Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі

Сабақ: Сауат ашу Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

№ 12 бастауыш мектеп мұғалімі
Латыпова Нұрсауле Аманжолқызы

Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. Қ дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Оқушыларға Қ қ дыбысы мен әрпін таныту,оның сөз ішіндегі ерекшелігін меңгерту,сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Балалардың сөздік қорын, тіл байлығын,сөйлеу мәдениетін дамыту.

Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Ұқыптылыққа,таза,әдемі жазуға,дұрыс оқуға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , интербелсенді тақта
Тілдік құзыреттілік Қ дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

– Балалар, шеңбер болып тұрамыз:

Қайырлы күн!

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз,

Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз білім алу

Міндетіміз еңбектену

Еңбектену арқылы

Жақсыға қолды жеткізу!

Шаттық шебері
Білу: Алдыңғы оқылым

Сабақтың ортасы

10 минут

Түсіну

Қолдану

8 минут

Топқа бөліну. Балалар шеңбер болып тұрған орындарында жасыл, сары, қызыл түске боялған асықтар арқылы үш топқа бөлінеді.

Жасыл-зеленый-green

Сары-желтый-yellow

Қызыл-красный-red

— Әр сабақта, балалар, дыбыстармен жұмыс жасаймыз ғой.

Әріп дегеніміз не?

Дыбыстың таңбасы

Дыбыс?
Дыбысты біз естиміз, айтамыз, ал әріпті біз жазамыз, көреміз.

Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауысты, дауыссыз

Біз өткен дауысты дыбыстарды атайықшы

-Аа, Оо, Уу, Ыы

Ал, дауыссыз дыбыстар

Нн, Лл, Тт, Шш, Рр, Сс, Мм.

Алдыңғы оқылым

Сөздерге дыбыстық талдау жаса:

1-топ: Ырысты 2-топ: Мысық 3-топ: Шарлар

Балалар біз жаңа топқа не арқылы бөліндік?

Асық таңдау арқылы

Ендеше, осы «асық» сөзіне қарайықшы неше дыбыстан құралған?

Бізге таныс емес қандай дыбысты естіп тұрмыз?

-Ққ дыбысы

Қ дыбысын айтқанда тіліміз артқа тартылады, ерніміз созылады, тістің арасы ашық, тілдің ұшы астыңғы тіске тиеді, тілдің түбірі жұмсақ таңдайға тіреледі. Дем жоғары көтерілген тіл мен таңдай арасынан атылып шығады. Ққ дыбысы сөздің басында да, ортасында да, соңында да кездеседі. Қ дыбысы тілімізде өте жиі қолданылады.

Бейнеролик «Әріптер әлемі»

-Қандай сөздерді естідік?

1 Тыңдалым.

Бұл ненің суреті? (Жеміс)

Қандай жеміс?

Қарақат смородина currant

1-топ: Қарақат сөзінде қанша дыбыс бар? Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз?

2-топ: Қарақат сөзін буынға бөледі. Ққ дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр?

3-топ: Қарақат сөзіне сөйлем құрайды.

Суретпен жұмыс: Дастарқан басында кімдер отыр?

Осы суретте Ққ дыбысы кездесетін қандай заттар бар?

Қасық, құман, тақтай, қарт кісі ата, Қанат.

2 Оқылым

Қарамен жазылған сөздерді топқа бөліп оқу

Соңғы бағандағы сөзді әр топтан бір оқушыдан оқиды.

Асықтар

Тақтамен жұмыс

Бейнеролик

Слайд

Сергіту сәті

1 минут

Ойын ойнау «Кім жылдам?».

Тақтаға екі оқушы шығады.

А дыбысынан келетін сөз айтса қолымызды шапалақтаймыз

Қ дыбысынан келетін сөз айтса аяғымызды тарсылдатамыз

8 минут

Талдау

Қызықты тапсырма

8 минут

Жинақтау

3 Жазылым

Ққ дыбысының баспа жазба түрін көрсету

Ауада жазу

Тақтаға жазып көрсету

Оқушылар дәптерге жазады

№4 Суреттегі заттардың кімге тиесілі екенін тап.

Сәйкестендіру әдісі

Жұмыс құралдары: Қалақ, шеге, ара, балға
Ыдыстар: Шанышқы, қасық, қазан, тәрелке
Ойыншықтар: Қуыршақ, тауық, тышқан
«Түймедақ гүлі» әдісі. Гүл күлтелерінде буындар жасырылған. Оқушы лар таңдап, сол буындардан сөздерді құрастырып, тақтаға жазады.

1-топ: Қа нат да ла да

2-топ: Мы сық ау ла да

3-топ: Қа ра то ры ат.

Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы

Бағалау

5 минут

Рефлексия. Кері байланыс

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді, алған әсерімізді микрофон әдісі арқылы қорытындылаймыз

Бағалау

Микрофон
Реклама