Успанова Гульбану Сабыровна

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы.
Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінің география пәнінің
оқытушысы Успанова Гульбану Сабыровна

  • Сабақ тақырыбы: Литосфера және оның даму заңдылықтары.
  • Сабақ тақырыбы: Дүние жүзінің саяси картасы.
  • Сабақ тақырыбы: Географиялық белдеулер мен зоналар.

География пәні бойынша оқу сабағының жоспары

Курсы: ІІ курс

Сабақтың тақырыбы: Литосфера және оның даму заңдылықтары

Сабақтың мақсаттары:

  1. білімділік: студенттерге литосфера және оның даму заңдылықтары,литосфералық тақталар, платформалар жөнінде түсіндіру.
  2. дамытушылық: өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру, өз ойларын еркін де сауатты,нақты жеткізу қабілеттерін арттыру
  3. тәрбиелік: жан- жақтылыққа,ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

1.Сұрақ-жауап 4.Топтастыру

  1. Әңгіме-дәріс 5.Кестемен жұмыс

3.Тірек-сызба

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

(Студенттерді түгендеу,оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ – жауап:

1.Тау жыныстарының жасы?

2.Геологиялық жыл санау?

3.Геохронологиялық кесте?

4.Тау жасалу кезеңдері?

5.Неотектоникалық қозғалыстар дегеніміз не?

Қорытындылау

ІІІ. Жаңа сабақ

Әңгіме-дәріс,тірек-сызбамен жұмыс,топтастыру,қорытындылау

Жаңа сабақ әңгіме дәріс беруден басталады. (кестемен жұмыс) Оқулықтың 30-бетіндегі 2 кесте арқылы жер қыртысының химиялық құрамын түсіндіру.

Тірек-сызба арқылы платформалардың жіктелуі түсіндіріледі.

Платформалар

Ежелгі Жас

Архей-протерезой Палезой эраларында эрасында қалыптасқан қалыптасқандар

Шығыс Еуропа, Сібір, Арабия, Батыс Еуропа, Батыс Сібір,

Солтүстік Америка, Аустралия т.б Тұран т.б.

Топтастыру арқылы қалқандар, гиосинклиналдар түсіндіріледі.

ІV. Жаңа сабақты бекіту

Сұрақ – жауап

  1. Литосфералық тақталар?
  2. Жер қыртысының химиялық құрамы?
  3. Қалқандар?
  4. Геосинклиналдық белдеулер?
  5. Платфориалар?

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Литосфера және оның даму заңдылықтары.

Курсы: ІІ курс

Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзінің саяси картасы

Сабақтың мақсаттары:

а)білімділік: студенттерге дүние жүзінің саяси картасы, қалыптасу кезеңдері, қазіргі саяси карта жағдайы жөнінде түсіндіру.

б)дамытушылық: өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру, өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру

в)тәрбиелік: жан- жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

1.Сұрақ-жауап 4.Топтастыру

2.Әңгіме-дәріс 5.Кестемен жұмыс

3.Тірек-сызба 6. Б.Ү.Ү кестесі

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі(Студенттерді түгендеу,оқу құралдарын дайындатып,зейіндерін сабаққа аударту)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ – жауап:

  1. Географиялық зона дегеніміз не?
  2. Ендік зона дегеніміз не?
  3. Биіктік белдеу?
  4. Табиғат зоналары?
  5. Гималайдағы биіктік белдеулері дегеніміз не?

Қорытындылау

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Топтастыру арқылы дүние жүзі саяси картасының қалыптасу кезеңдері түсіндіріледі. Оқулықтың 78-бетіндегі 5 сызбанұсқа арқылы саяси картаның өзгеруіне әсер ететін факторларды түсіндіру.

Кесте арқылы дүние жүзі елдерінің тәуелсіздік алуын түсіндіру.

Тәуелсіздігін алған жылы Елдер
ХХ ғ/ң басы Тәуелсіз 55 ел болған
ІІ-ші д.ж.соғыстан кейін Тәуелсіз 81 ел болды
1950 жылдың соңында Тәуелсіз 92 ел болды
1960 жылы «Африка жылы» 17 ел тәуелсіздік алды
1990 жыл Тәуелсіз 171 ел болды
1991 жылы КСРО ыдырап 15 тәуелсіз ел қосылды
1990 жылдар Югославия бірінші елдерге ыдырады
1993 жылы Чехия, Словакия, Эритрея, Палау, Шығыс Тимор елдері т.б.
Қазір 230-дан астам елдер мен иеліктер бар

ІV. Жаңа сабақты бекіту

  1. Б.Ү.Ү. кестесі
Білгенім Үйренгенім Үйренгім келеді

V. Қорытындылау,бағалау.

. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Дүние жүзі саяси картасы

Курсы: ІІ курс

Сабақтың тақырыбы: Географиялық белдеулер мен зоналар

Сабақтың мақсаттары:

а)білімділік: студенттерге географиялық зоналардың таралуы, заңдылықтары, ерекшеліктері жөнінде түсіндіру.

б)дамытушылық: өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру, өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру

в)тәрбиелік: жан- жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:

1.Сұрақ-жауап 4. Кестемен жұмыс

2.Әңгіме-дәріс

3.Тірек-сызба

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру кезеңі(Студенттерді түгендеу,оқу құралдарын дайындатып,зейіндерін сабаққа аударту)

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ – жауап:

  1. Табиғат кешені дегеніміз не?
  2. Географиялық қабық туралы түсінік?
  3. Жер қыртысындағы заттар айналымы?
  4. Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығы?
  5. Географиялық қабықтың ырғақтылығы?

Қорытындылау

ІІІ. Жаңа сабақ

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

Тірек –сызба арқылы географиялық зоналықтың түрлерін түсіндіру.

Кесте арқылы Гималай тауының белдеуін түсіндіру.

0-1000 м.м. Тау етегіндегі-терая, Субэкваторлық ылғалды ормандар
1000-2000 м.м. Мәңгі жасыл субтропиктік ормандар
2000-2500 м.м. Жапырақтарын түсіретін жалпақ жапырақты ормандар
2500-3500 м.м. Қылқан жапырақты ормандар
3500-4500 м.м. Субальпілік биік шөпті шалғындар, Субальпілік аласа шөпті шалғындар
4500-9000 м.м. Қар

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

Сұрақ-жауап.

  1. Географиялық зоналық дегеніміз не?
  2. Ендік зоналық?
  3. Биіктік белдеулік?
  4. Табиғат зоналары?
  5. Гималайдағы биіктік белдеулер?

V. Қорытындылау,бағалау.

. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Географиялық белдеулер мен зоналар.

Реклама