Балалық шаққа барар жол бар ма екен….

Келмеске кеттің-ау, балалық шағым,

Сағындым мен! Мен сені сағындым.

Қуаныш болып, мұң болып бірде.

Елес болып кіресің түсіме де.

Уайым қайғысыз неткен өмірсің,

Жылғадан аққан судай өмірсің.

Сағыныш өмір мәңгі солай боп,

Қалатын әсте көктем өмірсің.

Көктеммен бірге келмейсің бірақ,

Кеттің де менен алысқа ұзап.

Сағынам енді көп жылдар сені,

Оралмайсың күтсем де ұзақ.

Сенде кетті өмірімнің қырлары,

Өмірдің көп қой мен білмейтін сырлары.

Соқса да өмірдің мынау ызғары,

Саған оралғым келеді де тұрады.

Саған оралғым келеді де тұрады.

Сағынсам сол кез ойланам бір сәт,

Көңілді күй боп қағасың

Еске алсам сағым жол бір сәт,

Жаныма майдай жағасың.

Бала кезімді ойлантасың да.

Шала кездерді ойға саласың да.

Жылжи берсем өмірде мынау,

Шежіреге өмір айналасың да.

Балалық шағым шала кезім мерекем,

Сенде негізгі бала кезім бақ-берекем.

Балалық шақтың берері көп қой, берері

Сағыныш сыйлап кетеді екен себебі.

Өлеңді шығарған: Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарат орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жұмабек Сатқарбек Таңатбекұлы

Реклама