөлімінің басшысы С.Н Дауытбаеваның «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» және «Мектеп ұстаздарының әлемі» республикалық педагогикалық журналының бас редакторы С.А Қайырованың «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ» мадақтамасымен марапатталды.

Арнайы « КЕМБРИДЖ» бағдарламасы бойынша ІІІ деңгейді және «Мектеп трейнері» біліктілікті артыру курсын оқып бітірді. Қазіргі таңда оқып келген курсы негізінде Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің ұстаздарын оқытуда.

Қызырханова Аяулы Бақытбекқызы жұмысымен қатар отбасының мақтанышы, ұжымортасында абыройлы, шәкірттерінің үлгілі ұстазы.

Осындай ізденімпаз, жаңашыл әріптестерімді мақтан етемін!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.