Арманы асқақ талантты оқушы – Көкешбай Шыңғыс Мұ хитұлы

ОҚО, Созақ ауданы, Бабата ауылы, М.Маметова атындағы
жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2-сынып оқушысы Көкешбай Шыңғыс Мұхитұлы
Жетекшісі: Сарсенова Лайла Бағдатқызы

Алғыс айтам өзіңе

Бабатадан шыққан небір асылдар

Әншілер мен жазушылар ақындар

Соның бірі Тәкен атам Әлімқұл

Жырдан маржан төгетұғын ақын жан.

Мәскеу асып жетті білім көзіне

Адал еңбек етті халқым өзіңе.

Құнды-құнды еңбектерін қалдырған

Тәкен атам алғыс айтам өзіңе.

Атама

Аташым ақылшым, жанашырым,

Жағдайдың жасадың барлық түрін.

Сіз барда өсеміз, өркендейміз,

Өзіңмен қызықты әрбір күнім.

Қайырмасы:

А-а-а-а-ай

Асқар тау аташым-ай,

Қамқоршы баласына-ай.

Әрдайым бізбенен жүре бер,

Ғұмырың болсыншы бір ғасыр-ай.

Біздерге назар сал о жаратқан,

Тілеген қабыл ет тілекті аллам,

Өсірген біздерді апатайдың.

Көрмеген қызығын көрсінші атам.

Ағайындарға арналған

Барғанда бауырым деп сыйлайтұғын,

Ешқашан жамандыққа қимайтұғын.

Ағалар мен апалар аман болсын,

Әрқашан біздің жайды ойлайтұғын.

Нағашыларға арналған

Барғанда ауылына нағашымның,

Жылуын сезінерсің жанашырдың.

Тәттісін өзі жемей бізге тосқан,

Нағашылар әрқашанда аман жүрсін.

Реклама