Оқу — үрдісіндегі технологияларды күнделікті өм ірде пайдалану нәтижелері

Смайыл Аян Байтұрғанұлы

Жамбыл облысы, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
«Мәлік Ғабдуллин атындағы шағын орталықты» КММ

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, ғылым магистрі

Қазақ әдебиеті сабағында Қ. Бітібаеваның «ой тастау, ойлату, ойлау» технологияларын
қолдана отырып, оқушылардың функцоналды сауаттылығын арттыру

Адамзат қоғамы дамыған XXI ғасыр аспанында өмір сүруде. Қазіргі шәкірт — Егеменді Қазақ елінің үміт күтер азаматы, халқымыздың жарқын болашағы. Сондықтан Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің алға қойған басты мақсаттарының бірі — мектеп оқушыларының білім сапасы деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу,тәрбие арқылы берілетін білім алу саласына көңіл бөле отырып, оқу жүйесіне білім берудің жаңа технологияларын пайдалану, жеке тұлғаны заман талабына сай етіп қалыптастыру.

Оқытудың жаңа технологияларын жан-жақты терең меңгермейінше, сауатты, білімді маман болу мүмкін емес. Ал жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік,адамгершілік, рухани және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында , озық көштің бұйда ұстар тұсында болады. Өйткені бүкіл рухани мұраттың материалдық базасы — экономиканы өркендету ісінде ғылым мен техниканың шешуші рөл атқаратыны ақиқат. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық. Ұрпаққа ұялмай тарту ететін мұрамыз да, мұрағатымыз да осы болсын «,- деп үлкен сенім артқан Елбасымыздың сөзінен осы жайларды байқаймыз.

Мемлекетіміздің өткені мен болашағы тарихымызбен тығыз байланысты. Ал тарих ол сонау батырлар жырынан бастау алатын, адам жанына рухани күш-жігер беретін бабалар жырымен ерекше. Сол жырлардың қайнар бұлағы — әдебиет.

Әдебиет адам баласы жан-жақты ойлатудың, адамгершілік пен адам дүниетануын терең ойлаудағы сөз өнерінің бір саласы. Мектеп бағдарламасында әдебиет пәнін оқытудағы басты мақсат — оқушы бойындағы асқақ арманын, әсемдік пен әдемілікке құштар сезімдерін, кісілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Әдебиет пәнін оқыту арқылы оқушы бойында еліміздің тағылымға толы тарихын, ғасырлар қойнауындағы қазыналы сандығын аша отырып, халықымыздың сан жылдар армандаған арман қиялын, болашақтан күткен үмітін сенім — нанымын жан — жақты талдап оқытып үйретеді.

Білім беру жүйесінде оқыту үрдісі оқыту әдістері арқылы жүзеге асатыны анық. Оқыту үрдісінде көптеген әдіс — тәсілдерді жүзеге асыра отырып, сапалы білім жүйесін қалыптастыруға болады.Осы орайда біз қазіргі таңда деңгейлеп оқыту бағдарламасы арқылы түбегейлі ойластырған жүйені таңдап алып отырмыз. Әрине бұл бағдарламаны жүзеге асыру педагог қауымы үшін оңай тиган жоқ. Бағдарлама оқушылардың деңгейіне қарай оқытуды қамтиды. Бұл бағдарламаның міндеті — қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу болып табылады. Сондықтан оқыту мен оқудың қазігі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби шеберлігі қарастырылады. Бағдарламада білім беру жүйесінде негізгі жеті модульді қолдана отырып оқытады. Осы әдіс — тәсілдерді сапалы білім берудің негізі деп атап көрсетеді. Бұл әрине XXI ғасырдағы білім жүйесіне еніп жатқан өзгерістердің бір деп саналады. Сол жүйені жүзеге асыра , оқушыларға білім беріп келеміз.

