Білімнің қайнар көзі — мектеп кітапханасы

Алматы қаласы Алатау ауданы

№ 169 мектеп-лицей кітапханашысы

Кітапханашы Садыбаева Фаризада

Кітапхана-дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнықта мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.

Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. Кітап-адам өмірінде маңызды орын алады. Ол елді, жерді сүюге талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды.

Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз.Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде.

Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады.Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады. Мысалы: «Мектеп пен сынып намысы дегеніміз не?» пікірталас, «Тіл тағдыры-ұлт тағдыры» кітап көрмесі, «Қарттарым асыл қазынам» мерекелік кеш. Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда.

Өмірде бар нәрсе өзгерді, тек кітапхана халық қажетіне жарап , ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай, келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш- білім және білімді ұрпақ.

Білімді ұрпақ-егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз.Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық,батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық, рухани, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет.

Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі-мектеп кітапханасы. Кітапханалар сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне , жеріне деген сүйіспеншілігінің артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері-халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет.

Ел президентінің «Қазақстан -2030» бағдарламасында «XXI ғасырда білімсіз мүмкін емес»

Халықты салауатты да сауатты бағыттауымыз

керек деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма тәрізді. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы-мектеп кітапханасының алар орны зор.

Оқу процесін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын-оқу кітапханасы. Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып, сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапхана болып табылады. Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып , кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптар мен жұмыс жасай білуге үйрету-кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі.

Кітапхана қызметкерлері кітапханада және кітапханадан тыс көркем әдебиеттен бастап, баспа түріндегі немесе электрондық ақпараттар түрлеріндегі әртүрлі кітаптарды және ақпараттар көздерін пайдалануға көмектеседі. Себебі бүгінде білімнің қайнар көзі кітапханада. Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр.

Сондай-ақ мекемелер жүйе арқылы «Интернет мектепке» бағдарламасына сәйкес компьютерлендірумен бірге, мектепті интернет жүйесіне қосылу процесі жүзеге асты.

Кітаптың әлемдік өркениетке үлесі шексіз. Қазіргі кезде интернет , теледидар, радио, басқа да ақпарат құралдары кітаптарды ығыстырып бара жатқандай әсер қалдырды. Алайда кітапты ешқандай жаңа технология ығыстыра алмайды.Өйткені адамның жан-дүниесін, армандары мен сезімдерін психологиясын кітаптай ешнәрсе жеткізбейтіні анық.

Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу аудио, видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып, алған білім мен сауаттылықтың орны ерекше.

Реклама