Жол қозғалыс ережесінің (реттеушінің сигналдары)

Алматы қаласы, ШМОӨК-ның жол қозғалыс ережелерінің

мұғалімі Абилдаев Нуржан Рахымжанович

Сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты:

Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға реттеуші сигналдарының неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, реттеушінің сигналдарының атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Өткізілу орны: ЖҚЕ кабинеті.

Уақыты: 45 мин.

Көрнекті құралдар:

  • Тақта;
  • Тест карточкалары;

  • Слайттар;

  • Плакат.

р/с Оқу сабақ сұрақтары: Уақыты

(мин)

І. Ұйымдастыру кезеңі:

— Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру(Амандасу, тізім бойынша тексеру);

— Тақтаға назар аударайық, сабақтың тақырыбы: «Реттеушінің сигналдары». Бүгінгі біздің сабағымыз ойын түрінде өтеді.

— Сабақтың жоспарымен таныстыру;

-Бірінші бөлім: «Ұшқыр ой»

Ұшқыр ой сұрақтары:

  1. Жол қозғалысын реттеу үшін қандай бағдаршам түрлері қолданылады?
  2. Бағдаршам сигналдарының қандай түрлері бар?
  3. Бағдаршам жасыл сигнал нені білдіреді?
  4. Бағдаршам жасыл жыпылықтаған сигналы нені білдіреді?
  5. Бағдаршам сары сигналы нені білдіреді?
  6. Бағдаршам сары жыпылықтаған сигналы нені білдіреді?
  7. Бағдаршам қызыл және жыпылықтаған сигналы нені білдіреді?
  8. Бағдаршам қызыл және сары сигналының қосыла жануы нені білдіреді?
  9. Қосымша секциясы бар бағдаршам жұмысы?
  10. Сөніп тұрған қосымша секцияның сигналы нені білдіреді?
  11. Трамвай мен маршруттық көлік құралдарын реттеу үшін кандай бағдаршам түрі қолданылады?
  12. Бағдаршамның сигналдары қалай орналасқан?
  13. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер қозғалысын реттеуге қандай бағдаршам түрі қолданылады?
  14. Реверстік қозғалысқа кандай бағдаршам түрі қолданылады?
  15. Теміржол өтпесіне қандай бағдаршам түрі қолданылады.

Дұрыс жауап берген топқа өз ұпайларын береді. Әр сұраққа бір ұпайдан.

Екінші бөлім: «Үй тапсырмасы»

«Қызылдар» тобы: Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшынның инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Алдымен түрлі-түсті сигналдар қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды. Өнінішке орай, бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

«Сарылар » тобы: Бағдаршам тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, тағы басқа қалаларында қайта пайда болды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана, қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды.

«Жасылдар» тобы: Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылы Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды. Бағдаршамдағы түстер бекер таңдап алынбаған. Қызыл түс қауіп ұғымын білдіреді. Сосын бұл түс күндіз де, түнде де, тұман мен жауынды күні де жақсы көрінеді. Жасыл түс қызыл түстен айқын ажыратылады. Сары сигнал – негізі қызыл мен жасыл түстердің арасындағы айырым белгісі.

Үй тапсырмасына 10 ұпайдан беріледі. Әр топқа өз ұпайларын береді

1 мин

2 мин

2мин

ІІ. Негізгі бөлім:

Үшінші бөлім: «Сауат ашу»

РЕТТЕУШІ – бұл кім? (жауаптар)

Дұрыс, бұл адам, жол қозғалысын реттейді. Ал кім біледі, «Реттеуші»бұл қандай сөзді білдіреді?

«Regulate»(рэгьюлэйт) – ағылшынша «реттеуге»

«Regel»- немісше «ереже»

«Регулировщик» орысша.

Қалай ойлайсыздар, неге осы сөз,дыбысталуы әр түрлі тілде, бір түбірден тұрады? Дұрыс. Барлығының мағыналары бір: «реттеу ережесі» жол қозғалысы.

-Слайттар және жол қазғалысы ережелері кітабы бойынша(11 бетте) түсіндіріледі.

Төртінші бөлім: «Біліміңді мықта»

-бұл бөлімде жаңа өткен сабақты тест арқылы пысықтаймыз. Тест карточка түрінде таратылады.

Бесінші бөлім: «Тапқыр болсан талас жоқ»

— бұл бөлімде ролдік ойын ойналады. Ортақ он ұпайдан беріделеді,қатесіне байланысты ұпайлары алынып отырады.

Алтыншы бөлім: «Тездет бірақ қателеспе»

— бұл бөлімде оқушылар бағдаршам және реттеушінің сигналдары туралы түсінгендерін таратылған парақшаларға жазып оны айтып береді. Осы арқылы оқушылардың сабақты қалай түсінгенін қорытындылаймыз.

Үш топтың ұпайларын есептеп, оларға ұпай сандары арқылы орын беру.

10мин

7мин

6 мин

10мин

2 мин

ІІІ. Қорытынды бөлім:

  • Оқушыларды бағалау;
  • Үй тапсырмасын беру(Реттеушінің сигналдарын оқып, мазмұндап келу);
  • Сұрақтарға жауап беру.
5 мин

Презентация Microsoft PowerPoint.pptx

Реклама