Оқушылар шығармашылығы

Сарат орта мектебінің 8 класс оқушысы Әкімғалиқызы Назгүл,

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы.

Мен қазақтың қызымын

Мен қазақтың қызымын,

Әлемге танытар елімді.

Қорғайтын әркез жеріңді,

Бар қазақтың қызымын.

Қазақ болып өсіп мен де жетемін,

Қазақ болып туғаннан соң не етемін.

Қазақ қызы қазақ деген атаққа,

Арман жолын қуып мен де келемін.

Жүрегі қазағым деп соғатын,

Әлия, Мәншүк апаларым.

Қазағымның биігінде

Мен солардай боламын.

Әрбір қазақ ұл – қызының бағына,

Бақ қонсын деп айтқан ғой бабаларым.

Қай елде, қай жерде жүрсемде,

Қызымын қазақтың деп, мақтанамын.

Өз – өзіңді тани біл жас ұрпақ деген,

Сара апамды қалайша айтпай өтем.

Қайран қазақ қыздарын сыйлап өтем,

Фаризадай апамды жырлап келем.

Қазағымның ерлері

Қазақ елін өз жанындай көретін,

Қазақ десе мың тіріліп, өлетін.

Қайран менің қазағымның ерлері,

Елі үшін жанын пида ететін.

Қазақтың ерлері бір сері еді ғой,

Алашта халі ауыр кез дерт еді ғой.

Өзекті жарып шыққан бір өкініш,

Өткен заман біздерге бір ертегі ғой.

Ер есімі ел есінде сақталады,

Ерлерімен елім менің мақтанады.

Ерлерімнің ерлері мәңгі бақи

Санамызда мәңгілік сақталады.

Елім менің ерлерімен еңселі,

Ерлер берген елдігімнің ертеңі.

Аманат боп қалған бізге мұра боп,

Осын-ау, байтақ қазағымның өлкесі.

Ханым бар, билерім бар мен білетін,

Бауыржандай атам бар жыр төгетін.

Мен еліммен, ерлеріммен мақтанамын,

Ғарышты да бағындырған мен білемін.

Мағжанға арнау

Жарқ жұлдыз әлемге атың танылған,

Азап шектің ғазиз бала жасыңнан.

Жарқ еткенді көре алмай солақайлар

Жазықсыздан жазықсыз атылған.

Халқың сені қорғады да қолдады,

Бәзбіреулер даттап сені қорлады.

Өр ұлтыңмен біргемін деп жырласаңда,

Теріс айналып қорлағандар болғанды.

Бұл өлеңді арнадым мен Мағжан аға

Жырыңды жалғастырып жанға шипа.

Кіім сүймейді қазағымны дарасын аға.

Өнеріңді ұқсатып, жаныма аға. Мағжын аға.

Ұрпаққа салып кеттің өнер жолын.

Жазықсыздың құрбаны болсаңда аға,

Қалдырған мұраң бар да, Мағжан аға

Жұлдыз болып жарқырайсын әлі де аға.

Өмірім — әнім

Әр адам әр түрлі ғой бұл өмірде

Күдік пен күмәні бар көңілінде.

Тағдырыңа налыма сен түңілме,

Бір өнер ғой жақсы өмір сүруде.

Арманды арман жалғайды әркез

Самғаумен қанат талмайды әркез.

Өмірім менің өлеңім едің,

Өмірім мен жүрегім менің.

Жігер беріп жандандырды жанымды,

Таңғажайып кереметтер сендегі.

Өмір мені жасытып та көрмеді,

Өміріме арнадым мен барымды.

Міне, осылай өмір сүріп келемін,

Келешекке мен әркез де сенемін.

Өмірім жырым, өмірім әнім, менің сәнім,

Тағдырымның жазғанына көнемін.

Қайран өмір сен мұхитсың, білемін,

Сол мұхитта мен де жүзіп келемін.

Таза ауа мұхитым түпсіз терең

Өлеңім өмірімді үндей берсін.

Өміріммен бейбітшілік заман болсын.

Өлеңімді жырлайтын санаң болсын.

Қайрат. Ақыл. Жүрек бағындырар,

Бұл заманда барлығы да аман болсын.

Өлеңді шығарған: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің 8-класс оқушысы Әкімғалиқызы Назгүл.

Жетекшісі: Жұмабек Сатқарбек Таңатбекұлы

Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.