Оқушыларға қазақ әдебиеті пәнінен сапалы білім беру кезінде Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясын қолдана отырып, оқушыларды ой салу, ойланту, ойтастау арқылы жан — жақты сапалы білім беруге ұмтылыс жасап жүрміз. Осы әдістерді қолдану барысында Қ.Бітібаеваның XX ғасырдың өзінде жеті модульді қолдан отырып, оқытудың жолын қарастырғанын атап айтып кетуіміз керек. Себебі, қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытуға арнаған қандай әдіс- тәсілін алсақ та, оқыту әдістерінің барлығы толық қамтылып отырған. Әдебиетті оқытудың өрісі кең, сондықтан оқыту барысындағы сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, зерттеу әдісі, мәтінді көркемдеп және мәнерлеп оқу әдістерінің берер пайдасы ұшан теңіз десек артық айтқандығымыз емес.
Заманымыздың заңғар ұстазы Қанипа Омарғалиқызының: «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы кез-келген жаңа әдістермен бәсекеге түсе алатын әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты өнімді әдістермен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделген. Жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау – Қ.Бітібаеваның инновациялық әдістемесі мен технологиясының ең негізгі түп тамырының өзегі болып табылады. Оның барлығында оқушы жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады. «Біздің бүгінгі күні алдымызға қоятын негізгі мақсатымыз – тілімізді қадірлейтін, әдебиетіміз бен мәдениетімізді дамыта білетін, біздің жолымызды ары қарай жалғастырып, жетілдіріп әкететін азаматтар дайындау. Ол үшін біз тілімізді — ұлттық қазына, ал әдебиетімізді – өнер деп оқытуымыз қажет», — дейді ұстаз /1/.

Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Ой салу — ұстаз тарапынан, ойлану — шәкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан жүзеге асады. Ұстаз тәжірибесінің тағы бір ерекшілігі, оқушылар сабаққа өздері мақсат қойып келеді. Ол мақсаттарды ұстаз диагностика, болжам үшін пайдаланады. Оның сабақ жоспары оқушы–субъектінің еркіндігіне жол ашады, оқушының да, ұстаздың да іс — әрекеті түпкілікті нәтижеге қол жеткізудің өнімді еңбегіне айналады.

Қ.Бітібаеваныің «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы: әдеби айтыс,пікірлесу,диологиялық әңгіме,проблема шешу,өз бетімен іздену,зерттеу жұмысына негізделеді.Кез-келгенұстаздың жаңа технологияларды қолдану барысындағы басты ұстанымы «көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, білімді оқушының өз еңбегімен алға ұмтылуға жағдай жасау, оқу жүйесін тереңдете ұсыну, оны игерудің тиімді жолдарын іздеу» болып есептеледі. Осыдан кейін барып ұстаз атулының жаңа технологияларды игере отырып, жететін мақсаты «жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа жоба жасауға бағыт-бағдар беру» болып табылады. Қ. О. Бітібаеваның әдебиетті оқытудағы инновациялық технологиялары — баланы ізденімпаздыққа, өз бетімен білімін жетілдіруге, өзінің ішкі мүмкіндіктерін тануға жетелейтін озық әдістер мен тәсілдер. Қазіргі таңда қолданыста жүрген «модель», «жоба», «бағалау парағы», «постер жасау», «миға шабуыл», «технологиялық карта» терминдері ұстаз еңбегінде, оның білім беру әдіс — тәсілдерінде бұрыннан да бар екендігін еңбектерінен көре аламыз.

Осы бағытта Қанипа Омарғалиқызының: «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясын жан-жақты қолдан отырып, 9 — сынып оқушыларына «Асан қайғы» және «Жыраулар поэзиясы»атты ашық сабақ өткіздім. Мақсатым жаңа технология әдістерін оқушыларға үйретіп, білім берудің тиімді жолын ұсыну. Бұл технологияның бір ерекшелігі мұғалім өтілетін жаңа тақырыпқа ой қозғау мақсатында тапсырмаларды алдын ала беріп, ой тастайды да сабақ өту барысында ол шешуші роль атқарып отырады. Үй тапсырмасы, жаңа сабақ, оларды бекіту, қорытындылау кезеңдерін бірлікте қарастырып бүтінге айналғанына көзім жетті.. Сабақтың өн бойында, әр кезеңдерінде оқушылар «ой тастауда» белгіленген ауқымды мақсатқа жетудің жолдары жүйелі түрде ойландыру; ойлау іс әрекеттері арқылы жүзеге асып отырады.

Әдебиет сабағындағы «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясы

Бұл туралы атақты педагог Қ.Бітібаева былай дейді: «Мақсатым – сабақты қызу еңбекке құру: сабаққа оқушыларды тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы (білімді өз еңбегіне қарай алушы) дәрежесінде қатыстыру. Олар – пікір айтушылар, қызу айтысқа қатысушылар, көркем шығармаға деген өз көзқарасы, эстетикалық талғамы қалыптасып келе жатқан азаматтар. Сол себепті де оларды сабақта үнемі іздендіріп отыруды мақсат етемін» /2/.

