Елбасымен біргеміз

Өз елінің салтын сүйіп, халқын сүйіп,

Қасиетті ана тілін, дінін сүйіп.

Ақылмен жылға бел буа жаңа іспен,

Білек сыбана жеңді түріп кіріскен.

Серпіліс пен батыл қадам жасауда

Егеменді ел-халқының қолдауында.

Әр жылғы жолдауымен сілкіндіріп,

Бірінші болып істі алға бастауда.

Невада-Семей сынағына шек қойып,

Әр ұлттың біріктіріп басын қосып,

Бейбітшілік жолыменен нық басып,

Дара туған қазақтың ол данышпаны.

Ел басқару, басқа елге үлгі болу оңай ма?

Барлық ұлттың өкілі біртұтасқан қоғамда.

Тұғырлы туыменен қандастарым

Елім деп менің көрсетуде баршаға.

Пырақтатып, қырандатып тұлпарлата,

Қазақ атын, дінін, салтын ұлықтата,

Нұрлы жолда бірге болып Нұр ағамен,

Біргеміз бір шаңырақта Елбасымен,

Ие болып әлем елдері ілтипатына,

Қазақ елі көш бастады Ер ағамен.

Құбылмалы мына заман талабы

Ел-жұртымен бірге болу арманы.

Біріктіріп сара жолға салғаны,

Жас жеткіншек өскелең ұрпақ үшін.

Нұр ағам қазақ елін көркейте алды

Керегесін кең етіп құшақ жайды.

Бауырларға әр тараптан жол ашып,

Қандастарым өз еліне қоныстанды.

Қазақтығын бар әлемге жеткізген

Ұрпақтарын тұлпарларға мінгізген.

Білімді ұрпақ қазіргі заман талабымен,

Білім шыңдау асуларын көрсеткен.

Қол жеткізіп шындық жырын жырлауда,

Жалпыұлттық татулықты қолдауда.

Рухын төмендетпей ұрпақтардың,

Шет елдерде білімдерін шыңдауда.

Салиқалы саясаты аясында Қазақстан!

Өркениет елдерін мойындатқан Қазақстан!

Тұрақтылықты алға қойған жан аға

Қиындықты жеңе білген дара тұлға.

Ұлы тұлға, дана тұлға ер тұлға

Бас иемін ол данышпан ағама.

Бар әлемнің басын қосып өз елінде,

Бейбітшілік жолында ол бастауда.

Нұр аға қазыналы ұлан байтақ далада

Интеллектуалды ұлт болашағын қалауда.

Тек қана алға Қазақстан!- Тек алға

Болайық дамыған 50 елдің қатарында.

Таң қаласың қазақ елі гүлдене өзгергенін,

Қолдауда ол елді-мекен гүлденгенін.

Мақсаты мен міндетіне нық басып,

Қаламайды ол тұраламай жүргендерін.

Туын тікті қазақ елі бағына

Ескі дауы ақталды ата-баба рухына.

Ұлағатты өнегесі көрегендік еңбегі

«2030» деп болжанды ел ертеңі.

Тұрақты экономикалық бай елім деп,

Азат ел деп, менің туған жерім деп,

Аттан қазақ кезің келді сенің деп,

Елбасымен молшылыққа жетейік!

Қайран қазақ осындай елбасыңмен,

Алшаң басып еркіндікпен жүрсең сен.

Жол бастады жасампаз аға болашаққа

Бірге асайық оның жарқын жолымен.

Нұрсұлтанмен тәуелсіз ел тікті еліміз

Нық сеніммен болашаққа сенеміз.

Терең ойлап кеңейтіп тарих беттерін,

Жас елімнің ұл-қызына сенеміз.

Ұлылардың ұрпағы болып өтейік

Ой қалдыра сөз қалдыра өлейік.

Ертеңіме еселеген сеніммен,

«Президент» -Тірегім деп сенейік.

Аңсағаным, арманым түсінейік қазағым

Қуаттап күш берейік Елбасына қазағым.

Тынбай гүлдеу, тынымсыз ілгерілеу,

Қанымызда бар ғой бізде қазағым.

Өлеңді шығарған: Жұмабек Сатқарбек Таңатбекұлы.
Сарат орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Ақтөбе облысы, Әйтек би ауданы.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.