«Рухани жаңғыру ұлт болашағы»

Алматы қаласы Алатау ауданы

169 мектеп –лицей кітапхана меңгерушісі:

Султанова Лайла Султанқызы

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» Мұхтар Әуезов.

Қазіргі шарықтап дамып келе жатқан уақытта ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту. Қазақстан қысқа мерзім ішінде дамыған нарықтық экономикасы және азаматтық қоғамы бар өркендеген мемлекетке, халықаралық сахнада өз орны бар мемлекетке айналды. Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Қазіргі таңда бұл бастама елімізде кеңінен қолдау тауып отыр бала бақшалада, мектептерде, оқу орындарында, рухани жаңғыру тақырыбында көптеген іс шаралар жүргізілуде.

Бәсекеге қабілеттілікті дамытуымыз керек. Білім әлемдік, тәрбие ұлттық болуы керек, Әр халық, әр мемлекет ғасырлар бедерінде рухани жаңғырып, жаңарып отырады. Ал рухани жаңғыру мен жаңаруда білім берудің рөлі зор. Біз өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді сақтай, ескере отырып, әлемде болып жатқан жаңалықтарды қабылдай білуіміз керек. Бірнеше тіл білген өте маңызды деп ойлаймын. Ешқашан жадымыздан шықпас құт мекенімізді жадымызда сақтап, келер ұрпаққа жеткізіп отырсақ, олда бір борыштың өтелгені шығар…

Абай атамыз «Дүниенің көрінген сырын да, көрінбеген сырын да қатар игерген адам толық адам болады» деген екен.

Елбасының осы сөздерін толық қолдай отырып, рухани мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбиенің қайнарынан сусындап, биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсінемін.Әр адам өз мамандығын терең, жан жақты күнделікті ақпараттармен танысып тәжірбие алмасып отыру керек.

Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Өйткені, ой жүйесі терең, алыстан пайымдап, тереңнен тамырланған дүниетанымы кең адам ғана бәсекеге төтеп береді деген ауқымды ұғымды білдіреді. Ғаламның тылсым құдіретімен, айналаның іс-әрекетіне, заманның ағымына, тәрбиенің сапалығына байланысты бала санасына өмірге деген құштарлық, көзқарас қалыптасады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қарай қоғамда оңды өзгерістер көп болды. Елдің ертеңі мен ұлт болашағын жан-жақты тұлға ретінде қалыптасты. Жастарымыз басқа көз қараспен қарайды қазіргі таңда. «Жер жаһанның жұрты жапа-тармағай үйреніп жатқан ағылшын тілін біз де жедел үйренуге тиіспіз»

Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету.

Реклама