Сабақ тақырыбы: Сәукеле тігу

Қызылорда облысы, Арал ауданы № 59 орта мектеп

Технология пән мұғалімі: Кемалова Жансия Кемаловна

Сабақ тақырыбы: Сәукеле тігу.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Оқушыларды қазақ халқының ұлттық киімдерімен таныстырып, шығу тарихын әңгімелеу. Оқытуды ұйымдастыруға оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Күтілетін нәтиже: Тапсырмаларды дұрыс құруға, көргенін жасай алуға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады
Модульдің кіріктірілуі және әдіс: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқудағы бағалау. АКТ, постер қорғау, «ойлан- жұптас- бөліс», түсіндіру, көрсету, қызығушылық ояту, сарамандық
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, бейнелеу
Сабақ барысы: Мұғалімнің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті Ресурстар
Ұйымдастыру Оқушылармен амандасу, түгелдеу Амандасу
Сабаққа дайындықтарын тексеру
Психологиялық кезең: Тренинг Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді

Сыныпта ынтымақ ахуалы қалыптасады

Гүлдер
Түс арқылы топқа бөлу.

Топ ережесімен таныстыру

І топ: ақ гүл

ІІ топ: сары гүл

ІІІ топ: қызық гүл

ІV топ: көк гүл

Ақ, сары, қызыл, көк гүлдер
Бағалау критеримен танысу
Бағалау парақшасын түсіндіреді Бағалау парақшасы Бағалау парақшасы
Үй тапсырмасын тексеру. Білу және түсіну Постер қорғау.

1.Қағаз және қатырма қағаз

2.Матамен жұмыс

3.Табиғаттағы табиғи материалдар

4.Ұлттық киімдер

Оқушылар тақырыптар бойынша постер қорғайды. Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады. Плакат, маркер
Тұсау кесер. Мағынаны тану Сөзжұмбақ жасыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу Оқушылар сөзжұмбақты шешеді. Сөзжұмбақ
Сәукеле- ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі, әрі әсем баскиім. Сәукеле 2-3 қарыстай биік, төбе жағына қарай жіңішкере бастайды. Жоғары жағына желек және үкі тағылады. Сәукеленің өне бойы қымбат маталармен қапталып оның сыртын алтын, күміс, інжу, маржан, меруерт, лағыл сияқты тастармен безендіреді. Сәукеленің жиегін құндызбен көмкереді. Бастан қисайып кетпес үшін құлақ тұсынан омырауға жететін құлақша тоқып, әшекейлейді. Дәптермен жұмыс

Бағалау парақшасына әр оқушы сабаққа қатысу балын қойып отырады.

Оқушылар жаңа сабақты тыңдайды.

Қызығушылықты ояту Суреттер, дайын бұйымдардың жасалуын түсіндіреді Оқушылар суреттерді, дайын бұйымдарды көреді. Түсінеді. Суреттер. Дайын бұйымдар
Теориялық және сарамандық жұмыс
  • Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру
  • Жұмыстың орындалу реті

1.Сәукеленің биіктігі 20 см, диаметрі 46 см деп өлшеп, қатты қағазға түсіріп, конус тәрізді пішін қиып аламыз. Конус- негізі.

2.Мата бетіне үлгіні бормен сызып, қиып аламыз.

3.Матаны теріс жағынан тігеміз.

4.Жиегіне 3 см мақта желімдейміз.

5.Тоқыма жіптен үкі қадаймыз.

  • Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

Оқушылар жұмыстың орындалу ретімен жұмыстанады.

Әр топ бір сәукеле жасайды.

Қауіпсіздік ережесі.

Қажетті құрал-жабдықтар: қатты қағаз, қызыл барқыт мата, ақ түсті тоқыма жіп, мақта, желім, қайшы, ине-жіп, сызғыш, қарындаш, бор.

Ой қозғау. «Ойлан- жұптас-бөліс» «Менен сұрақ, сізден жылдам жауап» Оқушылар сұраққа жауап береді. Сұрақтар
Қорытындылау Мұғалім әр топтың оқушылары дайындаған сәукелелеріне әр топқа сыни көзқарас пікірлерін айтқызады.

Екі жұлдыз бір ұсыныс айтады.

Әр топ оқушылары тігілген сәукелелерге сыни көзқарас пікірлерін айтады.

Екі жұлдыз бір ұсыныс айтады.

Оқыту үшін және оқу үшін бағалау Мұғалім оқушыларды бағалайды. Ұйымшыл топтарды мадақтап, жұлдызша береді. Топ басшысы бағалау парақшасындағы балл бойынша өз топ мүшелерінің бағаларын айтады.
Рефлексия Не сәтті болды, не сәтсіз болды, нені жақсарту керек ? Оқушылар сабақ барысын «басбармақпен» бағалайды.

Оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып пирамидаға жабыстырады.

«Пирамида» стикер
Үйге тапсырма Мата, жіп, ине, қайшы, қатты қағаз, бор
Реклама

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.