А.Байтұрсынов өмірі мен қызметі. «Ақын ініме» өл еңі

Қызылорда облысы Арал қаласы №260 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Гулбану Караманова

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні: сыныбы: 7

Пәні: қазақ әдебиеті (1- сабақ)

Сабақтың тақырыбы А.Байтұрсынов өмірі мен қызметі, «Ақын ініме»өлеңі
Сілтеме Қазақ әдебиеті (7 сынып),Интернеттен керекті мәліметтер алу.Басқа да қосымша материалдар.
Мақсаты А.Байтұрсынов өмірі мен шығармашылығымен кеңінен танысып,өлеңнің мазмұнын,тақырыбын ,идеясын ашу.
Оқыту нәтижесі Топпен бірлесіп жаңа идеяларды тудырады.тың мәліметтер жинақтайды,өздігінен оқуды бағалайды,жаңа тақырыптың мазмұнын ашады,салыстыра отырып игереді.
Түйінді идеялар 1)Топтасып өзара қарым қатынас жасайды.Далогтік оқыту оқушылардың бір біріне ашық сұрақтар қойып,алған білімдерін пысықтауға үйретеді.

2)АКТ қолдану арқылы жаңа мәліметтерді іздейді.Өздігінен материал жинақтауға септігін тигізеді.

3)Сын тұрғыдан ойлау оқушылардың проблемалық сұрақтар арқылы жаңа идеялар өрбітуіне,сыни көзқарастар қалыптастыруына,бағалауда тең мүмкіндік алуына ықпалын тигізеді.

Блум таксаномиясы 7 модуль ресурстар Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс — әрекеті
Жас ерекшеліктеріне қарай білім беру Топқа бөлу Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, оларға қызықты болытын сергіту сәтін ұйымдастыру арқылы топқа бөлу

Оқушыларға араб,кирил ,латын әріптері таратылады.

1)Латын әрпін алғандар «Белсенділер» тобы»

2)Кирил әрпін алғандар «Дарындылар»

Тобы

3)Араб әрпін алғандар «Данышпандар»

тобы.

АКТ-ны қолдану Ой қозғау стратегиясы Интерактивтік тақтадан «Үш арыстың» суреті көрсетіледі.

Қазақтың реформаторы,араб әліпбиі негізінде қазақ әліпбиін түзген ақын кім? деп ой тастайды.

Оқушылар суретті қарап әр қайсысына жеке сипаттама береді.Кім жөнінде екенін айтады.Тақырыпты бірлесіп табады.
Білу Сын ттұрғысынан оулау Интернет, топтау,болжау,

Джиксо әдісі

Қызығушылығын ояту.

Ахмет Байтұрсынов туралы не білеміз?Топтастыру.

Ақын туралы нені білгіміз келеді?

Қосымша мәліметтер таратылады.ДЖИКСО әдісі қолданылады.

Оқушылар өз білгендерін әуелі дәптерлеріне жазады.Сосын тақтаға біртіндеп жазады.

Топтарда өзара рөлдерге бөлінеді.

Қосымша мәліметтерді оқиды,бір-біріне түсіндіреді,интернеттен тың деректер іздейді.Басқа топтардан мәліметтер жинақтайды.Барлығын біріктіріп,постер жасайды.

Түсіну Сыни ойлау Оқулық, сұрақ-жауап (ашық сұрақтар) Мағынаны тану.

«Ақын ініме» өлеңін мәнерлеп оқимын.

Өлең М.Дулатұлына арналғанын айтамын.

Сөздік жұмыс беремін.

Өлең желісімен сұрақтар қоямын:

І топ: Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?

ІІ топ: Қандай жақсы қасиеттерді уағыздайтынын байқауға болады?

ІІІ топ: Өлеңде ақынның халық алдындағы парызы,міндеті қандай болу керек екенін ақын қалай аңғартуға тырысады?

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Қатты әсер еткен тұстары Әсер еткен үзінділер жайлы менің пікірім(нені еске түсіреді?)
Оқушылар мәнерлеп оқиды.Сөздік қорымен жұмыс жасайды.Таныс емес сөздердің мағынасын ашады.

Әуелі дәптерге екі түрлі түсініктеме күнделігін жазады.Өзара талдайды.Сұраққа жауапты бірігіп табады.Көпшілікке ұсынады.

Барлық топ өз жауаптарын айтып болған соң,бақылаушы топ қалай бақылағанын айтады.Сыншы топ сын айтады.Қорғаушы топ қорғайтын тұстарын айтып,дәлелдейді.

Қолдану Сын тұрғысынан ойлау,талантты,дарынды балаларды оқыту Ой толғаныс «Бес жолды өлең» әдісі.

Зат есім: Ахмет.

Сын есім: шебер,суреткер.

Етістік: аударды,шығарды,кейіптеді.

Синоним: ақын,мысалшы,аудармашы.

Сөйлем: Ахмет – қазақтың аса көрнекті ақыны.

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар өз қабілеттерін сынап көреді.

Екі адам бірігіп, өлең құрастырады.

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды:

Ұйқас түрі,бунақ,тармақ,буын саны.

АКТ-ны қолдану сергіту Оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастырады. Интерактивті тақтадан бейнекөрініске қарап жаттығу жасайды.
Талдау Сыни ойлау Түртіп алу стратегиясы Авторға сұрақ қою.

«Ақын ағама хат»

Автор орындығы.

Оқушылар хат жазады.Оны оқиды.Белсенді жұмыс жасайды.Ойлау дағдысын,сөйлеу мәнері қалыптастырады.
Жинақтау Сын тұрғысынан ойлау Венн диаграммасы Үйге тапсырма беру.

Венн диаграммасын құру.

Ахмет байтұрсыновтың «Ақын ініме» өлеңі мен С.Торайғыровтың «»

Оқушылар басқа өлеңмен салыстырады,ұқсастығы мен айырмашылығын дәптерлеріне жазады.

Сын көзбен қарауға және мағынасын ашуға үйренеді.

Бағалау АКТ-ны қолдану Тест тапсырмасы Оқушыларға тест тапсырмасы беріледі.Кім көп біледі? Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы бүгінгі сабақта нені үйренгендігін біледі,бағалайды.
Оқыту үшін бағалау Оқушыларға критерий жазылған бағалау парағы беріледі. Оқушылар бір-бірін бағалайды.
Реклама