Менің тарихи саяхатым – менің рухани байлығым!

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шымкент қаласы

№28 жалпы орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Сарыпбекова Замира Абдиманаповна

«Менің тарихи саяхатым – менің рухани байлығым!».

Адамзаттың біліммен биік шыңдарды бағындырып, өнермен өркендегені белгілі. Сондықтан да адам үшін кітап әрдайым үлкен маңызға ие болған. «Кітап – рухани байлық. Алдағы кезде кітаптың құндылығы, маңызы бұрынғыдан да арта түседі деп ойлаймын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Білім – кітапта. Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады. Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады» деп жастарды кітап оқуға шақырды. Жас ұрпақты тәрбиелеудің бірден-бір құралы кітап екендігін ескере отырып, мектеп кітапханасы ұжымымен бірлесе отырып, Шымкент қаласы №28 жалпы орта мектептің 4 «Б» сынып оқушыларымен саяхат жұмысын ұйымдастырдық. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, «Кітап – көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан» тақырыбында оқушыларды Шымкент қаласындағы «Отырар» кітапханасы, «Тарихи – өлкетану мұражайы» және «Д.А.Қонаев мұражайларымен таныстыру бағдарланды.

Замира мақала.docx

Реклама