Жырлайды жүрек…

Алматы қаласы, Алатау ауданы №169 мектеп -лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Масимханова Жазира

9-12 ақпан аралығында поэзия патшасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 87 жыл толу қарсаңында Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылар Одағының Концерт залында Республикалық «Жырлайды жүрек» атты М.Мақатаев өлеңдерін оқудан және өлеңіне жазылған әндерінен балалар байқауы өтті. Бұл байқауды ұйымдастырудағы басты міндет ол біртуар ақын рухына деген құрмет. Ал екіншіден, поэзияға деген тағзым.

Мұқағали Мақатаев -қазақ тарихындағы ең оқырманы көп, қалың халық басты жанашыры болған суреткер. Ол ең алдымен ақын. Қазақ жырының құдіреті. Терең сырға толы ақын жырлары поэзияға шөліркеген жанымызды сусындатып қана қоймай,баршамызға рухани шабыт бергені сөзсіз. Әсіресе Отанға деген ыстық та албырт шығармалары «Қазақпын» -деп соққан әр жүректің түбінен орын алары хақ емес пе?

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем»деген,

Не тындырдың «басымды иемменен»?

Оңай сөз ғой, құрбым -ау,оңай сөз ғой

» Отан үшін өлемін, күйем» деген.

Өлім деген ерліктің қорегі ме?

Өлмей -ақ қой бос сөздің керегі не?

…Егер Отан cыңсыған орман болса,

Жапырақ боп жармасқын терегіне.

Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма?

Сүй Отанды!

Шыныңмен сүйіп өт те,

Гүл боп қадал ойына қырына да.

…Оңай сөз ғой «Отанды сүйем «деген,

Іс тынбайды «жанамын, күйемменен…»

Өгей әке емес қой Отан деген,

Отанды мен Атамдай иемденем.

Туған жерге деген құрмет,туған елге деген ыстық сезім. Осы бір өлең жолдары адамзатқа тастаған ұраны іспетті.

Ел болашағы,яғни біздердің «Ақ найзаның ұшымен,ақ білектің күшімен» ата бабамыз мирас етіп қалдырған Отанымызға адал қызмет ету басты парызымыз.Әр шәкірттің бойына ұлтжандылық пен намысшылдықты сіңіру Отан алдындағы борышымыз деп түсінемін.

Байқауға еліміздің барлық аймағынан дерлік дарынды оқушылары қатысты. Әр өңірден келген жас өнерпаздар -көркем сөз,би,вокал жанры бойынша өнер көрсетті.Жүзден жүйрік -мыңнан тұлпар жас өрен Мұқағали өлеңдерін оқудан өз шеберліктерін көрсетуден аянып қалмады.

Осы орайда Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінің оқушылары өз өнерлермен көзге түсті. Атап айтқанда өзім жетекшілік жасап жүрген 3″Ә»сынып оқушысы Тоқтасын Камила ақпан айында өткен қалалық байқауда І- дәрежелі лаурает атанса, 5 «К» сынып оқушысы Құдайбергенова Ақбота 2 дәрежелі лауреат атанып мектеп мақтанышына айналды.

Байқауда әділқазылар алқасы әр қатысушыға әділ бағасын беріп,шабыттарына шабыт қосты.Дода жоғары дәрежеде өтті.

«Мені адамның өзі,сыртқы сүлдері емес,мінез-құлқы,қатынасы, ойы мен психологиясы қызықтырады.Адамдарды түсіне отырып,олар да мені түсінгенін қалаймын.Менің бүкіл поэзиямның мәні міне, осы.Поэзия мен үшін жанымның шырылы»-деп ақиық ақын тегін айтпаса керекті.

Поэзия !

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе , неге іздедім,

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.

-деп жырлаған Мұқағали әндері мен өлеңдері үш күн бойы алып шаhар аспаны астында әуелеп тұрды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.