Жаңа сабақтар

Сабақ тақырыбы: Қиял әлемі

Дидар Алекенов Тулеубаевич

Мұғалжар орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиеті

САБАҚ: Қиял әлемі Мектеп:
Күні: Мұғалімнің есімі:
СЫНЫП: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 5.О/5 Мәтіннің түрлерін және стильдік ерекшелігін тану. Әңгімелеу, суреттеу, пайымдау мәтіндерін салыстыра алады, әр түрлі материалдардан (Мысалы: тарихи, ақпараттық мәтіндер, өлеңдер, үндеухаттар, журнал, газеттер) табуды біледі.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Мәтінді оқиды, мазмұнын өз сөзімен баяндайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Мәтіннің негізгі ойын анықтайды, мәтіндердің құрылымын салыстырады, тілдік қолданысын зерттейді.
Кейбір оқушылар:
Қай стильде жазылғанын анықтап, мәтіндегі идеяны өз ойымен жүйелеп, қорытындылайды.
Тілдік мақсат Оқушылар: (істей) алады.

Берілген мәтінді оқиды. Мәтін түрлерін ажыратып стильдіанықтайды. Сөздік қоры байиды, мәтінге байланысты өз ойын жеткізуде қажетті сөздерді тандап, қолдана алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:
байғазы, «Бестік», сөз саптауы, ой-пайымы, сөзі, саф алтындай, өсиет, қиял, рухани дүние, жақсы ниет, болашақ, адами қасиет.
Сыныптағы диалог/оқылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: шексіз ой, адам болашағы, жақсы қиял, қызықты өмір, болашаққа деген көзқарас.
Талқылауға арналған сұрақтар:

Әкесі баласына қандай өсиет айтты?

Баласы әке өсиетін қалай жүзеге асырды?

Қарияның сөзінде қандай мағына бар?

Қырмызының әжесіне деген сүйіспеншілігі қалай суреттеледі?

Қиялдың адам өміріне маңызы қандай?

Алдыңғы оқу

5 мин

«Есіңде ме» стратегиясы. Оқушылар шеңберге тұрып, бірінші оқушы келесі оқушығабағыттап сұрақ қояды. Сол оқушысұраққа жауап беріп, келесі бір оқушыға сұрағын бағыттайды.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы

5 мин

Топқа бөлу: «Ән бойынша бөлу» стратегиясы.

1. Арман-ай тым алысқа.

2. Сағындым сағым жылдар.

3. Ғажайып бір күй туатын.

Ой сергіту: «Қозғалыстағы сурет» стратегиясы.Әр топқа А-4 форматындағы қағазбен бір түсті маркер беріледі. Маркер арқылы топ мүшелері үзбей бірінен-бірі маркер алып, суретті алғастырады. Шыққан суретті төрт бұрыштағы айналыммен, өз қиялдары бойынша не салғандығын анықтайды. Бұдан «Қиял» тақырыбы шығады.

Интерактивті тақта, А-4 парағы, маркер
Ортасы

25 мин

«Танысу үшін оқу және сканерлеу» стратегиясы. Жүргізілген ой шақыру стратегияларынан негізгі тірексөздерді анықтайды. Мәтінді жылдам оқып шығады.

1-мәтін.

— Мама, бүгін бес алдым, барлық сабақтан!..

Қырмызы өзінен бірер жас кіші сіңлісін ертіп, анасының берген байғазы ақшасына дәріханадан гематоген сатып алады. Дүкендегі кәмпиттерден гөрі осы қызыл-қоңыр тәттіні ерекше ұнататын-ды. Әпкесінің «Бестік» алған күндері кішкентай сіңлісі үшін де бір мереке еді…

Басына байлаған ақ бантиктері желкілдеп, өмірдің әр қалт еткен көрінісінен қуаныш көріп жүретін ол бір ғажап күндер еді-ау!.. Қырмызы әжесінің баласы еді. Ол кісінің сөз саптауы мен ой-пайымын бала Қырмызы аудыртпай қағып алатын-ды. Әжесінің әр сөзі оған саф алтындай қымбат және әр уақытта орынды болып саналатын.

— Менің шешем өте көрікті кісі болған еді… Сен соған тартқансың.

Балапаным-ай, кейде осы көркіңнен де қорқам…

— Неге, әже? Сұлу болған жаман ба?

— Жарқыным-ай, жақсы ғой, тек… жамандығы да бар.

— Неге?..

— Болды, қазымыр болма, ол баланың ойыны емес!

