Оқушылар шығармашылығы

Ақтөбе облысы, Сазды ауылдық округі, Сазды ОМ КММ
Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жолдасбаева Әсел Бахитқызы

Бастауыш сынып оқушылары:

  1. Литвиненко Евгения
  2. Ахиядов Мансур
  3. Нугманова Арайлым
  4. Ералиева Мадина
  5. Амантаева Ақниет
  6. Саламат Жанарыс «Күз»
  7. Гудкова Милана «Алтын күз»
  8. Сисенова Жансулу «Табиғат көрінісі»
  9. Воробьев Тимур «Менің сүйкімді пілім»
  10. Буртак Елена«Ертегілер елінде»
  11. Биферт Ангелина «Күздің желді бір күні»
  12. Амантаева Акниет «Көңілді Мини»
  13. Кенисов Тсмерлан «Жауқазын»
  14. Карпенко Любовь «Менің ала күшігім»
  15. Буртак Елена «Құмырадағы гүл»

Көктем

Көктем! Көктем! Көктем! Мен жыл мезгілдерінің ішінде көктем мезгілін асыға күтемін. Себебі, наурыз айының жетінші жұлдызы менің өмірге келген күнім. Сол себепті әр жыл сайын көктем мезгілін тағатсыздана күтемін.

Көктем – тіршіліктің жандана түсетін кезі. Көктемде қар еріп, ағаштар бүршік жарып, құстар әндетіп, айналаның құлпыра түсетін кезі. Көктем – ғажайып мезгіл.

Менің анам да көктем мезгілін өте қатты жақсы көреді. Себебі, анам кереметке толы көктем мезгілінде мені өмірге әкелді, ана бақытын сезінді. Анам үшін де қуанышқа толы, іңкәр сезімге толы сиқырлы мезгіл ол – көктем. Гүл көктем, мен сені асыға күтемін!

Ақтөбе облысы, Сазды ауылдық округі

Сазды орта мектебінің

3 «Б» класс оқушысы Амантаева Ақниет

Жетекшісі: Жолдасбаева Әсел Бахитқызы

Пәні: орыс класындағы қазақ тілі

Астанам

Жырға толы жүрегім,

Алып ұшты дәл бүгін

Астанамның ауасын,

Жұтқан кезде мен бүгін!

Арман қала – Астана,

Жайна мәңгі жарқыра

Жыр жазамын мен мәңгі,

Елордам менің сен барда!

Ертегінің әлемі,

Жайылған гүлден кілемі

Асқақтай бер үнемі,

Қазағымның жүрегі!

Ақтөбе облысы, Сазды ауылдық округі

Сазды орта мектебінің

3 «Б» класс оқушысы Ералиева Мадина

Жетекшісі: Жолдасбаева Әсел Бахитқызы

Пәні: орыс класындағы қазақ тілі

Анашым – менің қамқоршым!

Мен анамды өте қатты жақсы көремін. Әр бала өз анасын дәл мендей қатты жақсы көреді деп ойлаймын. Себебі, анашым мені өмірге әкелді, маған үнемі қамқор болып, мен үшін қаншама күн мен түн көз ілмеді. Маған мен білуге тиісті барлық нәрсені үйретіп, мені тәртіпті етіп тәрбиелеуде. Мен анамның айтқанын екі айтқызбай тыңдаймын және ешқашан ренжетпеймін.

Әнші аға – апаларымыз өз аналарына арнап ән салады, ақын ағаларымыз өлең арнап шығарады. Ал мен, анашыма жүрегімнен шыққан әр сөзді өрнектеп , қағаз бетіне әсемдеп түсіремін. Анашым – менің өмірдегі ең жақын адамын. Әр бір бала аналарымен мәңгі бірге болса екен. Аналарымыз ешқашан ауырмаса екен. Мен анамды мақтан тұтамын. Анашым – менің қамқоршым!

Ақтөбе облысы, Сазды ауылдық округі

Сазды орта мектебінің

3 «Б» класс оқушысы Нугманова Арайлым

Жетекшісі: Жолдасбаева Әсел Бахтиқызы

Пәні: орыс класындағы қазақ тілі

Менің сүйікті сабағым

Мен , Сазды орта мектебінде үшінші сыныпта оқып жатырмын. Маған барлық пәндер ұнайды. Бірақ, сол пәндердің ішінде қазақ тілі сабағы өте қатты ұнайды. Әр сабақ сайын қызықты ойындар, түрлі тапсырмалар орындаймыз. Уақыттың қалай өтіп кеткенін де байқамай қаламыз. Қазақ тілі пәнінен Әсел Бахитқызы білім береді. Мен мұғалімімнің әр бір сөзін сүйсініп тыңдаймын.

Әсел Бахитқызы – талапшыл мұғалім. Мен әр кез сүйікті пәніме мұқият дайындықпен келемін. Себебі, маған қазақ тілі сабағы ерекше ұнайды. Мен барлық тапсырмаларды мұғалімнің бағыттауымен түсініп әрі қатесіз орындаймын. Әсел Бахитқызы сабақты ерекше ықыласпен түсіндіреді. Мен Сазды орта мектебінде білім алып жатқаныма және қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әсел Бахитқызының шәкірті болғаныма қуанамын.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет болғандықтан, қазақ елінде өмір сүріп жатырған әр біз азамат қазақ тілін білуге міндетті деп ойлаймын. Менің ұлтым қазақ болмаса да, қазақ тіліне деген қызығушылығым өте жоғары. Менің достарымның барлығы қазақ. Мен олармен қазақ тілінде сөйлесемін. Сол себепті, мен қазақ тілі сабағын өте қатты жақсы көремін және бізге қазақ тілін шын ниетімен, ыстық ықыласымен түсіндіретін Әсел Бахитқызын ерекше сыйлаймын. Мен тіліммен, Отаныммен мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің бақытты ұрпағымын!

Ақтөбе облысы, Сазды ауылдық округі

Сазды орта мектебінің

3 «Б» класс оқушысы Ахиядов Мансур

Жетекшісі: Жолдасбаева Әсел Бахтиқызы

Пәні: орыс класындағы қазақ тілі

Жарқыра, жайна көктемім!

Көктем келді. Күн жарқырап ашылды. Құстар жылы жаққа ұшып келді. Қар еріп ағаштардың бұтақтары бүршік жара бастады. Құстар әндетіп, айнала құлпырып сала берді. Аспан Анадан күн жарқырай күлімдеп, жер бетіне тіршілік нәрін септі. Айнала ерекше күйге бөленіп, адамзат та көктем мезгілімен бірге көңілді күйде жүр. Мереке қарсаңында бәйшешектей жайнап, құлпырып жүрген анамды көріп, мен де ерекше сезімге бөлендім. Көктем – барша аналарымыз үшін гүлдей жайнап, күндей күлімдеп жүретін мезгіл деп ойлаймын. Маған көктем мезгілі өте қатты ұнайды.

Ақтөбе облысы, Сазды ауылдық округі

Сазды орта мектебінің

3 «Б» класс оқушысы Литвиненко Евгения

Жетекшісі: Жолдасбаева Әсел Бахтиқызы

Пәні: орыс класындағы қазақ тілі

Реклама