Жас математик

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы

12 бастауыш мектеп мұғалімі

Латыпова Нұрсауле Аманжолқызы

Тақырыбы: «Жас математик»

Мақсаты: Оқушыларды ойлана білуге, тапсырмаларды тиянақты, тыңғылықты орындауға баулу, әділ шешім айтуға, бірлікке ынтымақтастыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

— Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, есептеу дағдыларын жетілдіру.

— Оқушылардың зейінін, ойлау, зерде процестерін дамыту. Қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, шығармашылық қабілетін дамыту.

— Дидактикалық, логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың ақыл-ой белсенділігін тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, мәдениеттілікке, тиянақтылыққа баулу.

Түрі: Жарыс сабақ

Әдістері:Сұрақ –жауап, түсіндіру, көрнекілік, демонстрация

Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер

Сайыс сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, қадірлі ұстаздар және оқушылар!

  • Қымбатты білім сүйгіш жас достар! Орыс ғалымы М.Ломоносов «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін –математика, сондықтан да оны оқу керек, » — деген. Олай болса, бүгін сендер қызықты, математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сендер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.

Жүргізуші: Сайыста сендерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар

ұсынылады. Сайыста жеңу үшін сендер белсенділік танытып,

берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің

керек.

Сайысымыздың бағдарламасымен таныс болайық:

  1. «Кел,танысайық» Сайысқа қатысушы әр оқушы өздерін таныстырып өтеді.
  2. «Кім жылдам?» Оқушыларға тапсырма жазылған парақшалар таратылады. Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қосу керек.
  3. «Сиқырлы шар» шарда жасырылған сұрақтарға жауап беру
  4. «Қар қиыршықтары» мысалдар беріледі. Өрнектің мәні 10-ға тең болса қар қиыршығын көк түске, ал егер өрнектің мәні 18-ге тең болса сары түске бояймыз.
  5. Қорытынды
  • Бүгінгі күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста дегендей сайысқа қатысушыларға сәттілік тілейміз!

  1. «Кел,танысайық» Сайысқа қатысушы әр оқушы өздерін таныстырып өтеді:

1 «А» сынып оқушысы: Жалғас Нұр

1 «Ә» сынып оқушысы: Конар Аяжан

1 «Б» сынып оқушысы: Алдабай Бақдәулет

1 «В» сынып оқушысы: Есмағамбет Мөлдір

1 «Г» сынып оқушысы: Көшербай Әсемай

1 «Ғ» сынып оқушысы: Калдыбай Жансая

1 «Д» сынып оқушысы: Рахмет Ақсәуле

1 «Е» сынып оқушысы: Дарибай Жантемір

1 «Ж» сынып оқушысы: Темірханова Толғанай

1 «З» сынып оқушысы: Сағындықова Арайлым

1 «И» сынып оқушысы: Эсен Жасұлан

2-тур: «Кім жылдам?» Оқушыларға тапсырма жазылған парақшалар таратылады. Жауаптары бірдей болатын мысалдарды сызықпен қосу керек.

30+20 40+40
18+2 13+2
14+5 100-50
90-10 6+6
10+5 10+9
5+7 16+4

3-тур: «Сиқырлы шар» шарда жасырылған сұрақтарға жауап беру

  1. 1 дециметр неше сантиметрге тең?
  2. Қосудың компоненттерін ата
  3. Азайтудың компоненттерін ата
  4. Массаның өлшем бірліктерін ата
  5. Бұлар қандай сызықтар?
  1. Бұлар қандай сызықтар?
  1. Қандай фигура?
  1. 100 бен 20 сандарының айырмасы нешеге тең?
  2. 50 мен 40 сандарының айырмасы нешеге тең?
  3. Ұзындықтың өлшем бірлігін ата
  4. 15 пен 20 сандарының қосындысы нешеге тең?

4-тур «Қар қиыршықтары» мысалдар беріледі. Өрнектің мәні 10-ға тең болса қар қиыршығын көк түске, ал егер өрнектің мәні 18-ге тең болса сары түске бояймыз.

20-(6+4) (50-30)-2
(40+20)-50 5+5+8
15-5+0 (20+2)-4
30-(13+7) 10+8
4+6+0 9+9+0
20-(2+8) 2+8+8

Қорытынды. Оқушылардың тапсырмаларын тексеріп, қорытындысын шығару. Жеңімпаздарды марапаттау.

Реклама