«Ана — өмір шуағы!» атты мерекелік кеші

Алматы облысы Керұлақ ауданы Байғазы орта мектебі

«Жұлдыздар» шағын орталығының тәрбиешісі

Ажибекова Алия Ашимхановна

Мақсаты: оқушылардың аналар мерекесі туралы түсініктерін кеңейту анна мен бала арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін анамызды құрметтеу керек екенін түсіндіру.
Қыздар ды құрметтеуге олардың нәзік жанды екендігін көрсету.

Жүргізуші:
Қош келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана — өмір шуағы!» атты мерекелік кешіміз сіздерге арналады.
Осы кезде есік тоқылдатып ішке әжелер кіреді(қыздар әжелер киімімен)

1-ші әже:

Әй,мыналардың барлғы неменеге жиналып алған?

2-ші әже:

Ойбу,бүгін аналар мерекесі емеспе?

3-ші әже:

Мәссаған қалайша ұмытып кеттік,біздің мейрам екенғой

4-ші әже:

Ал,ендеше құрдастар қане мында жиналған қауымды бір құттықтап қойайық қуанып қалсын барлығы!Қане кеттік

Би: «Заманауи би» қыздардың орындауында

1.

Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.

2.

Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.
3.

Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген дауысыңнан
Мен мәз болып оянам.
4.

Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.

Жүргізуші:

Аяулы да,ардақты менің анам

Мен өзіңді әрдайым мақтан тұтам

Әрдайым болшы менің жанымда

Мен сенің мәпелеген асыл ботаң! Дей отырып ардақты аналар келесі кезекте біздің «Мақтаныш» тобының орындауында «Анашым» әнін қабыл алыңыздар

5.

Анамды мен жақсы көрем
Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
6.

Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

  1. Әжем менің әйбат.
    Ешкім оған жетпейді.
    Күні бойы бірге ойнап,
    Жанымнан бір кетпейді.
    Жүргізуші: аналар неткен сұлу неткен көркем,сіздердің бүгінгі мерекелеріңізге біздің кішкентай құлыншақтарымыз барын салып дайындалыпты.Ендеше қарсалыңыздар даярлық тобының орындауында тамаша би.

8.

Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
9.

Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.

10.

Шеше сен бақыттысың

Жыламағың!

Жай түсіп жатқанда да құламадың

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой

Тірімін ғой,

Қасындамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.

Жүргізуші:

Бәрекелді қандай тамаша барлығымыз аналарымызға арналған ыстық лебізімізді білдіріп жатырмыз.Енді сүйікті аналарымызбен ойын ойнасақ қалай қарайсыңдар балалар?Ойын шарты үш ана үш ұл бала шығады аналар орындықта отырады ұлдар қасында тұрып 1,2,3 дегенде жүгіріп келіп қарсы беттегі шардың үстіне отырып жарып қайта анасына жүгіріп келіп анасының бетінен бес реет сүйюі керек сүйіп болғансоң қайта жүгіріп кеп шарды жарамыз осылай шар біткенше жасау керек.Жеңімпаздарға арналған сыйлығымыз бар.(ойын ойналып жеңімпаздар марапатталады)

Жүргізуші:Аналарымызды бүгін әбден күлкіге бөлейтін күн деп айтсақта артық кетпейміз,себебеі бүгін аналар,аяулы қыздар мерекесі!Қанеқи балалар аналарымызға арналған қызықты қойылымдарымызды көрсетейік.(Қызықты қойылымдар)

Ән: «Әр қашан күн сөнбесін»

Балалар ән салып болған соң аналарына арналған сыйлықтарды сыйлайды!

Жүргізуші:

Құрметті аналар,апалар бүгін біздің кешімізге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.