Білім кемесінде саяхат


Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы,Тұғыл ауылы
КМҚҚ «Жасұлан» ясли бақшасы,тәрбиеші Мунира Қасымова

Білім беру саласы:Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: Білім кемесінде саяхат

Мақсаты:Баалалардың жыл бойындағы алған білімдерін ойын-сабақта дамытып,жетілдіру.Тілдерін дамытып,еркін ойлап,сөйлеуге дағдыландыру.Әр түрлі қызық кедергілерден тек қана өз білімімен,ақылымен,тапқырлығымен ғана өте алатындарын сезіне білуге баулу.Ойынға деген қызығушылығын әр түрлі сиқырлы сәттер арқылы арттыру.Өз тіліне,өзге тілге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

К/құралдар:Желкең,сұрақтар бар құмыра,алтын балық,орыс ертегісінен келген Аленушка,сестричка,капитан киімі,руль,су қарақшысының киімі,хаттар,қонақтарға гүл(оригами),балаларға зәкір.

Оқу-іс әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушылық. Балалардың ақ желкені бар әдемі кемеге назарын аудару.Үлкендермен амандасып,жылы лебізін білдіріп гүлдерін сыйлау.Кеме орындықтарына жайғастыру
Ұйымдастырушылық ізденістік Су қарақшысының келуі:

-Тоқтаңдар!Мен сендерді ешқайда жібермеймін!Сендер мектепке жету үшін менің қойған сұрақтарыма жауап беріңдер!

Сұрақтар:

-Әріп,дыбыс дегеніміз не?

-Дауысты,дауыссыз дыбыс дегеніміз не?

-Дауысты дыбыстарды ата?

-Дыбыстарды қандай түсті текшелермен белгілейді?

-Сөздерді буынға бөл:мектеп,гүл,мұрагер,серуен,

ана т.б

-Рахмет,сендер дұрыс жауап бере алдыңдар.Жолдарыңа кедергі болмаймын.Сау болыңдар,ақылды кішкене достар!

Ертегідегі Аленушка-сестричканың келуі.

-Здраствуйте,дети!Я Аленушка-сестричка.Я пришла из русккой народной сказки.Я поздравлю вас,ведь вы вкоро пойдете в школу.У меня к вам есть такое задание,я показываю картинки и игрушки а вы их правильно назовите.

-Спасибо.Вы оказались очень умными.До свидания!Попутного вам ветра!

Музыка жетекшісінің орындаған әр түрлі әуеніне балалар түрлі қимылдар жасайды.(Мысалы 7би)

Алтын балықтың келуі:

-Сәлем,балалар,мені таңыдыңдарма?Дұрыс,мен ертегіден келген алтын балықпын,сендерге қалжын сұрақтарым бар:

-Ертегі дегеніміз не?

-Қандай ертегілерді білесіңдер?
-Ертегідегі аюға және түлкіге баға беріңдерші?

-Осы сендер өте ақылды екенсіңдер!Жақсы да бақытты өмір сүріп жатырсыңдар.Осының барлығы кімнің арқасы?

-Ел басымыз кім?

-Ел орда қай қала?
-Рәміздерін ата?

-Байлықтарын ата

-Біздің тұмарымыз не?Т.б

Капитан мырза!Қараңызшы,суда бір зат көрінеді!Ол не екен?Бұл құмыра ғой.Ішінде сұрақтар бар сияқты.(Р дыбысының артикулляциясы)

Ойын:Балқын толқыды.

Балалар қорқынышты сезімде болады.

Сұрақтарға жауап береді

Балалар қуанады.

Балалар Аленушкамен амандасады.

Балалар Аленуканың тапсырмасын орындайды

Балалар әрі қарай жүре береді.

Балалар таңырқайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтарға жауап береді.

Рефлексиялық түзетушілік. Қорытынды.

Балалар,міне әдемі кемемен мектепке де жеттік.Естідіңдерме?Қоңырау шақырады?

-Ендеше жүріңдер мектепке?

-Жолдарың ақ болсын.

-Сабақты тек 4 пен 5 оқыңдар

-Сау болыңдар!

Балалар қуанышты сезімде болады.
Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.