Сабақ өткізу барысында Қ.Бітібаеваның «Ой тастау, ойланту, ойлау» технологиясының кез-келген оқушыға пайдалы екеніне көзім жетті. Өйткені оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық сапалы білімнің басты құралы, әрі екі тараптың баға жетпес жетістігі деп есептеймін

Оқушының оқу-танымдық қызметі теориялық білім, білік, дағдылар мен ақыл-ой әрекетін меңгеруге, өз әрекетін жүзеге асырудың жолдарын негіздеу, белгілі бір топтағы тапсырмаларды шешу арқылы жалпы әдісті, ұстанымды игеруге бағытталады; оқу-танымдық үдеріс барысында оқушы-зерттеуші, ғылымды меңгеруші ғана емес, сол «ғылымды қайта жасаушы». Осы тұрғыдан келгенде, оқушының оқу-танымдық қызметі ғылыми танымның баламасы ретінде көрінеді. Зерттеу барысында бала ережелер мен заңдарды енді өзі қайта жасап, қайта жүйелейді; оқу-танымдық үдеріс барысында оқушының өзінің қызметіне, әрекетіне деген сыни көзқарасы қалыптасады.

Сабақ өту кезінде сабаққа селқос қарап, бос отырып уақыт өткізетін, айтқан сөзіңді қайталап беретін оқушы болмайды. Мұғалім өзін жаңашылдыққа бағыт беруші деп сезінсе, оқушы да өзін ізденуші, алға қойған мақсатына жетуші, ойында жүрген сауалдарға жауап тауып ойын толық айтып бере алатын дәрежеде екенін сезінеді. Осы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабақ жүргізу барысында Қанипа Омарғалиқызының еңбегінің баға жетпес құндылық екенін бағамдай білдім.

«Пікір қорғау», «Сөз жарысы», «Шешендік турнир» сынып аралық ғылыми зерттеу жұмыстар

Тіпті тәрбие жұмыстарын өткізу барысында Қанипа Омарғалиқызының: «Билер кеңесінің отырысы», «Мен-зерттеушімін», «Пікір қорғау», «Кіші зертханадағы ғылыми кең ес», «Ұлылар үндестігі», «Жобалар сайысы», «Шешендік турнирі», «Консилиум», «Сөз жарысы», «Өнер жарысы» сияқты ой толғамдарын ғылыми зерттеу жұмыстарын да қолданып отырамын.

Заман талабы әлемдік бәсекеге түсетін білімді ұрпақты тәрбиелу болып табылады. Әрине оған ұстаз қауымының қосар үлесі шексіз. Қазақ қоғамынан шығып, әлемдік деңгейге дейін бағыт берген ұлағатты ұстазымыз Қ.Бітбаеваның әдіс-тәсілдерін күнделікті сабақ барысында қолдану, оқушының білімді, азат еліміздің, айтулы азаматының бірі болуып тәрбиелуге зор ықпал жасайды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Әбиев Ж. Педагогика тарихы: Оқу құралы .Ж.Әбиев — Алматы: Дарын. — 2006. — 466-468 б.
  2. Қалдырған ізің мәңгілік. Республикадағы үздік мұғалімдер туралы очерктер жинағы. /1/ Алматы: Мектеп баспасы ЖАҚ .-2002 .- 60-6 5б.

  3. Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен технологиясы. Екінші кітап Алматы: «Дәрім — Кітап» баспасы — 2012

  4. Қазақстан. Ұлттық энциклопедия бас.ред. Ә.Нысанбаев. – Алматы, 1999. – 519 б.

  5. Қазақ әдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 142 б.

  6. Тебегенова А. Қанипасы қазақтың: тәлімгер, ұстаз Қ.О.Бітібаеваның педагогика саласындағы еңбек жолы туралы /2/А.Тебегенова /Қазақстан мұғалімі. — 2012. — № 6-7. (16 наурыз).

  7. Темірбаева С. Қазақтың Қанипасы: КСРО мемлекеттік сыйлығының, «Парасат» орденінің игері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, танымал педагог Қ.Бітібаеваның ұстаздық еңбек жолына 40 жыл /С.Темірбаева //Қазақстан мұғалімі. – 2008. — 11 қараша

  8. Ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 70 жыл 2015 жылға арналған білім беру саласындағы атаулы даталар күнтізбегі: библиографиялық ұсыныс көрсеткіші құраст. К.Ж.Иманбекова; ред. А.Ә.Насырова; РҒПК.- Алматы, 2014.-59-61 б.

Реклама