— Айтшы, әже, сұлу болған неге жаман? Ұлдар бұрымыңнан көп

тартқаны үшін бе?

— Е, жалған-ай… Сенің екеу болғаныңды көріп, маңдайларыңнан сүйіп барып өлсем — арманым болмас еді…

— Әже, сіз ешқашан да өлмейсіз, егер өлсеңіз сізді мен жүрегіме салып ап ешкімге көрсетпей, өзіміз ғана өмір сүреміз.

— Балапаным менің, кішкентай ақымағым… Е, Аллам, тіл-көзден аман ете гөр, бұлардың көз-жасын көрсетпе маған…

2-мәтін.

Бір бай ұлын шақырып алып: — Ұлым, мен көз жұмған соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, — деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке: — Неғып отырсың? — дейді. Жігіт: — Жәй отырмын, — деп жауап береді. Шал: — Шыныңды айт! — деп қыса бастайды. Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал: — Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, — дейді. Жігіт: — Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, — дейді. Шал: — Қандай өсиет айтып еді? — дейді. Жігіт: — Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», — деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал», — деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», — деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, — дейді. Шал тұрып жігітке: — Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал» — дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» — дегені. «Қала сайын үй сал» дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» — дегені еді. «Ас ішсең бал же» — дегені: «Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады» — дегені еді, — деп, қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті.

3-мәтін.

Қиял – адамның шексіз ойы. Қиялсыз өмір болмайды. Адам өзінің талабы, еңбегі, білім арқылы қиялындағы арман-ойларын іс жүзіне асыра алады. Адам қиялының жақсы ниеттен туындауы, оның рухани дүниесінің тазалығына байланысты.

Қиял – шексіз, ол адамның әр нәрсені ойлап табуға бейімділігі. Арман – адамның болашақтағы қиялының іске асуы. Жақсы қиял ізгі адами қасиеттерден пайда болды. Мысалы: Отанның тыныыштығы, өмірдің қызықты, сәтті, бақытты болуы. Әр адамның қиялы әртүрлі және ол шексіз. Қиял адамның ойын, блашаққа деген көзқарасын өзгертіп, дамытады.

Тапсырма:

«Салыстыру кестесі» стратегиясы. Оқушылардың алған білімдерін жинақтау мен тиянақтаудың тиімді тәсілдеріне түрлі кестелерді құрастыру жатады.

Сабақ аясында шағын топ ішінде орындалады. Кестелердің негізінде салыстыру жатады. Мәселен, кестелерде бүтіннің құрамдас бөліктерін немесе жеке объектілерді нышандары, ерекшеліктері мен қасиеттері тұрғысынан салыстыруға болады.

Көркем шығарманың бөлімдерін салыстыруға арналған кесте.

ерекшелік

Бөлім

Мәтіннің түрі (әңгімелеу, суреттеу, пайымдау) Тақырыптық ерекшелік Негізгі идея Сөз қолданысындағы ерекшелік Менің түйгенім
Бірінші мәтән

(оған атау беріңіз)

Екінші мәтін (оған атау беріңіз)
Үшінші мәтән (оған атау беріңіз)
Бағалау критерийі Дескриптор Балл
Мәтінді оқиды, мазмұнын өз сөзімен баяндайды. Мәтінді түсініп оқиды 3
Мәтін бойынша негізгі сұрақтарға жауап береді 3
Мәтіннің негізгі ойын анықтайды, мәтіндердің құрылымын салыстырады, тілдік қолданысын зерттейді. Мәтіндегі негізгі ойды ажыратады 4
Мәтіндегі негізгі ойды ашатын сөз қолданыстарын табады 4
Қай стильде жазылғанын анықтап, мәтіндегі идеяны өз ойымен жүйелеп, қорытындылайды. Мәтіннің стилін ажыратады 5
Мәтіндегі негізгі идеяны өмірмен байланыстыра отырып, ой түйін жасайды 5

6-7 балл – «3»

8-9 балл – «4»

10 балл – «5»

Мәтін жазылған парақшалар

Интерактивті тақта

Аяқталуы

10 мин

«Тамаша идея» стратегиясы.

1. Сіз үшін жаңа 3 нәрсені мәтіннен оқып беріңіз.

2. Назарыңызды аудартқан 1 сөйлемді оқыңыз.

3. сізде мағынасына күмән туғызған 4 сөзді айтыңыз.

Интерактивті тақта
Қосымша ақпарат

https:45minutkz.wordpress7com.

https://www.zharar.com/kz/ertegi/7736-osiet.html#read

ШСҚ Алекенов Дидар.pptx

Реклама

Добавить комментарий