Оқушылар шығармашылығы

Қызылорда облысы Арал қаласы

№ 260 орта мектептің

8 сынып оқушысы Ермағанбетов Мәди

Жетекшісі: Елеусизова Зина

Алтын жүрек анамыз

Алтын жүрек анамыз, мәпелеген

Мен үшін ұйқыңды төрт бөліп ең

Көп еркелік жасасам кешіргейсің

Мен үшін әрқашан да көңілің кең

Сіз арқылы бар өмірді танып ем

Әр күнімнің мәні дағы өзің ең

Мәңгілік сен қасымда болсаң, шіркін

Сіз бар жерде қуанышты көңілді ем

Мені тек жақсылыққа үйреткен

Кеудесі мейірімге толы неткен

Бір қолымен бір бесікті тербеткен де

Бір қолымен бір әлемді тербеткен

Арнасам өзіңе жыр таусыла ма

Көңілдің кенішін ақтарғанда

Ананың ақ сүті ақталмайды-ау

Меккеге үш арқалап апарғанда

Анасыз ақын да жоқ,ь батыр да жоқ

Алып та, сол анадан жаралғанда

Ана деген жалғыз сөз құдіретті

Әрбір жан сол адамнан нәр алғанда

Аналық махаббатың кәусар бұлақ

Сөнбейтін алтын жүрек, мәңгі шырақ

Өзің деп жүрегім алаулайды,

Жүрегім сен деп соғады, сен деп соғады

Қызылорда облысы Арал қаласы

№260 орта мектептің 9 сынып оқушысы

Әкімбай Ақбибі

Жетекшісі: Елеусизова Зина

Жан анама

Сүйем сені, келбетіңді бала қамын ойлаған

Аәк жүрегің судан таза, жарқыраған, жайнаған

Сағынғанда лүпілдейді жүрегім

Бәріненде сені қымбат көремін

Қуат алам бір өзіңнен, күлімдеген көзіңнен

Айналаңа бақыт сыйлап, қуантасың жүзіңмен

Сенен қымбат жақын жан жоқ мына әсем өмірде

Тілегім де, жүрегім де бірге әрқашан өзіңмен

Балаң үшін өмір бойы оянбадың, тынбадың

Қанша қиын болса дағы берілмедің, шыдадың

Бала деумен күндер өтті ыстыұта да шыжыған

Сары үсірт аязда да балаң үшін тыңбадың

Дүниеде ең қымбат жан, асыл жан

Биік тұлға ұстаз ғалым, ақыннан

Шаттық толы нұрын сепсін әрбір таң

Тек өзіңе арналады асыл ән

Тақырыбы басты өзіңсің жырымның

Мен үшін сен дарасың да, ұлысың

Өзің барда еркелеймін назданып

Өзің жоқта өткен өмір құрысын

Әлпештеп ақ сүт берген, аялаған,

Ыстқсың әрқашанда ана маған.

Түн ұйқыңды төр бөліп, дамыл таппай,

Өзің ең еңбегіңді аямаған.

Анашым, құдіретіңнен айналайын,

Мен балаң көлеңкеңде саялаймын.

Өзіңнің ақ сүтіңді ақтау үшін,

Ізетім, құрметімді аямаймын

Қызылорда облысы Арал қаласы № 260 орта мектептің

10 сынып оқушысы Сатқанова Гүлназ

Ана

Ана деген үш-ақ әріп

Толтырады жаханды.

Ана деген уш-ақ әріп

Шыр айналар ғаламды.

Ана деген сөздің өзі

Әрбір жанға өрт ыстық.

Болады әркез жанымызда

Оттай жанған ып-ыстық.

Дүниенің байлығы да,асылы да анамыз,

Осы жанның арқасында

Көкте күн боп жанамыз.

Жарқыраймыз жұлдыз болып,

Көк аспанда жайаймыз

Аналардың арқасында

Күліп әркез ойнаймыз.

Асыл ана,әрқашан да асылмысың сен менің,

Қасиетті үнің сенің құлағымда жүр менің.

Алақанмен маңдайымнан сыйпалайсың,иіскеп,

Сізге тілек-мерекеңмен! Бақыт! Саулық!

Зор құрмет!

Қызылорда облысы Арал қаласы

№260 орта мектептің 11 сынып оқушысы

Сақтапбергенова Лаура

Жетекшісі: Елеусизова Зина

Менің анам

Бала десе ішкен асын қоятын,

Балалардың күлкісіне тоятын,

Жырлаймын мен өз анамды сүйікті

Жырламаған өз анасын қай ақын?

Менің анам бар сырымды біледі,

Сәл көрмесе қобалжиды жүрегі.

Мен ауырсам бірге жаны қиналып,

Көңілденсем,ол да күліп жүреді,

Әкеміздің көңілін де аулайды,

Балалардың сабағын да қарайды.

Көршімен де араласып,сыйласып,

Ағайыннын,туыстан да қалмайды

Анам айтқан әрбір сөзі киелі,

Айтқан сөзі санамызда жүреді.

Ренжітсем,кешірумен қарайды,

Еркелетіп,сәл жымиып күледі.

Бәрінен де асыл менің анашым,

Мақтау жетпес дарасың.

Бүгін бәрің аналарды жырлаңдар,

Аналарға арналады

Әлемдегі бар асыл.

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.