Cабақта жаңа педагогикалық технологияларды пайд алану

Жуманова Алмагуль Тлеулесовна.

Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Өрнек орта мектебі.

Математика пәні мұғалімі

Математиканың түсінікті болған он беті түсінбей жаттап алған
жүз беттен артық, ал өздігінен оқып игерген бір беті әйтеуір
түсінікті он беттен артық. Д.Юнг

Мұғалімдер күн сайын күрделі шешім қабылдап жатады. Бұл шешімдер түрлі білім мен пікірлерге сүйенеді және әрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс екендігіне бағытталған. Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиіс өзгермелі әлемге дайындауда маңызды рөл атқарады. Мысалы, бүкіл әлемдегі оқушыларға айтарлықтай әсері болатын елеуле факторлардың бірі-инновациялық технологиялардың кең таралған түрін пайдалануға байланысты білімге оңай қол жеткізудің артып келе жатқандығы. Білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде мұғалімнің рөлі өзгереді. Алайда, бұл мұғалім рөлінің біркелкілігін білдірмейді, керісінше, мұғалімнің рөлі барынша артады және оқушылардың білімге қалай сыни қарайтындығын бағытталатын болады.

Мектепте білім беруші ұстаздар, оқушыларына тек дайын мәліметті беріп, оның әрі қарай тереңінен, жан-жақты ойлауына, шешім қабылдай алуына, білімін тиімді қолдауына аз мүмкіндік беретіні анық. Осындай мәселелерді көріп, замануй мектепке оқыту мен оқуда жаңа тәсілдер қажет екенін түсіне бастайсың. Сабақты түрлендіріп өткізу арқылы, жаңа әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білу баланың теренде жатқан ойын дамытып, оларды еркін, ойын ашық сөйлеуге үйретеді. Сондықтан әр ұстаз өз сабақтарында әр баланың шығармашылық қабілетін ашып, дамытуға тырысуы керек, өйткені бұл мұғалімнің ең басты міндеттерінің бірі. Оқу үрдісіне енгізіліп жатқан жаңа тәсілдің тағы бір ерекшелігі-оқушыларды «жақсы», «жаман», «нашар» деп бөлмей, барлық шәкірттердің үйренуіне қолайлы жағдай жасап, білімі жағынан орташа оқитын оқушының қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуін ұйымдастыра алуы-нағыз жаңа заманға тән ұстаздың қасиеті.

Топтық жұмыс оқушылардың зерттеушілік қабілеттерінің дамуына ықпал етуінде: проблеманы анықтау, деректер мен құжаттар, материал жинау, әртүрлі дерек көздерінен түскен ақпараттарға сыни көзбен қарап, түйсіну, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу, бақылау, гипотеза құру, таңдалған тақырып бойынша жоба құрастыру және т.б. мұнда нәтиже мен тақырыпты қорғау да маңызды болып табылады. Шағын топ жұмысын ұйымдастыру әдісі орташа, нашар оқитын оқушының да оқуға деген ынтасының, артатынын көрсету арқылы тиімділігін дәлелдеді. Олар өзіне деген сенімділікке ие болып, ұжымдық жұмыска араласады,тапсырылған іске деген жауапкершілігі артады, бірлесе жұмыс істеу қабілеті оянады. Тәжірибе бірлесе оқудың жеңіл әрі қызықтылығын ғана емес, тиімділігін де көрсетті.

Сабақтарда бұл әдісті қолдану арқылы балалардың бірі-бірін тыңдауға үйренуін, бір-бірінің білімі ғана емес мәдениеттілік деңгейінің де өсуін көріп, бақылауға болады. Бұл әдісті қолдану арқылы оқыту үдерісін белсенділендіруді қамтамасыз етуге, пән мазмұнын терең меңгеруге, белсенді өмірлік ұстанымы қалыптаскан тұлғаны тәрбиелеуге болады деп айтуға негіз бар.

Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда мұғалімдердің жіберетін негізгі қателіктері.

1.Оқушыларды топтық жұмыс істеуге дағдыландырмайды.

Нәтижесі-«әңгімелесу-таласу(дау)»

2.Топтық жұмыс жасауда оқушыларға сапасың тапсырмаларды таңдауы.

Нәтижесі-тапсырма жеке немесе жұптық жұмыс түрінде орындалса сапалы орындалар еді.

  1. Топқа бөлудің ойластырылмаған қағидаттары. Нәтижесі-үлкен топтар(6 адамнан артық), топта 2 және одан көп белсенділердің үстемдікке ие болуына, ал басқаларының топ жұмысынан тысқары қалуы мүмкін және т.б.

4.Оқушыларды ыңғайсыз отырғызу. Нәтижесі-оқушылар тақтаға арқаларымен отырып, кейбір оқушыларға жазуда ыңғайсыздың туындайды.

  1. «Жалған» топтық жұмыс. Нәтижесі-топтық отырыс байқалады, бірақ топтың жұмыс байқалмайды, онда оқушылардың қандай да өзара қарым қатынасы болмайды .

6.Топтық жұмыс сабақ көлемінің басым бөлігін алады. Нәтижесі- оқушылар топтық жұмысқа деген қызығушылықты жоғалтады.

Оқушылардың ынтымақтастық дағдысын дамыту бойынша практикалық ұсыныстар:

1.Алдын ала бастаңыз. Мектепке дейінгі жастағы балалар бірлесіп және өздіктерінен ойнағанда, жұмыс істегенде, командада жұмыс істеуге үйретуді оқытудың алғашқы күндерінен бастау қажеттігін көрсетеді.

  1. Команда мүшелерінің мінсіз саны шамамен төрт-алты оқушыдан құрылу қажет. Балалар тобының жұмысын мұқият қадағалаңыз және өзара әрекеттесуді құрудың ең сәтті тәсілін таңдаңыз.
  2. Жұмыс барысында жұмыс жүрісін бірлесіп талқылағаны, бір-біріне кеңеске барғандығы үшін ынталандырамыз.

4.Рөлді нақты анықтаңыз және көрсетіңіз. Топ табысты болу үшін қажетті рөлдерді орындау дағдыларын белгілеу қажет.

5.Әрқашан топ жұмысының ережесін және оның жетистіктерін бақылау.

  1. Оқу ынтымақтастығын құру кезінде бала тәжірибесінде бұндай қатынасу формасы әлі болмағанын әрдайым ескереміз. Сондықтан бала ынтымақтастығын кез келген басқа дағды сияқты сондай мұқияттылықпен әдетке айналдыру қажет.

7.Балаларды топқа олардың жеке бейімділігіне қарай біріктіріңіз. Ең нашар балаға «мықты» ғана емес соншалықты шыдамды және тілектесті серіктес қажет.

Барлық педагогикалық ойлардың даму тарихы білімді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің тиімді тәсілдерін табу мен баланың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру болып келген. Әр пән мұғалімнің негізгі мақсаты-сабақ сапасын көтеру, оқушылардың пәнге деген қызығушылғын арттыру, ойлау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.